Microsoft Word Лекциялар жинағы Физик doc



бет31/42
Дата17.11.2022
өлшемі0,56 Mb.
#50806
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
Байланысты:
Дәріс Физика пәні

Өткізгіштің маңайындағы вакуумдегі электр өрісінің кернеулігі:
E σ
.

ε 0
Зарядталмаған өткізгішті электр өрісіне еңгізгенде заряд тасушылары қозғала бастайды: оң таңбалы тасушылар E векторымен бағыттас қозғалса, теріс таңбалы тасушылар – кері бағытта қозғалады. Соның нәтижесінде
өткізгіштің ұштарында, индукцияланған заряд деп аталатын, таңбалары қарама-қарсы зарядтар пайда болады. Бұл процесс өткізгіштегі зарядтар тепе- теңдігінің (1,2) шарттары орындалғанда ғана тоқтайды.Сыртқы электростатикалық өрістегі өткізгіш зарядтарының қайта таралуы электростатикалық индукция құбылысы деп аталады.
Оқшауланған өткізгіштің потенциалы оның зарядына пропорционал:
q Cϕ .
Потенциал мен заряд арасындағы C пропорционалдық коэффициенттін өткізгіштің электр сыйымдылығы деп атайды. Сыйымдылық сан жағынан өткізгіштің потенциалын бір өлшемге арттыру үшін өткізгішке берілетін зарядқа тең:
C q
.

ϕ
Электр сыйымдылығының өлшем бірлігі - фарад (Ф): 1Кл заряд берілгенде потенциалын 1 В-қа өзгертетін оқшауланған өткізгіштің сыйымдылығы 1Ф-қа тең деп алынады.
Өткізгіштің сыйымдылығы оның өлшемдері мен пішініне тәуелді. Мысалы, радиусы R шар тәрізді өткізгіштің сыйымдылығы:

C q q

4πε 0 R
 4πε 0 R .

Өлшемдері шамалы және қоршаған денелермен салыстырғанда потенциалы азғантай болғанымен, өздерінде едәуір зарядты жинақтай алатын құрылғыны конденсатор деп атайды. Конденсатор бірінен-бірі диэлектрик қабатымен бөлінген қос өткізгіштен (астарлардан) тұрады. Өріс конденсатордың ішінде ғана жинақталады, ал кернеулік сызықтары оның бір астарларынан басталып екіншісінде аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет