Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция


ІІІ.  Қазақстандағы  корпоративті  басқару  мазмұнын  баяндайтын



Pdf көрінісі
бет77/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Байланысты:
psihologia lecture

ІІІ.  Қазақстандағы  корпоративті  басқару  мазмұнын  баяндайтын 
құжаттар. 
Өндірістер  мен  өнеркәсіптерді,  білім  мен  ғылымды  заманауи  дамытуға 
байланысты  және  елімізді  алдыңгы  қатарлы  50  елдің  қатарына  қосу 
мақсатымен  2011  жылдың  29  желтоқсанында  ҚР  АҚ  Директорларының 


Кеңесінде  бекітілген  шешімі  «Егемен  Қазақстан»  Республикалық  газетінде 
жарияланды.  Онда  акционерлік  қоғамының  корпоративтік  этика  Кодексі 
жария етілді. Кодекстің негізгі мәселелері төмендегідей: 
 Жалпы  ережелер  1.1.  «Егемен  Қазақстан»  Республикалық  газеті» 
акционерлік  қоғамының  корпоративтік  этика  кодексі  (бұдан  әрі  –  Кодекс) 
іскерлік  мінез-құлықтың  және  корпоративтік  басқарудың  танылған  әлемдік 
стандарттарын  ескеріп,  «Егемен  Қазақстан»  Республикалық  газеті»  АҚ 
(бұдан  әрі  –  Қоғам)  ішкі  құжаттарының  негізінде  әзірленді  және  Қоғамның 
лауазымды  тұлғалары  мен  барлық  қызметкерлері  басшылыққа  алатын 
қағидалар және ережелер жинағынан тұрады.  
1.2. Корпоративтік этика кодексі Қоғамның пікірі мен құндылықтарынан 
тұрады.  Ол  Қоғамның  ӛзара  пайда  мен  сенім  негізінде  аяқ  басатын  барлық 
қарым-қатынастарды  құру  ниетін,  ашықтығы  мене  жеке  тұлға  абыройын 
құрметтеу,  ортақ  іске  адалдық  пен  кәсібилік,  шынайылық  сияқты 
құндылықтарды ұстанатынын куәландырады.  
1.3.  Корпоративтік  этика  кодексі  Қоғамдағы  барлық  қызметкерлер  үшін 
міндетті  болып  табылатын  стандарттарды  бекітеді.  Қоғамның  лауазымды 
тұлғалары  мен  барлық  қызметкерлері  оның  талаптарының  сақталуына 
жауапты.  
1.4.  Осы  Кодексте  келесі  түсініктер  мен  терминдер  қолданылады:  - 
Корпоративтік  этика  –  Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  мен  қызметкерлері 
өз  қызметінде  басшылыққа  алатын  іскерлік  тәртіп  нормалары  мен  этикалық 
қағидалар жиынтығы; - Лауазымды тұлға – Директорлар кеңесінің мүшелері, 
Қоғам  Басқармасының  мүшелері;  -  Жалғыз  акционер  –  Қазақстан 
Республикасының  Байланыс  және  ақпарат  министрлігі;  -  Мүдделі  тұлға  – 
Заңнамада  және  Жарғыда  кӛзделген  құқықтарын  іске  асыру  Қоғамның 
қызметіне  байланысты  болып  келетін  тұлға;  -  Кодекс  –  Акционерлік 
қоғамның  корпоративтік  этика  кодексі;  -  Мүдделер  қарама-қайшылығы  – 
Қоғамның  лауазымды  тұлғасы  немесе  қызметкердің  жеке  мүддесі  оның  ӛз 
лауазымдық  міндеттерінің  әділ  орындалуына  әсер  ететін  немесе  әсер  етуі 
мүмкін жағдай;  
2  -  Корпоративтік  мәдениет  –  бұл  Қоғам  үшін  тән  құндылықтар, 
қағидаттар,  мінез-құлық  мен  қарым-қатынас  нормалары;  -  Қызметкер  – 
Қоғаммен  еңбек  қарым-қатынастарында  болатын  және  еңбек  шарты 
бойынша жұмысын тікелей орындайтын жеке тұлға. 
3. Корпоративтік этиканың құндылықтары мен қағидалары  
3.1.  Қоғамның  қызметі  солардың  негізінде  қалыптасатын  негіз  қалаушы 
корпоративтік  құндылықтар  мыналар  болып  табылады:  Кәсіпқойлық;  -  Отан 
сүйгіштік;  -  Ашықтық;  -  Тәртіптілік  ;  -  Жауапкершілік;  -  Әділеттілік;  - 
Адалдық.  
3.2.  Қоғамның  қызметі  Қоғамның  және  барлық  мүдделі  тұлғалардың 
корпоративтік  этика  және  мінез-құлық  ережесінің  талаптарын  сақтаудағы 
қарым-қатынастарына  негізделген.  Өзара  міндеттемелердің  сақталуы  – 
сындарлы жұмыстың қажетті шартты. 


5. 
Мемлекеттік 
органдармен 
өзара 
қарым-қатынастың 
этика 
нормалары
5.1.  Қоғамның  мемлекеттік  органдармен  өзара  қарым-қатынасы 
Қазақстан  Республикасының  заңнамасының,  Жарғының,  Корпоративтік 
басқару кодексінің және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарының талаптарына 
сәйкес,  тараптар  тәуелсіздігі  негізінде,  мемлекет  тарапынан  және  сонымен 
қатар  Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  мен  жұмысшылары  тарапынан 
сыбайлас  жемқорлық  және  басқа  да  құқыққа  қарсы  әрекеттерді  болдырмау 
қағидатын сақтай отырып жүзеге асырылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет