Microsoft Word 1 География doc



Pdf көрінісі
бет13/146
Дата08.11.2022
өлшемі16,6 Mb.
#48309
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   146
Байланысты:
журнал казну вестник

Вестник КазНУ. Серия географическая. 2010, №2 (31) 
12 
Шығысты жалғастыратын халықаралық көлік жүйелері (құбыр, автомобиль, темір жол) 
құрылып, олар тиімді экономикалық байланыстарды дамытуға ықпал жасайды. Ал Шынжан-
Ұйғыр ауданын алсақ, ол Қытай мемлекетінің құрамындағы аумақ болғандықтан, Орталық 
Азияға бөлектеп қосу геосаясаттық тұрғыда қарама-қайшылыққа əкеп соғады. 
Біздің қарастырып отырған Орталық Азия елдеріндегі Қазақстанның геоэкономика 
жəне геосаясаттық орны 5 елдің аумағымен (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан, 
Түркменстан) шектеледі. Бұл аймақтың аумағы мен халқының көрсеткіштеріне қарасақ, саны 
жағынан дүниежүзі елдері ішінде 7-ші орынды алады (1-кесте).
1-кесте  
Аумағы жəне халқының саны /5/ 
Елдер 
Аумағы 
мың ш.ш. 
Аймақтағы 
үлесі, % 
есебімен 
Халқы мың
адам, 2008
Аймақтағы 
үлесі, % 
есебімен 
Қала халқының 
барлық халық 
санындағы 
үлесі, % 
есебімен 
Халықтың
1 ш.ш. 
тығыздығы 
Халқының 
ТМД-ғы 
үлесі, % 
есебімен 
Қазақстан 2724,9 68,0 15398 25,0 
57,4 
5,7 5,5 
Қырғызстан 198,1 
4,9 
5224 
8,5 
34,8 
26,0 1,9 
Өзбекстан 447,4 11,2 27072 43,9 
36,0 
59,4 9,6 
Тəжікстан 143,1 3,6 7215 11,7 
26,3 
49,4 2,5 
Түркіменстан 491,0 
12,3 
6700 
10,9 
47,0 
14,0 
2,5 
Барлығы 4004,5 100 61608 100 
40,3 30,9 4,4 
Орталық Азия аумағы көлемінен Қазақстанның үлесіне 2/3 астамы (68,0%) тиесілі, 
яғни, қалған елдердің бəрі Қазақстан аумағына сыйып кетеді. Дүние жүзі елдерінің ішінде 
тоғызыншы орын алады (Ресей – 17075 мың, Канада – 9976, Қытай – 9600, Бразилия – 8512, 
Австралия – 7682, Үндістан – 3288, Аргентина – 2767 мың шаршы шақырым. Бұл аймақтағы 
бес елдің аумағы 3,9 млн ш.ш., ЕО-ның 27 елі алып жатқан аумаққа (4,6 млн ш.ш.) тең 
дерлік. Халқы саны жағынын Өзбекстан аймақта бірінші орында (43,9%), Қазақстан 
Республикасы екінші орынды алады (25,0%), яғни, аймақта осы екі мемлекеттің үлесіне 
халықтың 68,9%-ы келеді.
Халқының саны бойынша айырмашылықтар Орталық Азия елдерінің арасында жұмыс
іздеушілердің көші-қонын тудырады жəне бұл мəселелерді аймақтық келісім арқылы шешуді 
қажет етеді. 2008 жылдың басында экономикалық беделді халықтағы жұмыссыздықтың 
үлесі: Қазақстанда 7,0%, Қырғызстанда 8,3%, Тəжікстанда 7,4%, Өзбекстанда 6,0% болды. 
Бұл көрсеткіштер жұмысқа қамту орындарында ресми тұрғыда тізімімен есептелгендегі 
жұмыссыздардың саны бойынша, ал, нақтылы жұмыссыздардың үлесі жоғарғы көрсетілген 
көрсеткіштерден 2–3 есе көп болуы мумкін. Мысалы, Дүниежүзілік банктің мəліметтері 
бойынша жұмыссыздық деңгейі Өзбекстанда 20%, Тəжікстанда 7,4%, Қырғызстанда 18%, 
Түркіменстанда 25%, Қазақстанда 7,3%-ды көрсетеді (2008 ж.). Орталық Азияда елдердің 
ішінде жұмыссыздық проблемаларын шешуде Қазақстанның рөлі үлкен. Жалпы алғанда 
Орталық Азия елдері жұмыс күшін экспорттаудан 12 млрд. доллар табыс табады. 
Қазақстандағы еңбек күші мигранттары өз еліне 1–2 млрд. доллар ақша аударады.
Тəжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде халықтың санының ұзақ мерзімде өсуі, 
табиғи өсімнің көші-қондық кемуден жоғары болуына байланысты. Мысалы, 2008 жылы 
1000 мың адамға шаққанда табиғи өсім осы ретте 24,4; 17,1; 16,2 адам болады. 
Қазақстандағы халықтың өсуі табиғи өсіммен бірге (10,6 адам) сырттан келушілерге 
(оралмандар) байланысты болып отыр. ТМД елдерімен салыстырсақ, табиғи өсім Украинада 
– 6,0; Арменияда – 3,5; Ресейде – 3,4; Беларуста – 3,0; Молдовада – 2,2; Грузияда –
1,3 адамға тең.
Орталық Азия аймағының басты ерекшелігі – əлемде отын-энергиялық ресурстар қоры 
жəне онымен қамтамасыз ету деңгейімен жоғарғы қатарда: мұнайдан 11-ші, газдан – 4-ші, 
көмірден – 8-ші, ураннан – 2-ші, су энергиясынан 6–8-ші орынды алып отыр. Ал 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет