Microsoft Word 1 География doc



Pdf көрінісі
бет14/146
Дата08.11.2022
өлшемі16,6 Mb.
#48309
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   146
ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы. 2010, №2 (31) 
 
13 
Қазақстанды алып қарасақ, мұнай қоры бойынша Қазақстан 8–10-шы, газдан 12-ші, көмірден 
6-шы, ураннан 2-ші орынды алады. Аймақта мұнай, газ, уран қоры Қазақстанда шоғырланған 
(мұнайдан үлесі – 87,8%, газдан – 41%, көмірден – 90%, ураннан – 87,3%), яғни, аймақта 
жетекші рөл атқарады. Дегенмен, Ұлттық компаниялар мен ресми органдардың 
мəліметтеріне жүгінсек, кəзіргі кезеңде газ қорынан Түркіменстан алға шығып отыр. Болжау 
бойынша бұл елдің (Каспий қайраңын қосқанда) 85% аумағында газ өндіруге болады, ал газ 
қорын 3 трлн м
3
– 23 трлн м
3
аралығындағы көрсеткіштерімен бағалайды. Əлемде газ 
қорынан Ресей бірінші орында (47,0 трлн. текше м.), екінші – Иран (26,7), үшінші – Катар 
(25,7), төртінші – Орталық Азия (8,01), бесінші – Сауд Аравиясы (6,65), ал газ өндіруден: 
Ресей (578 млрд.текше м.), АҚШ (549,5), Канада (180), төртінші – Орталық Азия (154,8), 
бесінші Ұлыбритания (102,7) алады. Болашақта газ құбыры жүйесінің дамуына жəне 
Қытайға, Батыс Еуропаға газ экспорттаудың ұлғаюына байланысты Орталық Азия елдері
оның ішінде Қазақстан алдыңғы қатарда көрінуі мүмкін. Уран өндіруден Орталық Азия 
елдері 2008 жылы 14612 тонна уран өндіріп, дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Оның 
95,8% Қазақстанның үлесіне тиеді (2009 жылы 14 мың т уран өндірді), Канада 9475, 
Аустралия – 8603, Ресей – 4095, Намибия – 3710 т. уран өндірді. Орталық Азия көмір 
өндіруден 10-шы орын, электр энергиясын шығарудан 19-шы орын алады, 30 түрлі метал 
рудаларын өндіруден алдыңғы 1–20 орындарда тұр. Алтын өндіруден 9-шы орынды 
(Өзбекстан – 90 т, Қырғызстан – 24 т, Қазақстан – 18,9 т) алады. Жер ресурстары көлемінен 
10-шы орында (Қазақстан 19,4 млн. га., Өзбекстан 4 млн. га., Қырғызстан 1,4 млн. га., 
Тəжікстан 0,9 млн. га.). Көкөніс жəне бақша өнімдерінен əлемде 16-шы орында, мақта 
өндіруден 5-ші, ірі-қара мал санынан 20-шы орынды алады. 
Жалпы алғанда, Орталық Азия елдері өзін-өзі табиғат ресурстарымен қамтамасыз 
ететін, халықтың өмір сүруін қажетті деңгейге көтеретін, дүние – жүзі экономикасына 
бəсекелестікке төтеп бере алатын, халықаралық еңбек бөлінісінде жəне геосаясатта өзіндік 
орны бар, яғни, басқа мемлекеттер санасатын аймақ деп баға беруге болады. Ал, 
Қазақстанды алсақ, табиғат қорының көптеген параметрлерінен аймақта жетекші рөл 
атқарады. 
Аймақ елдерінің экономикасының дамуын дүние жүзілік экономикалық дағдарысқа 
дейін (2007 жылдың екінші жартысынан басталды) тұрақты өсуін, оның ішінде, Қазақстан 
экономикасының 2007 жылға дейін тұрақты өсу үрдісінде болғанын, ішкі жалпы өнімінің 
(ІЖӨ) өсу қарқынынан байқауға болады. Дүниежүзілік экономикалық дағдарысқа 
байланысты ұлттық экономиканың өсу қарқыны əртүрлі деңгейде кеми бастағанын көруге 
болады (2-кесте).
2-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет