15. Сыбайлас жемқорлық және басқа құқыққа қарсы әрекеттер.
15.1. Қоғам мүдделі тұлғалар тарапынан, сол сыяқты Қоғамның
лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері тарапынан жӛнсіз пайда мен
басымдықтарға ие болу немесе сақтау мақсатындағы сыбайлас және басқа да
құқыққа қарсы әрекеттерді болдырмаудың барлық шараларын қолданады.
15.2. Сыбайлас жемқорлықтың құқыққа қарсылығы бойынша тікелей міндеті
Қоғамдағы жетекшілік лауазымды иеленген лауазымды тұлғаларына
жүктеледі. Қайсыбір сыбайлас жемқорлықпен ұсталған Қоғамның кез-келген
қызметкерінің осы әрекетіне ӛзінен басқа, оның басшысы жауап береді.
15.3. Қоғам қызметкерлері басшылыққа оларға белгілі болған сыбайлас
жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтар туралы мәлімдеу қажет.
15.4. Қоғам мүдделі тұлғалардан корпоративтік этика және мінез-құлық
ережелерінің осы нормаларын сақтауды талап етеді.
15.5. Қабылдауға рұқсат етілмейді: - өзінің жүйелікфункционалдық
міндеттерін орындағаны үшін жеке тұлғалардан және лауазымды тұлғалар
мен қызметкерлер тиісті қызметтерді 9 орындамайтын ұйымдардан ақша,
қызметтер немесе өзге нысандағы сыйлықтарды алуға; - хаттамалық және
басқа ресми іс-шараларды ӛткізу кезінде немесе қонақжайлылық пен
сыпайылықтың жалпы қабылданған нормаларына сәйкес көңіл бөлудің, құны
1 ТЕК аспайтын символикалық белгілері мен символикалық сувенирлерінен
басқа, оларға жұмыс бойынша тәуелді тұлғалардан өзінің функционалдық
қызметтерін орындауға байланысты сыйлықтар мен қызметтерді алуға;
Жоғарыда аталған ақша, қызметтер, өзге түрдегі сыйлықтарды қабылдаудың
кез-келген актісі сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттер ретінде
қаралатын болады
16. Ашықтық.
16.1. Қоғам қызметкерлердің Кодексті ашық талқылауын көтермелейді
және оны жетілдіру бойынша кез-келген сындарлы ұсыныстарына оң
қарайды.
16.2. Кодекс ережелеріне қатысты мәселелер және/немесе жұмыс
барысында пайда болған этикалық мәселелер бойынша, сонымен қатар
Кодекс ережелерін бұзу, сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қарсы
әрекеттер жайындағы фактілерді Қоғамның лауазымды тұлғалары мен
қызметкерлері, сондай-ақ іскер әріптестер мен мүдделі тұлғалары
хабарласуға құқылы: - тікелей басшыға немесе деңгейі бойынша келесі
басшыға; - корпоративтік хатшыға тиісті шараларды қабылдау үшін өзін
таныстырып немесе аты-жөнін көрсетпей белгілі телефоны арқылы
хабарласуға. Байланысқан тұлғаның құқықтарына хабарласу әдісінің кез-
келген әдісінде қысым жасалмауы тиіс.
16.3.
Қоғамның
лауазымды
тұлғалары
мен
қызметкерлерінің
корпоративтік этиканың бекітілген нормаларын бұзу жағдайлары анықталған
кезде материалдар Ішкі аудит қызметіне немесе құзыреттілігіне сәйкес
шешім шығарылуы мүмкін Қоғамның корпоративтік хатшысына жіберіледі: -
Қоғамның Директорлар кеңесінің отырысына; - Қоғамдағы корпоративтік
шиеленістер мен мүдделер шиеленісін реттеу бойынша Қоғамның ішкі
құжаттарына сәйкес Корпоративтік шиеленістер мен мүдделер шиеленісін
реттеу жӛніндегі комиссия отырысы. Қарастыру нәтижелері мен қабылданған
шешімдер жүгінген тұлғаға қарастыруға шығарылған мәселе бойынша
шешім қабылданған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ахтаева Н.А. Басқару психологиясы. –Алматы: Қазақ университеті.
2018 .
2. Гришина Н.В. Я и другие. Общение в трудовом коллективе. М., 2010 г.
3. Панасюк В.Ю. Управленческое общение: практические советы. М.,
2010 г.
4. www. psychology.academic.ru
5. www. bse.freecopy.ru
6. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», 2017ж.
7. Н. Іргебаева. Басқару психологиясы. Оқулық. -Алматы: ҚазҰПУ. 2015.-
356 б.
8. А.Д. Умбеталиев, К.Б. Сатымбекова, Ғ.Е. Керімбек. Басқару
психологиясы. Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2017. - 464 б.
9. Р.Н. Бегайдарова. Ұйымдастыру теориясы. Оқу құралы. -Алматы :
Book Plus, 2014. - 202 б.
10. В.С. Иванова. Психология управления. Уч.пос. - Томск:из-воТомПУ.
2011.- 88 с.
11. Корпоративті басқару: қазақстандық мазмұн. Оқу құралы. С.А.
Филиннің жалпы редакциясымен – Алматы, 2010ж., 302 б.
12. Корпоративтік этика. Компанияның Байқау кеңесінің 2016 жылғы 10
қазанындағы (№32 хаттама) шешімімен «СҚ-Фармация» ЖШС
Корпоративтік этика кодексі бекітілді
Достарыңызбен бөлісу: |