Көшбасшылық
тыңстиліжәнесипа
ттамасы
Авторитарлы
Демократиялы
қ
Либералд
ыlaissez - faire
Шешімдерқабылда
утәсілі
Көшбасшыныңөзі
мендетерминацяланад
ы
Мәселелертоппенн
ақтыталқыланады,мұнд
акөшбасшыреттегішжә
нетезегішрөлінатқарад
ы
Анархиялық
Көмекшілердіңбелс
енділігіжәне
технология
Көшбасшығатүге
лжәнеқатаңбағынған
Бағыныштыларше
шімдіталқылаукезеңінд
ежеткіліктібостандыққа
ие,шешімқабылдауданк
ейін,
көшбасшышешімдііскеа
сыруүрдісініңөтеальтер
нативтітәсілдерінің 2
немесеодан да көп саны
Процедурал
ықжоспардағыкө
пнұсқалылық,
шешімқабылдауд
абақылаудыңжоқ
тығы
Қабылданғаншеші
мніңатқаруформасыжән
етоптыңәрбірмүшесінің
әрекетініңрегламентаци
ясы
Шешімдіқабылда
уформасыныңқатысы
ндақаталбасқаружәне
жекетұлғағадейінгібақ
ылау
Топ
мүшелерінешешімдіатқ
арукезінде форма
таңдау да еркін топ
ішіндегі демократия
оныңмүшелерініңөз-
өзініңұйымдастыруфор
масы
Көшбасшын
ыңайтқандарыны
ңтүгелдейдерлік
жоқтығы
Топтыңәрбірмүшес
ініңәрекетініңарақатын
асындағы критика
жәнерұқсатбермеу
Көшбасшыбағын
ыштыларынақатысты
қатал критика
жәнеөтеқатаңтиымдар
дықолданумүмкіндігі
неие
Топтыңәрбірмүшес
ініңәрекетіне
«объективті » қатысы,
жұмыстыңнақтынәтиже
сінебайланысты
Көшбасшын
ыңөзкөмекшілері
ніңәрекетінетолы
қкенетжағдайлы
лық,
белгісізтиымдард
ыңіскеасырылуы
ныңболжамсызм
үмкіндігі
1 кесте – Көшбасшылықтың негізгі стильдері
Американдық психолог Курт Левин (1890-1947 жж.) директивті
басқарудағы қызметті ең өнімді деп санаған. Демократиялық басқару ең көп
тараған және өнімділік пен сапа көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік
туғызады. Басқарудың либералды стилі барлық жағынан нашар болып
шықты. Левин мінез-құлықтық бағыттың өкілі болып табылады, ce6e6i оған
дейін басқару тиімділігін басқарушының жеке қасиеттерімен емес,
бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс-тұрыс үлгісімен анықтайтын
тұлғалық және жағдайлық теориялар орын алған болатын. Осыған
байланысты стильдер автократиялық және демократиялық болып жіктеледі.
Авторлар сәйкесінше оларды «барлық күш-жігерін жұмысқа жұмылдырған»
және «барлық күш-жігерін адамдарға бағыттаған» деп бөледі.
Эксперимент негізгі сын-пікірітерминдер екіұштылықпен қолданылғаны
жайлы болды. Әлеуметтік психология дәстүрінде көшбасшылық стильдерден
гөрі
басшылық
стильдер
мәселесі
зерттеледі.
Экспериментте
осы
тақырыптағы эксперименттерге тән терминдерді қолдануға қатаң шектеулер
жоқ [3].
Барлық күш-жігерін жұмысқа жұмылдырған басшы үнемі мәселенің
дұрыс қойылуы мен еңбек өнімділігін арттыру жайлы ойлайды. Ал «барлық
күш-жігерін адамдарға бағыттаған» басшы еңбек өнімділігінің өcyiн тек
адами қатынастарды жетілдіру жолдары арқылы ғана өз мақсаты етіп кояды.
Бірақ басшы тек жұмысқа ғана өз назарын аударып, қызметкерлеріне
мүлдем көңіл бөлмеуге болмайтындығы кейіннен белгілі болды. Ол қандай
да бір дәрежеде адами қатынастарды ынталандыруға, карамағындағылардың
қажеттігін қанағаттандыруға мәжбүрлі. Авторитарлық бағыттың да, адами
қатынастар позициясы нұстанушылардың да жақтаушылары бар. Бұл екі
бағытта тәжірибе жүзінде оң қолдауға ие болды және олар жұмыспен
қанағаттанушылық жоғары еңбек өнімділігінің болуымен бағаланады.
Алайда, тәжірибе жүзінде бұл көрсеткіштердің өсуін қандай да бір стильмен
байланыстыруға болмайды. Жұмыспен қанағаттанушылық пен еңбек
өнімділігінің жоғары болуы авторитарлық басқарудың нәтижесінде және
керісінше, қарама-қарсы нәтижелер демократиялық басқару стилінде де
болуы мүмкін.
Нақты өмірде аталмыш басқару стильдерінің ешбірі де таза күйінде
көpiнic таппайды. Ешбір басшының мінез-құлқынан (жүріс-тұрысынан)
аталған үш стильдің барлығына тән жалпы ерекшеліктерін кездестіруге
болады. Әртурлі адамдар мен ұжымдарды басқаруға сәйкес келе беретін
әмбебап басқару стиліжоқ. Көбінесе олар ұштасып, сабақтасып, кандай да бір
стильдің басымдыққа ие болуымен сипатталады. Дегенмен мемлекеттік
баскарудың демократиялық стилінің мақсатқа сай, нәтижелі және
перспективалы екендігін тарихи тәжірибе керсетіп отыр. Бұл стиль
басқарушылық процестерді тұрақтандыруға және сол арқылы ұтымды
әpiтиімді коғамдьқ дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Басқару стилінің типі қалыптаспаған, сондықтан да шетелдік және
отандық
әдебиеттерде
оның
өзі
түрліше
жіктеледі.
Бізде стильдің он шақты түрлері кездеседі. Практикада (күнделіктіөмірде)
басқару стилінің үш түрі жиі кездеседі: авторитарлық немесе автократиялық,
демократиялық және либералдық. Авторитарлы стиль басшының ролін асыра
пайдаланумен
байланысты.
Биліктің
ортақтандырылуымен
(приверженностью к единоначалию) сипатталады. Жетекшіліктің бұл
стилінде қоластындағылардың бастамасы мен өз болуын шектейтін асыра
талап қоюшылық сипаттас. Жетекшілік түсінік беру әдістері, пайымдаумен
емес, күштеу әдістерімен іске асырылады.
Өкінішке қарай, заманғы жас басшылардың көпшілігі осылай ойлайды
және ситльді таңдайды. Бұл стиль үлкен біліктілі қызметкерлер ұжымында
төмен нәтиже береді.
Либералдық стиль басшының өзіне бағыныштылардың жұмысына
араласпауымен сипатталады, орындаушылардың тапсырманы орындамаған.
Әрине, өмірде аталған стильдердің арасында айқын шекара жоқ.
Сонымен, басқару стилі — бұл басқарушылық бағынушыларға деген
үйреншікті үлгілі тәртібі, яғни ұйымның өз мақсатына жетуі үшін әсер етуі
мен оларды оятуы. Басқарушы өзінің биліктілігін жүргізетін дәрежеге дейінгі
өзіне де қолданылған биліктің типтері және бұлардың бәрінен бұрын оның
адамгершілік
қарым-қатынас
жасауға
немесе
міндетті
орындауына
қамқорлылығы. Осының бәрі басқару стилін көрсетіп, аталған лидерді
сипаттайды./4,12 б./
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ахтаева Н.А. Басқару психологиясы. –Алматы: Қазақ университеті.
2018 .
2. Гришина Н.В. Я и другие. Общение в трудовом коллективе. М., 2010 г.
3. Панасюк В.Ю. Управленческое общение: практические советы. М.,
2010 г.
4. www. psychology.academic.ru
5. www. bse.freecopy.ru
6. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», 2017ж.
7. Н. Іргебаева. Басқару психологиясы. Оқулық. -Алматы: ҚазҰПУ. 2015.-
356 б.
8. А.Д. Умбеталиев, К.Б. Сатымбекова, Ғ.Е. Керімбек. Басқару
психологиясы. Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2017. - 464 б.
9. Р.Н. Бегайдарова. Ұйымдастыру теориясы. Оқу құралы. -Алматы : Book
Plus, 2014. - 202 б.
10. В.С. Иванова. Психология управления. Уч.пос. - Томск:из-воТомПУ.
2011.- 88 с.
11. Корпоративті басқару: қазақстандық мазмұн. Оқу құралы. С.А.
Филиннің жалпы редакциясымен – Алматы, 2010ж., 302 б.
12. Корпоративтік этика. Компанияның Байқау кеңесінің 2016 жылғы 10
қазанындағы (№32 хаттама) шешімімен «СҚ-Фармация» ЖШС
Корпоративтік этика кодексі бекітілді
|