отыруға мүмкіндік береді. Басқару қызметінің нәтижелілігі қолданылатын
әдістерге, процедураларға, нысандарға, лауазымды тұлғалардың білім-
біліктілігіне, қабілетіне, талантына байланысты екені белгілі. Практикалық
қызмет талданып, ой елегінен өткізілмесе, оны жетілдіру қиындық тудырады
және керісінше, теориялық ой-пікірлер тәжірибе жүзінде туындап және онда
жүзеге аспаса, олар тек тілек түрінде ешбір нәтижесіз қалып қояды.
Сондықтан басқару қызметінің шығармашылық, ізденгіштік, практикалық
тұстарын бірге қарастырған жөн.
Басқару қызметін ұйымдастыруда ұжымдық (коллегиялық) нысан кеңінен
қолданылуы тиіс. Басқару ақпаратының күрделілігі және көп түрлі болуы,
басқару
үрдістерінің
өзгермелілігі,
шешілуін
күтетін
мәселелердің
кешенділігі, жүйелік өзара байланыстылығы жағдайында басқару қызметінің
аталмыш нысаны оның ұтымдылығының негізгі алғышарты болып табылады.
Тек мазмұны жағынан әр түрлі білімнің, біліктіліктің, тәжірибенің бірігуі,
сан қилы мақсаттарды, мүдделер мен құндылықтарды, себеп-салдарларды
жан-жақты ескерудің нәтижесінде ғана тиімді басқару шешімдерін немесе іс-
әрекеттерін әзірлеп, жүзеге асыруға болады.
Басқару қызметінің жағдайы мен сапасын талдау және бағалау басқару
стилін жетілдірудің келесі бағытын құрайды. Оның басты мақсаты –
басқарылатын үрдістер жөнінде шындыққа жанасатын мәліметтер алу
негізінде қабылданатын басқару шешімдері мен жүзеге асырылатын іс-
әрекеттердің тиімділігін қамтамасыз ету.
Басқару қызметкерлерінің қоғаммен, әр түрлі ұйымдармен, топтармен,
бірлестіктермен байланыстарын күшейтудің де басқару стилін жетілдіруде
маңызы зор. Лауазымды тұлғалардың азаматтармен өзара байланыстар,
қарым-қатынастар орнатуы арқылы басқару тікелей қабылданып, кездесу
барысында алған әсер негізінде басқарудың мән-мағынасы айқындалады.
Басқару қызметкерлерінің саяси, басқару және құқықтық мәдениетін
арттыру да басқару қызметінің стиліне өзінің әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: