Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция


ІІ. Корпоративтік мәдениет- жетістікке бастар жол



Pdf көрінісі
бет76/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
ІІ. Корпоративтік мәдениет- жетістікке бастар жол. 
Корпоративті  басқару  объективтік,  есепберушілік,  жауапкершілік  және 
жариялылық  сияқты  демократиялық  принциптердің  негізі  болып  табылады. 
Ол коммерциялық қызметтің қалыптасқан нормаларын ұстануды қамтамасыз 
етеді, 
осылайша, 
демократиялық 
басшылықтың 
заңдылығы 
мен 
принциптерінің  нығаюын  қамтамасыз  етеді.  Ұжымдық  басқару  сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  күшті  құрал  болғандықтан,  жеке  меншіктің  құқықтары 
мен  қоғамдық  мүдделерді  нақты  ажыратуға  мүмкіндік  береді,  екі  салада 
асыра  пайдаланушылықтың  алдын  алады.  Ұжымдық  басқару  әдетте,  жеке 
сектордың  дамуымен  байланыстырылады.  Алайда,  сонымен  қатар  бұл 
мемлекеттік 
басқару 
институттарын 
күшейтуге 
мүмкіндік 
беретін 
демократияның  маңызды  даму  құралы.  Біріншіден,  бизнес  пен  мемлекет 
арасындағы  қатынастар  реформаның  шешуші  кілті,  өйткені  ұжымдық 
басқару  формалды  емес,  туысқандық,  бармақ  басты,  көз  қысты  жасырын 
келіссөздердің  алдын  алады.  Екіншіден,  ұжымдық  басқару  мемлекеттік 
кәсіпорындарда 
қолданылса, 
қоғамдық 
ресурстарды 
ұқыпты 
түрде 
пайдалануға,  сонымен  қатар  басқару  шешімдерін  саяси  емес,  экономикалық 
мақсатта 
қабылдауға 
мәжбүрлейді. 
Үшіншіден, 
ұжымдық 
басқару 
парақорлыққа  тосқауыл  қойып,  сыбайлас  жемқорлықпен  күресуге  мүмкіндік 
береді.  Оған  қоса,  ұжымдық  басқару  өзін  өтпелі  кезеңдегі  маңызды 
реформаларда  сыбайлас  жемқорлықпен  күресудің  сәтті  құралы  ретінде 
көрсете  білді,  әсіресе  бұл  жекешелендіруге  қатысты,  өйткені  мемлекеттік 
меншікті  жеке  тұлғаларға  беріп,  кейін  жеке  иелік  ету  құқығын  беру  айқын 
жағдайға  көз  жеткізуге  мүмкіндік  берді.  Ақырында,  ұжымдық  басқарудың 
реформасы  демократиялық  негізде,  әсіресе  институционалды  деңгейде 
жүзеге  асырылуда.  Бұл  аспект  осы  тарауда  кеңінен  сипатталған,  мұнда 
халықаралық  жеке  кәсіпкерлік  орталығының  (CIPE)  әртүрлі  елдердегі 
бірлесіп  басқару  реформасы  бойынша  жұмысы  туралы  айтылады.  Жалпы 
жоспар  бойынша,  ұжымдық  басқару  жүйесінің  жеткілікті  түрде  дамымауы 
инвестиция  тартуға  қабілетсіздікті,  банкротқа  ұшырауға,  құқықтың  бұзылуы 
және әлемнің түрлі елдері бетпе-бет келетін басқа да экономикалық дамудың 
қиындықтарына  әкеп  соғады.  Осыған  байланысты  көптеген  мемлекеттер 
ұжымдық  басқарудың  дамыған  жүйесі  жалпы  экономикалық  ахуалдың 
қажетті  шарты  болып  табылатынын  мойындайды.  Компаниялар  ұжымдық 
басқаруды  бәсекелестік  күресте  оларға  басымдылықты  қамтамасыз  етуге 


қабілетті фактор ретінде қарастыра бастауда. Дегенмен мәселенің қиындығы 
корпоративтік  басқаруға  деген  теоретиялық  қызығушылықты  тәжірибе 
жүзінде басқару әдісін жақсартуға қабілетті болатындай өзгертуде болып тұр. 
9  Корпоративті  басқару  кімге  тиімді?  Басқарудың  дамыған  жүйесі  бар 
компания  тек  корпоративтік  инвесторлар  мен  кредиторларға  ғана  емес, 
сонымен  қатар,  өзінің  қызметкерлеріне,  клиенттеріне  және  тұтас  алғанда 
қоғамға пайда әкеледі. Корпоративтік басқарудың дамыған жүйесі ішкі және 
шетелдік  инвестициялардың  келуіне  ықпал  ететін  мықты  экономикалық 
ахуалдың  пайда  болуына  жаңа  жұмыс  орындарын  құруға  және  еліміздің 
тұрғындарының әл-ауқаты деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Компаниялар 
Басқарудың 
қалыптасқан 
жүйесі 
өнімділікті 
арттырады. 
Өздерінің 
тәжірибелеріне тиімді басқарудың принциптерін енгізген компаниялар несие 
бойынша  пайыздардың  төмендеуіне  және  көптеген  жағдайларда  ұзақ 
мерзімді  артықшылығы  бар  инвесторлық  базаның  кеңеюіне  сенімді  бола 
алады.  Басқарудың  сапасы  жалпы  стратегияны  құру,  бірігу  мен  қосып  алу 
туралы  ойланып  істелген,  экономикалық  негізделген  шешімдерді  қабылдау, 
еңбек  ақыны  жұмыс  сапасына  сәйкестендіре  алатын  салаларда  ғана  артады. 
Осылай  басқарудың  маңызды  салдарларының  бірі  –  компаниялардың  сот 
тәуекелдерін  қосқанда,  әр  түрлі  қолайсыз  факторлардың  әсеріне  қарсы  тұру 
қабілеті.  Бұдан  басқа,  компанияның  жауапты  және  адал  жұмысы 
кредиторлар,  қызметкерлер,  клиенттер,  жеткізушілер  және  жергілікті 
қоғамды  қоса  алғанда,  мүдделі  тұлғалармен  жемісті  әрі  ұзақ  мерзімді 
ынтымақтастық  жүргізуге  көмектеседі.  Инвесторлар  Инвесторлар  тиімді 
басқару  жүйесі  бар  компаниялар  оларға  көп  пайда  түсіретінін  біледі  және 
осындай  мүмкіндік  үшін  көбірек  төлеуге  де  даяр.  Бұған  қоса,  инвесторлар 
осындай компаниялардың сенімділігін жоғары бағалайды, өйткені мұның өзі 
олардың  ақшалары,  жауапсыз,  селқос  менеджерлер  немесе  олардың  отбасы 
мүшелерінің  талауына  түспейді  дегенді  білдіреді.  Басқарудың  тиімді  жүйесі 
басшылық  қабылдаған  шешімдерге  ықпал  ету  және  негізгі  операцияларды 
өткізу құқығын, сонымен қатар, өздері құйған қаржының қолданылуы туралы 
ақпаратты  алу  құқығын,  әсіресе  инвесторлардың,  миноритарлық  құқығын 
қорғайды.  Капитал  нарығына  тиімділік  пен  сенімділікті  арттыра  отырып, 
мұндай  басқару  инвесторларға  қажет  болған  жағдайда  оңай  әртараптандыру 
мен  оларды  сатуға  мүмкіндік  бере  отырып,  активтердің  анағұрлым  жоғары 
өтімділігін  қамтамасыз  етеді.  Сөйтіп,  банкроттықтың  қалыптасқан  түрі 
кредиторларды  қорғап  және  акционерлердің  жауапкершілігін  шектейді.  10 
Акционерлер  және  қоғам  Басқарудың  тиімді  жүйесі  компаниядан 
қызметкерлер,  клиенттер,  жабдықтаушылар  және  қоғам  алдында  өзі 
қабылдаған  міндеттерді  орындауын  талап  етеді.  Тұрғындардың  бұл  топтары 
осындай 
компаниямен 
өздерінің 
қарымқатынасында 
адалдығымен, 
сапасымен  және  сенімділігімен  ұтады.  Қоғам  тұтастай  алғанда  ұтады,  себебі 
мұндай  компания  жұмыс  орындарын  құрады,  мемлекеттің  экономикасына 
деген  сенімді  қалыптастырады  және  ысырапшылдыққа  кедергі  келтіреді. 
Бұған  қоса,  жариялылық  жағдайы  жемқорлықты  азайтады,  өйткені  егер 
компанияда  қатаң  есеп  жүргізілсе,  ал  оның  жетекшілері  бизнес-этиканың 


принциптеріне  сай  әрекет  етсе,  пара  алу  фактілерін  жасыру  қиынға  соғады. 
Корпоративті басқару базасын анықтау Корпоративтік, яғни бірлесіп басқару 
принциптерін  кең  түрде  қолдану  төменде  көрсетілген  кестеде  жақсы 
көрсетілген.  Дүниежүзілік  банк  дайындаған  кестеде  тиімді  ұжымдық 
басқаруды қамтамасыз ететін ішкі және сыртқы механизмдер көрсетілген.  
Корпоративті  басқарудың  ішкі  және  сыртқы  механизмдері  (қайнар  көзі: 
Дүниежүзілік банк). Компанияларды ішкі басқару Ішкі басқару компанияның 
ішінде  жүргізілетін,  акционерлер,  директорлар  кеңесі,  басшылық  және 
мүдделі  тұлғалар  арасындағы  қарым-қатынасты,  сонымен  қатар,  олардың 
қызметін,  құқықтарын  және  міндеттерін  анықтайтын  шаралар  жиынтығын 
білдіреді.  Қаржылық  есеп  берушіліктің  жоғары  айқындылығы,  сапасы  және 
реттілігінің  арқасында  менеджерлердің  өздері  қабылдаған  шешімдері  мен 
жұмысының 
нәтижелері 
үшін 
жауапкершілігі 
Акционерлер 
Ішкі 
механизмдер  Сыртқы  механизмдер  Директорлар  кеңесі  Есеп  береді 
Тағайындайды және қадағалайды Компания басшылары Іске асырады Негізгі 
функциялары  Жеке  тұлғалар  Мүдделі  топтар  Реттеу  факторлары:  Есепшілер 
Заңгерлер  Несие  рейтингі  Инвестициялық  банктер  Қаржы  делдалдары 
Инвестиция  бойынша  кеңес  берушілер  Зерттеулер  Бірлесіп  басқару  жүйесін 
талдау  Мемлекеттік  бақылау  Стандарттар  (мысалы,  есеп  пен  аудит)  Заңдар 
мен  нормативтер  Қаржылық  сектор  Қарыз  капиталы  Акционерлік  капитал 
Нарықтар  Бәсекелестік  факторы  және  Тікелей  шетелдік  инвестициялар 
Корпорацияларды  бақылау  1.«Реттеу  факторлары»  түсінігі  жеке  секторда 
жұмыс  істейтін  агенттерге,  өзінреттеуші  мекемелерге,  ақпарат  құралдарына 
және  азаматтық  қоғам  ұйымдарына  қатысты,  олардың  күші  ақпаратты 
біржақты  беру  жағдайларын  азайту,  компанияның  мониторингтеу  жүйесін 
жетілдіру  және  кәсіпкерлікті  насихаттауға  бағытталған.  11  артады. 
Жауапкершілік  деңгейінің  артуы  директорлар  кеңесінің  өзі  тәуелсіз  аудит 
және  марапаттау  бойынша  комитеттер  сияқты  қазіргі  кезде  әйгілі  тәсілдерді 
қосқанда  ішкі  бақылау  тәсілдерін  жетілдіріп,  түрлендіре  бастауына  алып 
келеді.  Бұған  қоса,  жариялылықты  және  қабылданған  шешімдерге 
жауаптылықты  қамтамасыз  ету  мақсатында  компанияның  директорлар 
кеңесіне «сыртқы жақтан» директорлар шақыратын жағдайлар жиі кездеседі. 
Компанияның жұмысына іштей бақылау Дегенмен, тиімді басқару жүйесі бар 
компания  сыртқы  бақылау  болмаса  толыққанды  дами  алмайды  және 
инвестициялар  тарта  алмайды.  Тиімді  болу  үшін  компанияны  іштей  басқару 
институттар  мен  рыноктардың  сыртқы  жүйесіне  сүйенуі  керек.  Мұндай 
сыртқы механизмдер компанияны үнемді түрде жұмыс істеуге мәжбүр етеді, 
стандарттарды  бекітеді,  қателіктер  үшін  жазалайды  және  ақпараттық 
айырбасты  күшейтеді.  Жалпы  алғанда,  жекеменшік  сектор  мекемелері  мен 
мемлекеттік  бақылау  ұйымдары  институционалдық  негіз  құрайды,  оның 
негізінде  бірлесіп  басқарудың  ғимараты  құралады.  Бұл  ықпал  екіжақты. 
Институциалдық  негіз  ұжымдық  басқарудың  механизміне  қалай  ықпал  етсе, 
ұжымдық  басқару  да  интитуциалдық  негізге  солай  ықпал  етеді. 
Корпоративтік,  яғни  ұжымдық  басқаруды  реттеу  мен  қадағалау  жүйесі 
жариялылық,  есеп  берушілік,  адалдық  және  жауапкершілік  сияқты  бірлесіп 


басқарудың  төрт  негіздік  принциптері  үшін  негіз  болатын  мемлекеттік  және 
жекеменшік ұйымдардың, нормативтер мен құқықтардың өзара байланысқан 
құрылымына  сүйенеді.  Жоқ  дегенде,  ұжымдық  басқарудың  дамыған  жүйесі 
барлық  компаниялардың  заңды  сақтауын  қамтамасыз  етеді,  сонымен  қатар, 
акционерлердің  құқықтары  мен  басқа  мүдделі  топтардың  (кредиторлар, 
жабдықтаушылар,  қызметкерлер  және  т.б.)  құқықтарын  анағұрлым  кеңірек 
қорғайды.  Ұжымдық  басқарудың  тәжірибесін  анықтайтын  және  оның 
қолдануылына  бақылау  жасайтын  түрлі  мемлекеттік  және  жекеменшік 
ұйымдар  осындай  негізде  жұмыс  істейді.  Баға  белгілеудің  қатаң  шарттары 
бар  қор  биржалары  және  реттеу  мен  бақылауды  іске  асыратын  құнды 
қағаздар  рыноктары  сыртқы  бақылаудың  алдыңғы  қатарлы  бағыты  болып 
табылады. 
Сыртқы 
бақылаудың 
бұл 
алдыңғы 
қатарлы 
бағыты 
акционерлердің  құқықтарын  қорғау  мекемелері  және  бірлесіп  басқару 
институттары  мен  компаниялар  директорлары  қауымдастығы  сияқты 
жекеменшік  ұйымдардың  қосымша  топтарына  сүйенеді,  олар  құқық  қорғау 
қызметін, кәсіби стандарттар мен өзін-өзі реттеушілікті дайындау үшін негіз 
құруға  көмектеседі.  Жоғарыда  аталып  өткендей,  корпоративтік  басқару 
әдістері ірі халықаралық корпорациялар ғана емес, барлық компанияларда да 
қолданылуы  мүмкін.  Өйткені  ұжымдық  басқару  құқық  иелері  мен  олардың 
өкілдері  арасындағы  қарым-қатынас  мәселелерімен  тікелей  байланысты 
(акционерлердің  мүдделеріне  сай  немесе  қарсы  әрекет  ететін  менеджерлер). 
Бұл қиындыққа тек қана ірі корпорациялар ғана емес, сонымен қатар, иелері 
компанияның 
жетекшілері 
болып 
табылмайтын 
кез-келген 
түрлі 
экономикалық  қызметтің  12  субъектілері  де  ұшырайды.  Басқа  сөзбен 
айтқанда, 
бірлесіп 
басқару 
мүмкіндігінше, 
компанияның 
көлеміне 
қарамастан,  өкілдерді  (менеджерлер)  сенім  білдірушілердің  (иелердің) 
мүдделеріне  сай  әрекет  етуге  мәжбүр  етеді.  Осылайша,  ұжымдық  басқару 
ұсақ  фермалар  мен  мемлекеттік  кәсіпорындарға  дейін,  шағын  және  орта 
бизнестен  қаржылық  мекемелерге  дейін  кез  келген  компания  үшін 
бақылаудың тиімді әдісі болып табылады. Тіпті сыртқы институциалдық база 
әлсіз  дамыған  болса  да,  ішкі  ұжымдық  басқарудың  тиімді  жүйесі 
компанияларға пайда әкелуге қабілетті және өздігінен лайықты мақсат болып 
табылатынын  атап  өткен  жөн.  Зерттеу  нәтижелері  көрсеткендей,  жаңа 
нарықтарға  сай  жоғары  қауіп  және  әлсіз  институциалдық  база  жағдайында 
инвесторлар  тиімді  басқару  жүйесі,  анағұрлым  сапалы  қаржылық  ақпараты 
бар  және  миноритарлы  акционерлерге  анағұрлым  сенімді  кепілдік  беретін, 
компанияларға  инвестиция  құю  мүмкіндігі  үшін  көбірек  төлеуге  дайын. 
Корпоративті басқару жүйесін реформалау.  
Осыған  байланысты  Қазақстандағы  корпоративті  басқару  мазмұнын 
баяндайтын құжатты білу қажет. 
Dell корпорациясының негізін салушы Майкл Дэллдің тоғыз(9) қағидасы. 
Майкл  Дэлл  19  жасында  біріншуһі  курс  студенті  бола  тұрып,  Dell 
Commputer  Corporativ  құрды.  Фирманың  алғашқы  капиталы  небәрі  1000 
долларды  ғана  құрды.  Ал,  Майкл  40  жасқа  толғанда,  компонияның  сату 


көлемі45  млрд.  Долларға  жетті.  Нарықты  капиталдандыру  бойынша    Dell 
әлемді компьютерөндірушілердің арасында бірінші орынға шықты. 
Ол  бұл  жетістігін    өзінің  компания  басқарудағы  қағидаларымен 
түсіндірді: 
1. Нарықты мұқият зертте. Орындауға қатысты жұмыс көлеміне әрқашвн 
реалист  бол.  Алайда,  тұрақты  іздену,  саралау  және  бизнесті  кеңейту 
маңыздылығы туралы ұмытпа. 
2. Делдалсыз сат. Ұқыпты болжамда. Қорларды басқару бойынша жоспар 
құрастыр,  бірақ  өндіруді  және  сатуды  қорлар  мүлдем  болмайтындай 
ұйымдастыр. Өнім айналуын бақылауда ұста. 
3. Өз  жеткізушілеріңді  бағала,  құрметте.  Компьютерлер  өндірісіне  зейін 
қойма  –  тұтынушыларға  зейін  қой.  Жеткізі  тізбегін  өзіңнің  тұтынушылық 
құндылықтары  тізбегіңе  қос.  Бәрінен  жақсы  не  істей  аласың  –соған  назар 
аудар.  Артық  қиындықтардан  сақ  бол.  Сапаны  үнемі  бақыла.  Алдымен 
тапсырыс, содан кейін жеткізу. 
4. Өз  қызметкерлеріңді  сүй.  Басшы  қандай  болса  –  компания  да  сондай. 
Сенің  фирмаңның корпоративтік мәдениеті жақын, дайындалған адамдарды 
жұмысқа  ал.  Ешқашан  материалдық  және  моральдық  көтермелеуден  аянба. 
Әйтпесе қызметкерлеріңді де, нарығыңды да жоғалтасың. 
5. Табысыңа тек сенің клиенттерің кепілдік береді. Жаппай клиентті ізде. 
Өз  компанияңның  жағымды  имиджін  жаса  да,  оны  тұрақты  түрде  нығайтып 
отыр. 
Сатып 
алушыға 
бағытталған 
корпоративтік 
мәдениет 
жаса. 
Тұтынушылармен кері байланысты тиімді қыл. Стратегиялық байланыстарды 
орнату  туралы  ұмытпа,  олардың  қазір  беретін  мүмкін  аз  шығар,  бірақ  бір 
жылдан кейін олардың көмегімен әлдеқайда көп пайда алуға болады. 
6. Ешқашан  жетілдіруден  бас  тартпа.  Таңдаған  бағыттан  тайма,  бірақ 
нарықта жеңілмеу үшін үздіксіз инновациялар енгізу  қажеттілігін үнемі есте 
сақта.  Кәсіпкерік  шығармашылықтың  әдет-ғырыптарын  дамыт.  Мәселелерді 
шешуден  жалтарма  –  олар  өздерінен  өздері  шешілмейді.  Ешкім  қателіктер 
мен сәтсіздіктерден сақтандырылмаған. Тәуекел- игілікті іс. 
7. Жаһандық көлемде ойлан және іс-әрекет жаса. Әлемдік нарыққа бірте-
бірте  шық.  Жаһандық  масштабта  өс.  Қажет  кезде  бейімделе  біл.  Өз 
жеткізушілеріңе әлемдік нарыққа шығуға көмектес. Жергілікті мәдениет пен 
нарыққа бейімделуге дайын бол. 
8. Өз  дарының  және  өз-өзіңе  адал  бол.  Қазіргі  уақытта  қоғамда  беделді 
деп, саған тән емес іспен айналыспа. Сенің дарының қоғам үшін жаңа беделді 
құруға қабілетті болатындай жаса.  
9. Құр  өсуді  ғана  мақсат  қылма.  Әрқашан  түпкі  нәтижесі  болу  керек. 
Есіңде  болсын,  өсудің  өз  тәуекелдері  бар.  Тиімді  бол.  Бәсекелестеріңді 
назардан тыс қалдырма. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет