Молекулалық физика және термодинамика макроскопиялық денелердің, былайша айтқанда, өте көп микробөлшектерден ( молекулалар, атомдар, иондар, электрондар т.с.с.) тұратын денелердің физикалық қасиеттерін зерттейтін физиканың бөлімдері. Осы қасиеттерді зерттеу үшін сапалы түрде алшақ және бірін-бірі толықтыратын екі әдіс қолданылады: молекулалы-кинетикалық(статистикалық) және термодинамикалық. Жүйелерді құрайтын микробөлшектердің қозғалысы сипаттамаларының орташаланған мәндері негізінде макроскопиялық жүйелердің қасиеттерін зерттеу әдісі, молекулалы – кинетикалық (статистикалық) әдіс деп аталады.
Жүйелерде жүретін энергияның алмасу заңдарына сүйене отырып макроскопиялық жүйелердің қасиеттерін зерттеу әдісі термодинамикалық деп аталады.
Молекулалықфизика- заттардың құрылымы мен қасиеттерін, барлық денелер молекулалардан тұрады деген молекула-кинетикалық көзқарас тұрғысынан зерттейтін физиканың бір бөлімі.
Молекула-кинетикалықтеориясыныңнегізгіқағидалары:
барлық заттар бөлшектерден тұрады (молекулалар, атомдар);
бұл бөлшектер бейберекет қозғалыста болады;
бұл бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі.
Осы қағидалардың әрқайсысын практика жүзінде қатаң дәлелдейтін кейбір құбылыстар бар. Барлық заттардың қасиеттері, осы заттарды құрап тұрған элементар бөлшектердің қасиеттеріне және осы бөлшектердің бір-бірімен өзара әсерлесу сипатына тәуелді.
Бөлшектердің (молекулалар, атомдар) өлшемі мен массасы өте аз екенін атап өту керек.