Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция



Pdf көрінісі
бет59/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   80
Байланысты:
psihologia lecture

Ұжымдағы  тұлғааралық  қарым-қатынасты  жақсартуға  арналған  
тренинг жаттығулар 


Сонымен  әлеуметтік-психологиялық  тренинг  (ӘПТ)  –  бұл  топта  тұлғаға 
бинарлық  психологиялық  әсер  етудің  динамикалық,  бағдарламалық-
мақсаттық жүйесі ретінде. Осындай анықтаманы әлеуметтік психологиядағы 
тұлғаға  бағытталған  бағыт  берді.  Осы  бағытта  психологиялық  әсер  ету 
объектісі  тұлға  болып  табылады,  ал  топ  психологиялық  әсер  етудің 
әлеуметтік  контексті  ретінде  қарастырылады.  ӘПТ  психокоррекция  және 
психореттеудің  ішкі  және  сыртқы  контурларын  біріктіретін  психологиялық 
әсер етудің бағдарлы-мақсатты динамикалық жүйе ретінде. Осындай бағытта 
әлеуметтік-психологиялық  тренинг  тұлғаға  үш  бағытта  әсер  етеді:  тұлғаның 
когнитивті  құрылымын  өзгерту,  оның  эмоционалдық  сферасын  қайта 
қалыптастыру  және  мінез-құлық  модификациясы.  Н.Ю.  Хрящеваның 
пікірінше  «ӘПТ  –  тің  негізгі  мақсаты  қарым-қатынастағы  біліктілікті 
арттыру,  ол  түрлі  формадағы  тапсырмалар  түрінде  берілгенмен,  міндетті 
түрде  білімді,  іскерлік,  дағдыны  қалыптастыруға,  бағдарды  дамытуға 
адамның  перцептивті  қабілеттерін  дамытуға,  тұлғаның  қатынастар  жүйесін 
түзеу мен дамытуға бағытталады».  
Тақырыбы: «Ұжымдағы қарым-қатынасты дамытуға арналған тернингі» 
Ұйымдастыру. Шеңбер болып отыру.  
Сәлемдесу.  Шеңбердегі  адамдар  өздерінің  аттарын  айтып,  жағымды 
қасиеттерін айтып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді.  
Танысу.  Шеңбер  болып  отырамыз.  Енді  сіздер  өз  мінездеріңіздегі  ең  бір 
маңызды  бөлігіне  назар  аударыңыздар.  Ал  енді  бұл  ерекшелікті  өлең 
шумағы, мақал немесе бір-екі сөзбен сипаттап беріңіз. Мысалы, «от пен мұз», 
«кейде аң сияқты ашулы, кейде бала сияқты жылайды» т.с.с. Ойландыңыздар 
ма?  Жақсы.  Ал,  енді  жүргізушінің  оң  жағынан  бастап,  өздеріңізді 
таныстырып  шығыңыздар.  Бірінші  өз  аттарыңызды  айтасыздар,  содан  кейін 
ғана, өз мінез ерекшеліктеріңізді таныстырасыздар. Біз бір-бірімізге алғашқы 
қадам  жасадыңыздар.  Енді  бұл  таныстыруларды  талқылайық.  Жүргізуші 
бастаңыз. Рахмет, ойын аяқталды. 
Метафора.  Әр  адам  басқаларда  қандай  әсер  қалдырады,  қандай 
ассоциациялар  тудырады,  маңызды  ретінде  қабылданама  жоқ  әлде 
ескерілмейді  ме  деген  сияқты  нәрселерді  білгісі  келеді.  Әріптесіңнің 
шығармашылық бейнесін жаса деген бірлескен әрекетке қатысуды ұсынамыз. 
Алдымен  шығармашылық  объектісі  болғысы  келетін  бір  адам  өз  еркімен 
шеңбердің  ортасына  шықсын.  Енді  қатысушыларға  тапсырма:  біздің 
кейіпкерді  көрген  кезде  сіздерде  қандай  бейне  туындайды?  Бұл  бейнеге 
қандай  суретті  қосып  салуға  болады?  Қандай  адамдар  оны  қоршай  алады? 
Суретке қандай пейзаж, фон немесе интерьерді қосуға болады. Бұл кісі сізде 
қандай  кезең  туралы  әсер  тудырады?  Енді  өзіңіздің  шығармашылық 
ойыңызбен белісіңіз. Рахмет. Жүргізуші бастаңыз. Рахмет, ойын аяқталды. 
Эмоциялар 
түсі. 
Жүргізушіні 
таңдаймыз. 
Жүргізуші 
қоңырау 
соғылғаннан  кейін  көзін  жұмады,  ал  басқа  қатысушылар  бір  түс  жасырады 
(қызыл,  жасыл,  көк,  сары).  Жүргізуші  көзін  ашқан  кезде  қатысушылар 
өздерінің  әрекеттерімен,  эмоционалды  күйлерімен  жасырылған  түсті 
бейнелеулері керек. Егер жүргізуші түсті таба алса, келесі адам оның орнына 


шығады,  таба  алмаса,  сол  жүргізуші  қалады.  Барлығы  түсінікті  болса, 
бастайық. Рахмет, бүгінгі тренингіміз ақталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет