Әрбір адамның өз қалауынша слайдтардың бір-біріне тәуелсіз мынандай элементтерін тағайындауға болады:
Слайд белгіленуі. Слайд белгіленуі ретінде слайдқа орналастырылған мәтін, сурет, диаграмма формасын айтуға болады.
Түрлі түстер схемасы. Түстердің кең мөлшерлі спектрінен кез келген түсті таңдау мүмкіндігін береді.
Фон. Слайдтағы түстер тен бір түсті ғана болуы міндетті емес. Палитрадағы ұқсас түстердің бірінен басқасына біртіндеп ауысуға болады. Сондай-ақ, бір түстің өзін вариациалық түрде қанықтыра отырып, түстің әр түрлі өрнектерін шығаруға болады.
Слайдтың осы элементтері, яғни слайд белгіленуі, түрлі түстер схемасы, фонды үйлесімді түрде өзгерте отырып, өз шаблонымызды құруға болады.
2.3 Түрлі түстер схемасы
Түрлі түстер схемасы әрбір шаблон компоненттерінің бірі болып табылады. Ол презентацияның әртүрлі элементтерін безендіруге арналған реттелген сегіз түрлі түстер тізбегінен құралған. Түрлі түстер схемасында слайдтардың бірінші орында тұрады, қалған жеті түс фонның үстінде орналасқан мәтін, диаграмма және басқа объектілерді безендіруге арналған. Формат – Түрлі түстер схемасы командасын орындағанда ашылған сұқбат терезенің Стандарттар ішкі бетінде схеманың қажеттісін таңдау мүмкіндігі бар.
2.4 Фондық түстерді өзгерту
Фонды таңдау үшін слайдтар режімінде Формат – Фон командасын орындаймыз. Тізімді ашу батырмасында тышқанды шертсек, фон түстері көрінеді. Таңдаған фондық түсті үлгіден көре отырып, тағайындай аламыз.
Таңдау батырмасын шерткенде небары сегіз түс көрінеді. Бұл түстер бірін-бірі толықтырады және көп жағдайларда слайдты безендіруге жеткілікті болады. Бірақ, бұдан да басқа түстерді пайдалану мүмкіндіктері бар. Ол үшін осы тізімнен Қосымша түстер өрісін таңдаймыз. Бұл кезде қосымша сұқбат терезе ашылады, Спектр деген ішкі беттен тұратын бұл сұқбат терезеде кәдімгі немесе спектрден түсті таңдай отырып, жаңа түс дайындауға болады.