Microsoft Word аталық модуль толық


Еннің эндокринді қызметтері



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата15.11.2023
өлшемі1,04 Mb.
#123484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
аталық модуль толық

 
Еннің эндокринді қызметтері 
Безде сперматогенезге негіз (түрткі) болатын, екіншілік жыныстық белгілердің 
дамуына, мускулатураның (бұлшық еттердің) өсуіне жағдай жасайтын жəне аталық 
жыныстық мінез- құлық əрекетін (либидо) қалыптастыратын аталық жыныс гормондары 
түзіледі. Олар Лейдиг интерстициальді эндокриноциттерде түзіліп шығады. Бұл 
эндокриноциттер иректелген түтікшелерінің араларындағы интерстициальды дəнекер 
тіндеріндегі гемакапиллярларға жақын, кейде жеке- жеке немесе көбінесе топтасып та 
орналасады. Эндокриноциттер дөңгелек, шеңберлене келген пішінде немесе көп 
бұрышты, кейде ұршық тəрізді де болып келеді. Ірі ядросы жəне оксифильді боялған 
цитоплазмасында жұмыр түйіршіксіз эндоплазмалық тор мен митохондриялары болады. 
Митохондрияларда өте ұсақ майда кристалары орналасады. Бұлар стероидтық гормондар 
биосинтезі 
жүретін 
органеллалар 
болып 
саналады. 
Цитоплазмада 
көптеген 
пероксисомалар да болады. Сондай-ақ жасуша қосындыларында гликогендер, 
гликопротеиндер, липидтер де баршылық. Адамның жасы ұлғайған сайын Лейдиг 
жасушаларында пигментті 
липофусцинді
қосындылар пайда болады. Бұлармен қоса 


МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ 
НУО КАЗАХСТАНСКО
-
РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 

кристаллоидты қосындылар 
Рейнке кристаллдары 
да кездеседі, бұлардың қызметі əлі 
белгісіз, белокты құрылымдар. Лейдиг жасушаларының генерациясы 2 түрлі:

Эмбриональді түрі, нəресте дүниеге келгеннен кейін жойылады.

Дефинитивті, ол жыныстық пісіп жетілген кезде пайда болады. Генерациясының 
екі түрінде де эндокриноциттер шамадан тыс көбейеді де, жыныстық жетілуден кейін 
иректелген ұрық түтікшесінің көлемінің 12- 15% - ына жетеді. Лейдиг жасушалары, 
тестостерон
гормонынан басқа, біраз мөлшерде 
окситоцин 
жəне 
пептидтер, 
меланотропин, липотропин, аденокортикотропиндерді
түзеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет