МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
НУО КАЗАХСТАНСКО-
РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
ЕС – жасушалары; серотонин, мелатонин жəне
Р затын бөліп
шығарады. Серотонин кілегейлі қабықтың қан айналым қызметін реттейді.
Сонымен қатар, негізгі жəне шырышты жасушаларының қызметінің
белсенділігін сақтайды.
Мелатонин болса, жасушалардың биоритмдік
(күндізгі жəне түнгі) қызметін реттейді.
Р- заты, ішектердің моторикасына (жиырылғыштық) əсер етеді. (ауру
модуляторы).
ЕCL− жасушалары, гисталинді синтездейді. Асқазанның қабырғасының
жиырылғыштығын, жасушаларының қызметін реттейді.
G− жасушалары; гастринді синтездеп, негізгі жəне париетальді
жасушалардың қызметін реттейді.
Энкефалинді өңдеп, ауруды сездіру
қызметіне жауапты.
D-
жасушалары;
соматостатинді
өңдеп,
бездердің
синтезін,
жасушалардың сөл бөлуін реттейді.
D
1
- жасушалары; Вазоинтестиналді полипептидтерді бөледі (ВИП). ВИП
ет миоциттердің қызметін тежейді, қан қысымын төмендетіп,
асқазан
бездерінің қызметін реттейді.
А- жасушалары энтероглюкогенді синтездейді, бұл гормон қандағы
қанттың мөлшерін көбейтіп, асқазан эпителиінің шырыш бөлуін реттейді.
Қорыта келе, барлық эндокриноциттердің қызметтеріне :
• Кілегейлі қабықтағы қанайналым жүйесіне,
• Асқазан бездерінің қызметтеріне,
• Асқазан мен ішек қабырғасының моторикасына жауапты екені
анықталған.
Мойын мукоциттері бездердің мойын бөліктеріне орналасады. Бұлардың
цитоплазмасында муциннің синтезіне қатысатын
шырышты көпіршіктері
болады. Эпителиоциттерден бөлінген шырыш жасушаларды тұз қышқылы
мен пепсиннің əсерінен сақтайды.
Мукоциттер аз дифференциаланған,
митоз жолымен көбейтеін жасушалар. Сондықтан бұлар бездер мен
шырышты қабаттың эпителиоциттерінің регенерациясына қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: