Microsoft PowerPoint программасы 2 Презентациялар құру 2


Құрылымдық режимде жұмыс істеу ерекшеліктері



бет5/8
Дата15.11.2023
өлшемі27,14 Kb.
#123560
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8

1.6 Құрылымдық режимде жұмыс істеу ерекшеліктері


Құрылымдық режим презентацияның негізгі бөлімдерін жоспарлау мен ұйымдастыруда өте ыңғайлы. Бұл режимде презентациядағы мәтіндер толық көрінетін болғандықтан, оның мазмұнын анықтап, тексере отырып, өз қалауымызша өзгерте аламыз. Осы режимге көшу үшін, Құрылымдық режим батырмасын шерту жеткілікті.




2. Презентацияларды безендіру


PowerPoint программасында презентацияны безендіру үшін көптеген фондық өрнектер, слайдтарды эффектті түрде ауыстыру әрекеттерін орындау мүмкіндігі бар. Презентация слайдтарын шаблон арқылы және өз қалауымызша безендіре аламыз. Презентацияны шаблон арқылы безендіру кезінде, барлық слайдтағы элементтер арнайы бір түрлі түстер схемасына сәйкес болады. Ал өз қалауымызша слайдтың безендіру элементтерінің түстерін, құю тәсілін таңдай аламыз. Сондай-ақ, слайдқа енгізілген объектілер, диаграммалар безендірілуін де өз қалауымызша орындай аламыз. Ал, басқа программалардан буферге алып, енгізілген объектілерді сол программаның өзіне қайта оралып безендіруге тура келеді.


2.1 PowerPoint программасында дайындалған презентацияларды шаблон арқылы безендіру


Слайдтарды безендіру үшін арнайы шаблондарды пайдалануға болады. Құрылған бос презентацияны безендіру үшін немесе шаблон арқылы құрылған презентацияның безендірілуін басқа түрге ауыстыру қажет болса, Стандарттар саймандар тақтасындағы Безендіруді қолдану батырмасын шертеміз немесе Формат – Безендіруді қолдану командасын орындай аламыз. Осы мезетте экранда арнайы бір түстік гаммаға сәйкес келетін, форматталынған мәтін және графикалық элементтерден тұратын бірнеше шаблондар орналасқан Безендіруді қолдану сұқбат терезесі ашылады. Сұқбат терезенің оң жақ шетіндегі үлгіден қарап отырып, қажетті шаблонды таңдап алған соң, Қолдану батырмасын шертеміз. Автомазмұн шебері көмегімен құрылған презентацияны да осы әрекеттерді орындай отырып, басқа шаблон түріне ауыстыра аламыз.
PowerPoint программасында шаблондар тізімінен таңдай отырып, безендіру арқылы, презентацияның барлық слайдтарына бірдей түс және фонның түрлерін бере аламыз. Бұл кезде презентацияның барлық слайдтарына сол таңдалған шаблонның безендіру элементтері тағайындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет