Microsoft PowerPoint программасы 2 Презентациялар құру 2


Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру



бет2/8
Дата15.11.2023
өлшемі27,14 Kb.
#123560
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
реферат сонгы ау чот

1.2 Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру


Презентация құру кезінде автомазмұн шебері таңдалса, жаңа проезентация, белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады. Бұл кезде презентация мазмұны автоматты түрде жасалады.
Автомазмұн шебері көмегімен :
Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;
Қызмет бабы бойынша баяндамалар;
Мекеменің жұмыс істеу жөнінде мағлұмат;
Сауда-саттық және маркетинг жөнінде іс есептер;
Жеке хабарламалар сияқты тақырыптарды кеңінен ашуға арналған алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен таңдап, өз презентациямызды құра аламыз. Microsoft PowerPoint программасы іске қосылғаннан кейін пайда болған сұхбат терезеде - Автомазмұн шеберінің ішінен - өрісін таңдағанда Автомазмұн шебері іске қоылады.
Дайын болған презентациядағы мәтіндерді өз ыңғайымызға қарай өзгертіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдеу элементтерін қолдана аламыз. Автомазмұн шеберін презентациямен жұмыс істеп отырған кезде қосу қажет болса, Файл – Құру командасын орындап, ашылған сұқбат терезенің Презентациялар ішкі бетінде Автомазмұн шебері шарт белгісін шерту жеткілікті.






1.3 Шаблондар көмегімен және бос презентация құру


PowerPoint программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегінен басқа тағы екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі алдын-ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады. PowerPoint программасының бір ерекшелігі осы екі жағдай да, құрылған презентацияны, алдын ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түріне алмастыруға болады.
PowerPoint программасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып, өз презентациямызды құруға болады. Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін PowerPoint программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опция таңдалғаннан кейін Жалпы, Презентациялар дизайндары, Презентациялар, Web-парақтар астарлы беттерінен тұратын, Презентация құру сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезеде Файл – құру командасын орындағаннан кейін де ашылады Сұқбат терезенің оң жақ шетінде үш батырма көмегімен презентациялар тізімінің ірі шарт белгілер, ұсақ шарт белгілер және кесте түрінде көруге болады.
Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекетін:
PowerPoint программасын іске косу мезетінде экранда пайда болған сұқбат терезенің Құру өрісіндегі Жаңа презентация опциясын таңдау арқылы;
Файл – Құру командасын орындағанда ашылған сұқбат терезенің Жалпы астарлы бетінде Жаңа презентация шарт белгісін таңдау арқылы;
Стандарттар саймандар тақтасындағы Құру батырмасында тышқанды шерту арқылы орындауға болады. Осы әрекеттердің бірі орындалған соң экранда слайд құру сұқбат терезесі ашылады.
Презентация слайдтарынқұрастыру, үйлестіру схемасын таңдау әрекетін Слайд құрусұқбат терезесінде жүзеге асыруға болады.
PowerPoint программасында слайдтар белгіленуінің 24-түрлі варианты бар. Осы варианттар ішінен өзімізге қажеттігін таңдаған соң, тышқанның сол жақ батырмасын таңдаған варианттың үстіне әкеліп екі рет шертеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет