тарапынан адам ойының ерекшеліктері: тереңдік, кеңдік, жылдамдық және
икемділік қызығушылық тудырады.
Тереңдік – адам ойының аналитикалық мінезін, талданып жатқан
жағдайдың ішінде себеп-салдар байланыстарын іздеуді сипаттайды. Адам
бұл кезде қоршаған элементтерден абстракциялануы мүмкін. Мұндай
адамдарға басқару шешімдерді
дайындаудың аналитикалық әдісі тиімді
болады.
Кеңдік – ойдың синтездік мінезін сипаттайды, мұнда адам талданып
жатқан жағдайдың рөлін қызметтің жалпы сценарийінде бағалай алады.
Ойдың кеңдігі сценарийлер әдісін және «шешімдер ағашы» әдісін тиімді
қолдануға көмектеседі.
Жылдамдық – берілген компанияда қабылданған орта деңгейне қатысты
тапсырманы орындау уақытымен анықталады. Қызметкер басқалардан гөрі
жағдайды тезірек түсіне немесе тиімді шешімді тезірек әзірлей алады. Ойдың
жылдамдығы көптеген нұсқаларды қарастыруға көмектеседі, бұл басқару
шешімдерді
дайындау мен жүзеге асырудың эвристикалық әдістерінде қажет.
Достарыңызбен бөлісу: