Авторитаризмнің кемшілігі - басқарушылар мен орындаушылардың
қарсыластығы, қол астындағылардың жоғарыдан түскен шешімдерге деген
ішкі қарсылығы.
Левиннің
айтуынша,
басшылықтың
авторитарлық
стилі
қол
астындағылардың тарапынан «төңкеріс» қаупін тудырады. Бұл қаупінің болу
ықтималдығы неғұрлым жоғары болса, басшысының авторитарлық сипаты
да жоғары байқалады.
Демократиялық
Левин сипаттаған демократиялық стиль авторитарлық басшылықтан
мүлдем
өзгеше.
Осы
үлгіні
ұстанатын
басшылар
өздері
шешім
қабылдамайды, және ол шешім ұжымдық пікірталас процесінің нәтижесінде
пайда болады; бұл жағдайда басшы қол астындағыларға кеңес беретін және
қажет болған жағдайда түпкілікті шешімге араласатын маман ретінде әрекет
етеді.
Көптеген адамдар авторитарлық және «laissez-faire» стильдерінен гөрі
демократиялық басшылықты, әсіресе оларда осы стильдердің біреуімен
нашар
тәжірибе
болған
жағдайдан
кейін
артық
көреді.
Алайда,
демократиялық басшылық, әсіресе ұжымдық шешім қабылдауға қатысты,
тиімділікті жоғалтудың кейбір қауіп-қатеріне ие.
Демократиялық стильдің кемшіліктері:
Достарыңызбен бөлісу: