жетуге бағдарлануында. Мақсаттар бойынша басқару – «нәтижелерге
бағдарланған басқару философиясы» (А.Райа).
Мақсаттар бойынша басқаруды жүзеге асырудың екі нұсқасы бар.
Бірінші нұсқа:
1) мақсаттарды нақты және қысқа тұжырымдау;
2) оларға жетудің нақты жоспарларын жасау;
3) жұмыс пен нәтижелерді бақылау және бағалау;
4) жоспарланатын нәтижеге жету үшін түзетулер енгізу;
Екінші нұсқа:
1) ұйымның барлық жетекшілерінің өкілеттілігін анықтау;
2) басқару мақсаттарын белгіленген міндеттер шеңберінде жасау;
3) тұжырымдалған мақсаттарға жетуді нақты жоспарлау;
4) әр жетекші алған жұмыс пен нәтижелерді бақылау, бағалау.
Мақсаттар бойынша басқару – бұл барлық басқару қызметінің ұйым
иерархиясының негізгі деңгейлері бойынша бір орталықтан жүргізілмеуі
және атқаруға аса қатаң бақылаудың кері зардаптарын жеңетін жоғары
мотивациялануды жасау тәсілі.
Мақсаттар бойынша басқару әдісінің тұтастай прогрессивті бола отырып,
өзінің
артықшылықтары
мен
кемшіліктері
бар.
Оның
сөзсіз
артықшылықтары қатарына жататындар: ол орта және төменгі деңгейлер
жетекшілері мен атқарушылардың жеке қызығушылығын туғыза отырып,
мотивациялануын арттырады; басқаруды орталықтан алшақтандырады;
басқару құрамындағы атқарушылардың рөлін нақты айқындайды; атқаруға
бақылау жөніндегі тиімді шараларды жасайды.
Бұл
әдістің
кемшіліктеріне
жататындар:
оның
үлкен
еңбек
сыйымдылығы, төменгі буын жетекшілерінің мақсаттарды өз бетінше және
сауатты қоюға жиі қабілетсіздігі; мақсаттарды, әсіресе сапаларын қоюдың
объективті қиындықтары.
Қазіргі кезде басқаруды ұйымдастыруға деген мақсаттар бойынша
басқаруға байланысты менеджмент-аудит кеңінен танымал бола түсуде. Бұл
– ұйым жұмысының барлық жақтарын менеджмент практикасын өзгерту
және өндіріс шығындары мен кемшіліктерін қысқарту жөніндегі ұсыныстар
жасау үшін зерттеу.
Басқару іс-әрекеті қызметінің көпшілігінің субъект психикасының
құрылымында тікелей ұқсастығы бар екендігі оның ерекшелігі болып
табылады. Мысалы, мақсат қоюдың психологиялық үдерісінің өзіндік
ерекшеліктері бар. Бұл басқа қызметтерді болжауға, жоспарлауға, шешім
қабылдауға, т.с.с. қатысты. Психологияда осы сияқты ұқсас атаулардағы
үдерістер бар. Бұл үдерістер реттеуші психикалық үдерістер ұғымымен
біріктіріледі. Бұл – тиісті басқару қызметтерін жүзеге асырудың
психологиялық механизмдері.
Достарыңызбен бөлісу: