Microsoft Word Лекциялар жинағы Физик doc


лекция МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА НЕГІЗДЕРІ Молекулалық физика және термодинамика



бет23/42
Дата17.11.2022
өлшемі0,56 Mb.
#50806
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
лекция

МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА НЕГІЗДЕРІ


Молекулалық физика және термодинамика макроскопиялық денелердің, былайша айтқанда, өте көп микробөлшектерден ( молекулалар, атомдар, иондар, электрондар т.с.с.) тұратын денелердің физикалық қасиеттерін зерттейтін физиканың бөлімдері. Осы қасиеттерді зерттеу үшін сапалы түрде алшақ және бірін-бірі толықтыратын екі әдіс қолданылады: молекулалы- кинетикалық (статистикалық) және термодинамикалық.
Жүйелерді құрайтын микробөлшектердің қозғалысы сипаттамаларының орташаланған мәндері негізінде макроскопиялық жүйелердің қасиеттерін зерттеу әдісі, молекулалы – кинетикалық (статистикалық) әдіс деп аталады.
Жүйелерде жүретін энергияның алмасу заңдарына сүйене отырып макроскопиялық жүйелердің қасиеттерін зерттеу әдісі термодинамикалық деп аталады.

Молекулалық физика - заттардың құрылымы мен қасиеттерін, барлық денелер молекулалардан тұрады деген молекула-кинетикалық көзқарас тұрғысынан зерттейтін физиканың бір бөлімі.



    1. Молекула-кинетикалық теориясының негізгі қағидалары:




  1. барлық заттар бөлшектерден тұрады (молекулалар, атомдар);

  2. бұл бөлшектер бейберекет қозғалыста болады;

  3. бұл бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі.

Осы қағидалардың әрқайсысын практика жүзінде қатаң дәлелдейтін кейбір құбылыстар бар. Барлық заттардың қасиеттері, осы заттарды құрап тұрған элементар бөлшектердің қасиеттеріне және осы бөлшектердің бір-бірімен өзара әсерлесу сипатына тәуелді.
Бөлшектердің (молекулалар, атомдар) өлшемі мен массасы өте аз екенін атап өту керек.


Молекуланың өлшемі (диаметрі) ~10–10м тең, сондықтан да тіпті кішкене зат мөлшерінде де олардың саны орасан көп. Мысалы, 18 грамм суда
~61023 молекула бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет