Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция



Pdf көрінісі
бет1/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
psihologia lecture



Қазақстан Республикасының Білім беру және Ғылым министрлігі 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
 
 
Философия және психология  факультеті 
 
Психология кафедрасы 
 
 
 
Әмірова Б.Ә. 
пс. ғ. д., профессор 
 
 
«Басқару психологиясы» пәні бойынша 
электрондық дәрістер курсы 
 
 
Цикл (мамандандыру пәндері) 
Компонент (базалық) 
Сабақ түрі (дәріс сабағы
 
 
мамандық 6М050300 «Психология» және басқа мамандықтар 
магистратурасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қарағанды 2020 


1 – Тақырып: Басқару психологиясына кіріспе 
Жоспар: 
1. Басқару психологиясының пәні, мақсат, міндеттері, заңы. 
2. Басқару психологиясының даму тарихы және кезеңдері  
3. Қазақстандағы басқару жүйесі: дамуы, қалыптасуы.. 
 
І. 
Басқару психологиясының пәні, мақсат, міндеттері. 
Еңбек  психологиясының  бөлігі  ретінде  басқару  психологиясы.  Басқару 
психологиясы  менеджменті,  басқару  теориясы,  экономика,  ұйымдардың 
әлеуметтануымен  айтарлықтай  байланысы  (әлеуметтік  психология,  жеке 
психология,  даму  психологиясы,  ұйымдастырушылық  психология,  жарнама 
психологиясы және т.б.). 
Басқару  бұл  элемент,  функция,  белгілі  бір  құрылымдарды  сақтауды 
қамтамасыз  ететін,  ұйымдасқан  жүйелердің  режимін  қолдау,  олардың 
қызметін  жүзеге  асыруға,  олардың  бағдарламалары  мен  мақсаттарын 
түсіндіреді.  Ұйымға  біріккен  адамдарды  басқару  туралы  сөз  болғанда,  онда 
көптеген 
басқа 
да 
аспектілері 
сияқты 
басқарушылық 
қызметіне 
психологиялық  аспектте  кіреді,  сондықтан  да  психологиялық  ғылымда 
табысты  дамып  келе  жатқан,  жаңа  пән  ретінде-басқару  психологиясы  пайда 
болды. Әлеуметтік басқарудың басқа түрлерден айырмашылығы оның басты 
компонентті  болып  әртүрлі  ұйымдардың  мүшесі  ретінде  адамдар,  немесе 
ұйымдастыру  бөлімшелері  тұтастай  қатысады.  Жеке  тұлғалар  (жеке  өзі, 
немесе әлеуметтік топтардың құрамында) ұсынылып отырған күрделі жүйеде 
басқарушылық  қарым  қатынаста  болуы  керек,  оған  басқару  субъектісі  мен 
объектісі  қатыса  алады.  Автордың  жазуы  бойынша  әлеуметтік  басқарудың 
негізгі  категориялары  «ұйым»,  «басқару  субъекттісі  мен  объектісі»  болып 
табылады. 
 Басқару  біруақытта  өнер  мен  жаңа  ғылым  болып  саналады.  Ғылым 
ретінде,  басқару  өз  кезегінде  білімдердің  жинақталған  жиынтығы  мен 
олардың  әдістерінің  болуын  талап  етеді.  Басқару  психологиясы  адамдардың 
басқа  адамдарға  әсер  ету  табиғатын,  топ  және  жалпы  қоғамды  түсіну  мен 
олардың  механизмдерінің  әсер  етуі  мен  оларды  жетілдіру  құралдарын 
қамтамасыз етеді.  
Басқару  психологиясының  тек  өзіне  тән  зерттеу  пәні  бар,  ол- 
басқарушылық  процесті  ұйымдастыру  заңдылықтарын  және  осы  процесс 
кезіндегі  адамдар  арасындағы  пайда  болған  қатынастарды    зерттеп,  басқару 
процесінің  әдістемелік  негізін  анықтайды.  Сонымен  қатар  зерттеу 
обьектісінің  спецификасына  сәйкес  басқару  обьектісіне  белсенді  әсер  ету 
әдісі  мен  жүйесін  құрастырады,  және  зерттелініп  отырған  болжауларды 
анықтайды.  
Басқару 
психологиясының 
ғылым 
ретіндегі 
негізгі 
міндеті- 
психологиялық 
құбылыстарды 
анықтап, 
оларды 
жүйеге 
келтіру, 
заңдылықтарын ашып,олардың арасындағы байланыс себептерін тәжірибелік 
қорытындылар  мен  ұсыныстарды  жасауды  анықтау.  Сонымен  қатар, 
психология  ғылым  ретінде,  басқару  жүйесінің  жұмыс  сапасын  тиімді    етіп 


көтеру 
мақсатында 
басқарушылық 
іс-әрекеттің 
ерекшеліктері 
мен 
психологиялық шарттарын талдайды.  
Сонымен, басқару психологиясы - бұл басқарудың кешенді ғылымының 
бөлігі. 
Басқару  психологиясының  мақсаты  -  ұйымдастырушылық  жүйелердің 
тиімділігін және тіршілік ету сапасын арттыру жолын әзірлеу. 
Басқару  психологиясының  пәні  -  басшылардың  (менеджерлердің)  негізгі 
функцияларды орындау барысында жүзеге асырылатын қызметі. 
Басқару психологиясының мазмұнымен – адам, топтың және жалпы ұйым 
қызметінің 
психологиялық 
аспекттерін 
әзірлеу 
Басқару психологиясының көздері: 
а) басқару тәжірибесі; 
б)психологиялықғылымның дамуы; 
в) ұйым әлеуметінің дамуы. 
Басқару  психологиясында  "адам  факторы"  (human  factor)  ұғымы  жиі 
қолданылады.  "Адам  факторы"  ұғымы  сонай  екінші  әлем  соғысында 
қолданылған еді. Ол ағылшын тілінен алынған болатын. Адам факторы – бұл 
адамға,  оның  мүмкіндігіне,  қалауына,  қабілетіне  тәуелдінің  барлығы. 
Жалпы  психологияның  маңызды  мәселесі  бұл  мотивация  сұрағы  болып 
табылады.  Басқару  психологиясында  ол  маңызды  орынға  ие,  өйткені 
мотивация басқару функциясының ең күрделісі деп саналады. 
Басқару процесі мынадай жетекшілік іс-әрекеттің нәтижесінде іске асады, 
бұлардың негізгі бағыттарына: жүйелік басқарушылық ұйымның өзгеруі мен 
жағдайларды  болжаулары  және  диагностикалау,  басқарушылардың  іс-әрекет 
бағдарламасын қалыптастыру, жетекшінің өз іс-әрекетін оңтайлы ету.   
Басқару  психологиясы  жетекшінің  тұлғалық  ерекшеліктерін:  оның 
басқарушылық  қажеттіліктері  мен  қабілеттерін,  басқарушылық  ойлары  мен 
миссиялырның енуін, индивидуалды басқарушылық концепциясын, сонымен 
қатар,  оның  өз  ішінде  қабылдаған    басқару  ережелері  мен  принциптерін 
зерттейді.  
Г.  Кунц  және  С.  О.  Доннел  сияқты  зерттеушілердің  пікірінше,  басқару 
бұл  ең  алдымен  өнер  болып  табылады.  Олардың  тұжырымдарына  сәйкес: 
«барлық  шынайы  ситуацияда  бұл  ғылымды  қолдану  мәні  болатын,  басқару 
процесі  өнер  болып  табылады».  Дегенмен,  бұл  өнер  мынадай  ғылымға 
сүйенеді,  яғни:  «Басқару  бойынша  іс-әрекет  өнер  болғанымен  де,  оларды 
иегертін адамдар, бұл өнер ғылымының негізінде жатқандарды түсініп  және 
қолданса  ғана,  жақсы  нәтижеге  жетеді».  Егер  барлық  қоғамдағы  топтық 
серіктестік  тиімді  әрі  маңызды  нәтижені  көрсетсе,  онда  басқару-  барлық 
өнерден де маңызды екендігін батыл айтуға болады.  
Тәжірибелік  тұрғыда  барлық  адамдар  іс-әрекетінің  сферасында    ғылым 
мен  өнер  бірін  бірі  толықтырып  тұрады.  Басқаруда,  жекелей  адамдардың 
ұсыныстарының 
жауабы, 
топтық 
іс-әрекетте 
барлық 
нәтижелердің 
шешімдері  варианттарынан    ерекшеленсе,  және  саналы  компромиссті  таба 
білсе,  ол басқарушы өнерінің көрінісі болып табылады. Бұл өнерді кімде-кім 
иегере  алмайтындығына  қарамастан,  оның  негізгі  басқару  өнерін  білу,    


маңызды  принциптері  мен  әдістерін  қабылдай  білуге  ұмтылу  -  барлық 
деңгейдегі мамандар мен жетекшілердің міндеті .  
Жетекші  көндіру,  сендіру,  диалог,  қарым-қатынас  өнерінің  мастері,ащы 
біркелкі  емес  ойлайтын  және  барлық  білім    сферасын  жан-жақты  білетін 
тұлға  болу  керек.  Дегенмен,  ол  ең  алдымен  адамдармен  жұмыс  жасайтын 
болғандықтан,  адами инженерияның барлық қыр-сырын біліп, кең ауқымды 
гуманитарлық және психологиялық білімді игеру керек.  
Сондықтанда,  тиімді  басқару  үшін,  оның  теориялық  негізін  біліп, 
практикалық  тәжірибе  болып,  шығармашылық  тұрғыда  теория  мен 
практиканы  қолдана  білу  керек,  яғни  басқару  ғылымы  мен  өнерін  игеру 
керек.  
XX  ғасырдың  басына  дейін  басқару  ғылыми  зерттеу  аймағында  жекелей 
болып  саналмады.  1911  жылы  Ф.У.Тейлордың  «Ғылыми  менеджмент 
принциптері»  атты  кітабының  шығуымен  байланысты  еді,  бұнда  негізгі 
басқарушылық  еңбектің  принциптері  көрсетілген,  сол  себепті    ең  алғаш  бұл 
жайында  әңгімелер  айтыла  бастады.    XXғасырдың  20-жылдарында  атақты 
металлургия  компаниясын  басқарушы,  француз  инженері  А.Файоль 
менеджмент  принциптері  жүйесінің  нәтижесін  айтып  кеткен  болатын. 
А.Фейолдың  арқасында  басқаруды  іс-әрекеттің  ерекше  спецификасы  деп 
есептеді.  
Осы уақытқа дейін психологияның ғылымы ретінде,  оның теориялық пен 
қосалқы  бағыттары  ретінде  қалыптасып  үлгерді.  Басқарудың  психологияға 
бірігуі    нәтижесінде  –  «басқару  психологиясы»  деп  аталатын  қосалқы 
пәнаралық ғылым пайда болды.  
Басқару  психологиясын  көбінесе  менеджментпен  шатастырады.  Егер  де 
менеджмент  бізге  не  істеу  керектігін  үйретсе,  ал  басқару  психологиясы  оны 
біз  не  үшін  істеуіміз  керектігін,  немесе  қалай  жұмыс  жасау  керектігін 
түсіндіреді.  
Сәйкесінше,  басқару  психологиясының  пәні  болып  менеджер  іс  –
әрекетінің 
психологиялық 
негізі, 
яғни: 
еңбек 
іс-әрекетінің 
психофизиологиялық  ерекшеліктері,  ақпаратты  өңдеудің  психологиялық 
ерекшеліктер,  адамның  адамды  қабылдауының  механизмдері  мен  басқа 
адамдардың  бір  –біріне  әсер  ету  механизмдерін,  еңбек  коллективінің 
қалыптасуының  психологиялық  ерекшеліктері  мен  олардың  арасындағы 
тұлғааралық  қатынастарды,  басқарушылық  шешімдерді  қабылдаудың 
психологиялық  ерекшеліктері  мен  жалпы  басқарушылық  іс-әрекеттің 
психологиялық факторлары жатады.  
Басқару  психологиясы  ғылым  мен  практика  ретінде  жетекшілердің 
психологиялық  басқарушылық  мәдениетінің  дамуы  мен  қалыптасуын, 
жұмысшы  тұлғасының  басқаруды  қолдану  кезіндегі  теориялық  және 
практикалық білімдерінің негізіне керекті жағдайларды, еңбек коллективінің 
заңдылықтарының қызметі мен тұлғааралық қатынастарды қалыптастырады.   
Басқарушы басқарушылық процестің табиғатын түсіну керек, басқарудың 
тиімділін  жоғарлату құралдарын білу керек, персоналды басқарудағы керекті 
бұқаралық  ақпарат  құралдары  мен  қатынас  құралдарын  білу  керек,  еңбек 


коллективінің психологиялық қалыптасу ерекшеліктерін , адамдармен жұмыс 
жасаған  кезде  әр  түрлі  жағдайлар  мен  шарттарда  болатын  басқарушылық 
шешімді қабылдау үшін білу қажет.  
Еңбек ұжымын қалыптастырудың психологиялық факторларына топтағы 
психофизиологиялық  сәйкестік,  тұлғааралық  әсер  ету  феномені,  еңбек  
мотивациясы,  көрсетілетін  шарттар,  әлеуметтік  –  психологиялық  климат 
және  басқа  да  психологиялық  құбылыстар  жатады.  Ал  басқарушылық 
шешімді қабылдаудағы психологиялық факторларға шешім қабылдау процесі 
мен іс-әрекет нәтижесінің  құру мақсатындағылар  жатады.  
Басқару  психологиясы  тәжірибелік  психологияның  саласы  ретінде 
менеджер  мамандығы  мен  кәсіпқой  басқарушылардың  пайда  болуымен 
біруақытта  пайда  болған.  Басқа  да  психологияның  салалары  ретінде  бұл 
салада,  индустриалды  дамушы  қоғамның  нақты  әлеуметтік  тапсырысына 
жауап ретінде туған.   
Басқару  психологиясы    қоғам  дамуының  белгілі  бір  этапында  пайда 
болған,  яғни  бұл  жерде  еңбектің  максималды  нәтижесін  алу  ғана  емес, 
сонымен  қатар,  еңбек  процесі  кезіндегі  адамдардың  өзіндік  білдіру 
ерекшеліктерін,  құндылықтарының  шыңдалуын  ,  еңбек  нәтижесіне  жетуін 
есепке алу керек.   
Ұйым  - бұл  құрылым  шеңберінде  іс  шараларға  жету  үшін,  белгілі  бір 
маңызды  мақсаттар  үшін,  сондай-ақ  маңызды  басқару  функциясының  бір 
түрі болып табылады. 
Ұйымдардың  негізгі  нысаны  біріккен  адамдар  тобынан  (екі  немесе  одан 
көп)  құралады,  яғни  басқару  субъектісі  арқылы  жалпы  мақсатқа  немесе 
бірлескен  қызметтерді  ретке  келтіру  үшін  саналы  түрде  үйлестіреді. 
Әлеуметтік 
басқаруда 
тұлғалардың 
мақсаттары 
мен 
шарттарының 
орындалуы үшін басқару субъектісі мен объектісі қатысады. 
Белгілі бір топ өзін ұйым деп атау үшін, ол бірнеше міндетті талаптарды 
орындауы керек. Оларға : 
  өзін осы топ мүшесімін деп санайтын кемінде екі адам болуы керек; 
  барлық осы топ мүшелері ең болмағанда түпкілікті мақсаттың шешімін 
немесе нәтижесін барлық топ мүшелеріне қабылдауы керек; 
  топ  мүшелерінің  болуы,  яғни  көпшілік  үшін  белгілі  бір  маңызды 
мақсаттарды саналы түрде және бірлесіп қол жеткізу – жатады.. 
Осыған  сәйкес,  басқару  психологиясының  пәніне  басқару  жағдайы 
көзқарасымен    адамдардың  қарым-қатынас  мәселесі  мен  өзара  әрекеттері 
келесідей болып табылады:  
1. Еңбек процесі кезіндегі тұлғаның өзіндік жетілуі мен өзіндік дамуы. 
2. Психологиялық  тиімділік  көзқарасымен  басқарушылық  іс-әрекет  пен 
оның ұйымдастырылуы.  
3.  Еңбек ұжымындағы топтық процесі пен олардың реттелуі.  
Басқару  процесі  кезінде  тұлға  және  оның  өзіндік  жетілуі  мен  өзіндік 
дамуы  маңызды  ролді  ойнайды.  Бұл  жерде  минимум  екі  жағдай  маңызды 
болып табылады. Біріншіден, басқару психологиясы тұлғаның барлық мінезі, 


қыры  мен  сапасын  яғни,  басқарушылық  іс-әрекетін  табысты  іске  асыруға 
көмектеседі. Екіншіден,  басқару процесі кезінде тұлғаны қарастырады. 
Кез  келген  коллектив  –  ол,  ең  әуелі,  өз  мақсаттарын  қуушы,  өз 
міндеттерін  шешуші,    өздерінің  формальды  және  формальды  емес 
статустарын сақсап қалушы немесе өзгертуші адамдар. Еңбек ұжымдары бір 
бірімен, өкінішке орай, өте қиын қатынастар жүйесімен байланысты. Барлық 
кез  келген  ағза  сияқты  ұжым,  дамуында  жақсы  әрі  жаман  пероидтарды 
кешіреді.  Кез  келген  сәтте  ішкі  не  сыртқы  кешендердің    себептері  мен 
жағдайларының  әсерінен  дағдарыс  болуы  мүмкін.    Жетекші  деңгейі  мен 
кезеңдері    оның  өз  ұжымын  қалай  басқара  алатындығында  ғана  емес, 
сонымен  қатар,  дағдарыс  жағдайында,  қиын  сәттерде  ол  қандай  іс-  әрекет 
жасайтындығында.  Жетекші  кез  келген,  тіпті  басқара  алмаймын-ау  деген 
жағдайларды  басқара  алу  керек.  Ал  ол  үшін,  конфликт  пен  дағдарыс 
жағдайында  нақты жетекшілік дағдылар мен білімдер керек.   
Басқару  субъектісі заттық-практикалық  қызметтің  тасымалдаушысы, 
белсенді  басқарудың  көзі,  белгілі  бір  басқару  объектісіне  бағытталған 
болады. Басқару субъектісі жеке тұлға ретінде, немесе әлеуметтік топ ретінде 
қатыса алады. 
Басқару  объектісінің бір  бөлігі  объективті  шындық  болуы  мүмкін,  яғни 
оған  басқарушының  әсері  бағытталған.  Басқару  объектісінде  сондай-ақ  жеке 
тұлға немес әлеуметтік топта бола алады. 
Басқару  субъектісі  және  объектісі  арасында  өзара  диалектикалық  іс 
қимыл  мен  ықпалдастығы  болады.  Бұл  ретте  басқару  тиімділігінің  маңызды 
шарты  болып  басқару  субъектісінің  оның  объектісіне  сәйкестігі  болып 
табылады. 
Басқару  процесі  субъект  және  объект  ретінде  оның  төмендегідей 
психологиялық жақтарын жүзеге асырады: 
  Басқару 
тапсырмаларын 
ретінде 
психологиялық 
факторларды 
пайдалану мүмкіндігі; 
  Ұйымда  қолайлы  әлеуметтік  психологиялық  климатты  қалыптастыру 
заңдылықтары; 
  Психологиялық  үйлесімділікті  мәселесіне  ұйымдастыруға  оңтайлы 
тұлғааралық қарым қатынасты қалыптастыру заңдылықтары; 
  Ұйымның ресми және бейресми құрылымы; 
  Ұйымның жұмысының мотивациясы;  
  Ұйымда  құнды  ориентация  беру,оларды  қалыптастыру  процессін 
бақылау. 
Мұнымен  қатар  басшы  мен  жетекшіліндегілер  арасындағы  қарым-
қатынаста ортақ мәмлеге келуді талап етеді. Олар, мыналар: 
  Өзара  іс  қимыл  процесінде  байланыс  жүйесін  құру  және  оның  жұмыс 
істеу мәселелері; 
  Басқару араласуының проблемалары; 
  Басқарушы-бағынушы арасындағы қарым қатынасты оңтайландыру; 
  Тиімді басқару факторы ретінде хабардар ету. 


Басқарушының  негізгі  назары  іргелі  және  стратегиялық  міндеттерді 
шешуге,  орындаушыларды  үйлестіруге,  кадрларды  іріктеу  және  оқытуды 
жүзеге асыру болып табылады. 
Басқарушының  негізгі  міндеті  басқару  жүйесінің  дамуына  және 
жұмысшылардың жұмыс істеуін қадағалау болып табылады. 
Басқардың  психологиялық  заңы.  Басқару  психологиясы  тәжірибелік 
психологияның  саласы  ретінде  басқарушылық  іс-әрекеттерді  де  зерттейді. 
Басқару    психологиясының  заңы  топтық  қатынас  және  тұлға  аралық 
қатынастың өзара әрекеттесу кезінде көрініп, басқа да заңдар сияқты біз оны 
білемізбе  не  білмеймізбе  соған  сәйкес  әрекет  етеді.  Жалпы  басқару 
психологиясының  және  басқарушылық  іс-әрекеттің  негізгі  заңдылықтарына 
мыналар жатады: 
1. Жауаптың белгісіздік заңы. 
2. Өзара қабылдаудың адекватты емес заңы 
3. Өзін-өзі бағалаудың адекватты емес заңы  
4. Ақпараттардың бұрмалануы заңы 
5. Өзін-өзі сақтау заңы 
6.Өтем (компенсация )заңы  
ІІ.  (Реакциялардың)  Жауаптың  белгісіздік  заңы  дегеніміз-  ерте 
психологиялық  жағдайлардың  ішкі  әсер  етулеріне  байланысты.  Ол  екі 
психологиялық  құбылыстан  -  апперен  және  санадағы  стеротиптердің 
барымен  негізделеді.  Апперент-  өткен  тәжірибені  қабылдауға  байланысты. 
Санадағы  стереотиптер-  жасарын  немесе  анық  коммуникативті  кедергілерді 
тудырып,  мінез-құлыққа    әсер  ететін  және  қоршаған  шындықты  нақтылай 
көрсетпейтін, бағалар, тұрақты ойлар, пікірлер.  
Бұл  заңга  сәйкес,  бірдей  әсер  етулерге    әр  адам  әртүрлі  уақытта  әртүрлі 
жауап  береді.  Өз  адресіне  айтылған  дөрекілікке  бірніші  адам-  дөрекі, 
екіншісі-  үндемейді,  ал  үшіншісі-  дөрекі  адамды  тыныштандыруға 
тырысады.  
Адекватсыздық заңындағы өзара қабылдау, осы адамға қатысты маңызды 
шешімдерді  қабылдау  үшін  ,  адам  басқа  адамдаға  ешқашан  жете  алмайды. 
Біздің  қабылдауларымыз  тәжірибелік  тұрғыда  ешқашан  толық,  нақты, 
адекватты болмайтындай құрастырылған. Тіпті біздің көз алдымызда жатқан, 
ең  қарапайым  зататарды  біз    толығымен  қабылдай  алмаймыз,  әрдайым  біз 
оның  көз  аймағына  ғана  түсетін  және  біздің  рецепторларымызға  тура  әсер 
ететін бөлігін ғана көреміз.   
Психологтар  осындай  бұрмалану  себептеріне  байланысты  бірнеше 
негіздерді келтіреді: 
1) Адам  әрқашан  өзгеріс  жағдайында  болады.  Шынымен  де,  әр  адам 
қандай  да  уақыт  болмасын  ол  әр  түрлі  физикалық,  физиологиялық, 
интеллектуалды,  әлеуметтік,  ұнамды,  эмоционалды  және  сексуалды  даму 
деңгейлерінде болады.  
2) Басқа  біреулердің  немесе  манипуляцияның  азғыны  (жертва)  болмас 
үшін,  адамдар  өздерінің  әлсіз  жақтарын  мен  ерекшелерін  көрсетпес 
мақсатында саналы және бейсаналы тұрғыда сақтанады.  


3) Көп  жағдайда  адамдар  өздері  туралы  ақпараттарды  бере  аламайды, 
себебі көп мөлшерде өздерін білмейді. 
Адекватсыз  қабылдау  заңын  ескере  отырып,  жетекші  басқарушылық  іс-
әрекетті  іске  асырғанда,  адамдарға  келесідей  принцип  амалдарын  қолдану 
керек:   
а) универсиалдылық талант принципі;  
б) даму принципі; 
в) үздіксіздік принцип 
Өзін-өзі  бағалауда  адекватсыздық  заңы.  Бұл  заңның  мәні,  адамдар 
өздеріне  баға  беруде,  басқа  адамдарды  өздерімен  салытырып,  олар  ішкі 
кедергілер  мен    шектеулермен  қақтығысады.  Өзін-өзі  бағалау  көп  жағдайда 
адекватты  бола  бермейтіні,  мәлім,  ол  кйде  жоғары  не  төмен  болады.  Өзін 
бірнәрседе  жоғары  бағалау  және  дәл  сол  уақытта  бірнәрде  бағаламай  қалу 
адамға тән қасиет, және осылардың бәрі жиналып өзіне қатысты қорытынды 
шығаруға әкеледі.  
Ақпараттың  бұрмалануы  заңы.  Бұл  заңның  мәні,  басқарушылық 
ақпараттар  (директивті,  бұйрықтар,  орналасытырулар)сияқты  тенденциялар 
жоғарыдан төменге деген қозғалыс процесі мәніне өзгереді. Ақпарат мәнінің 
жоғалуына  негізінде  ,  басқарушылық  ақпарат  қандай  тілге  беріледі  соған 
байланысты. Ауызша ақпараттардың 50% дұрыс қабылданады.  
Егер  ақпарат  толық  болмаса,  оған  деген  доступ  шектеулі  болса,  және 
алған 
мәліметтер 
бағынушылардың 
қажеттіліктерін 
толық 
қанағаттандырмаса,  онда  ол  адамдар  өз  болжауларымен  тексерілмеген 
фактілерге  сүйеніп,  болжайды,  ойланады.  Сол  кезде,  ақпарат  көлемі 
төмендеу  жағына  ғана  емес  және  жоғарылау  жағына  да  өзгеріп  кетеді. 
Сонымен  қатар,  ақпарат  қабылдаушы  және  оны  беруші  адамдар  арасында 
айырмашылықтар  да  болады,  олар  білім  деңгейі,  интеллектуалды  дамуы, 
өздерінің  қажеттіліктері  және  психикалық  ,  физикалық  жағдайларына 
байланысты өзгереді. Ол да ақпаратты  жіберу процесінде өз  ізін қалдырады. 
Бұрмалануды  минимумға  келтіру  үшін,  басқару  психологиясы  облысындағы 
мамандар мыналарды ұсынады:  
1) Ақпаратты  тарату  процесіне  қатысатын  берілген  топ  санын  мүмкін 
болғанша төмендету;  
2) Өз уақытына қызметтестерді олар шешу керекті ақпарат сұрақтарымен 
жетістіру керек. 
3)  Алынған 
мәліметтерді 
дұрыс 
ұғынғандары 
мақсатында 
бағынушылармен кері байланысты орнатып, бақылау керек.  
Өзін-өзі  сақтау  заңына,  ең  алдымен  адамдардың  мінез-құлқан  анықтау 
мотивтерінің бірі болып өздерінің арнайы статустарын, жағдайларын, өзіндік 
достоинстваларын сақтау болып табылады.  
Компенсация  заңы  жалпы  түрде,  қанадайда  бір  жетіспеушілігі  бар,  өмір 
сүру  әрекеті  аймағында  қандай  да  бір  проблемасы  не  қиындығы  бар  адам, 
саналы  немесе  бейсаналы  тұрғыда  оны  басқа  жұмыс  аймағында  өтеуге  
тырысады.  


Осыған сәйкес, ,  басқару процесінде еңбек коллективінің психологиялық 
заңдылықтар  мен  әлеуметтік  даму  есібін  ескере  отырып,  адамдарға  
индивидуалды    амал  табатын,  басқару  процесін  орната  білетін  біліктілігі 
болғанда  басшының  іс-әрекет  нәтижесі  анықталады,  ал  бұл  қазіргі  басқару 
психологиясынның жетістігіне негізделеді
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет