қызметкерлердің бұқаралық сөз сөйлеуіндегі фактілердің бұрмалануына
және/немесе жасырылуына, нақты емес ақпараттың таралуын жібермейді.
8.2. Қоғам атынан Интернетті қоса, бұқаралық ақпарат құралдарында
Қоғам атынан бұқаралық өз сөйлеуге, Қоғам оқиғаларын түсіндіруге немесе
Қоғам атынан қандай да болмасын мәлімдеулер жасауға тек қана бұған
уәкілетті лауазымды тұлға және Қоғамның Президентінің (Басқарма
тӛрағасының) бұйрығымен белгіленетін Қоғам қызметкерлері құқылы.
8.3. Қызметкерлер Қоғам атынан сӛз сӛйлеу кезінде іскерлік этика мен
кәсіби мінез-құлықтың жалпы қабылданған нормаларын сақтауға, тек қана
нақты ақпаратты таратуға, сондай-ақ құпия ақпаратты жарияламауға
міндетті.
9. Мүдделер дауы кезіндегі өзара қарым-қатынастардың этика
нормалары.
9.1. Мүдделер дауын болдырмау Қоғамның, оның жұмысшыларының
және Жалғыз акционерінің мүддесін қамтамасыз етудің маңызды шарты
болып табылады. Қоғамның барлық қызметкерлері мүдделер дауынан алшақ
ашық, уақытылы, барабар шешімдердің қабылдануына жауап береді.
9.2. Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері мүдделер дауын
болдырмау үшін: – мүдделер дауын немесе осындай даудың шетін әлеуетті
түрде тудыруы мүмкін кез-келген әрекеттер мен ӛзара қатынастардан алшақ
болуға; – отбасы мүшелерімен басқарылатын немесе оларға тиесілі
артықшылықтарды заңды тұлғаларға беруден қалыс қалуға; – Қоғамға
қатысты мәмілелерде, шарттарда, жобаларда немесе Қоғамның ішкі
құжаттарында кӛзделген тәртіпте өзге де мәселелерге қатысты кез-келген
коммерциялық немесе өзге де мүдделілік (тікелей немесе жанама) туралы
дереу хабарлауға;
Достарыңызбен бөлісу: