Асқазанның кардиальді бездерінің құрылыс ерекшеліктеріне:
• Кардиалді бездерінің секреторлы бөлігі фундальді бездерге қарағанда,
жақсы тармақталған;
• Кардиальді бездердің мойын бөлігі қысқа;
• Кардиальді бездердің құрамында мукоциттері көп, аздаған негізгі,
париетальді жəне эндокринді жасушалары (Ес пен ЕСL) болады.
Пилорикалық бездердің құрылыс ерекшелігі:
• Сирек орналасуына байланысты арасындағы БТҚДТ- нің элементтері
анық көрінеді;
• Секреторлы бөліктері тармақталған, қуыстары кең;
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
• Париетальді жасушалары болмайды (болса да, аз). Шырышты
мукоциттері көп.
• Пилорикалық бездер дипептидазаларды синтездейді;
• Бездің өзектері асқазанның ең терең шұңқырларына ашылады.
Кілегейлі қабықтың ет пластинкасы ет жасушаларының үш қабатынан:
ішкісі мен сыртқысы айналмалы, ал ортаңғысы бойлық (тік) түрінде
орналасқан.
Кілегейлі асты негізі БТҚДТ - нен тұрады. Құрамында артериалді,
венозды қан тамырларының тармақтары мен нерв талшықтары, түйіндері
(Мейснер денешігі )болатын қабығы.
Ет қабығы тегіс салалы ет тіндерінен: ішкісі қиғаш, ортаңғысы
айналмалы, сыртқысы тік орналасып , үш қабаттан тұрады. Ет қабығының
құрамында БГҚДТ, ондағы нервтер (Ауэрбах байламдары) мен қан
тамырлары болады.
Серозды қабығы екі қабаттан тұрады. Ішкісі БТҚДТ, сыртқысы
мезотелий.
Аш ішек
Қызметтері:
• Тағамды қорыту; ұйқы безінен бөлінген сөл мен фермент
дипептидазаның көмегімен тағам қуыстық жəне қабырғалық қорытылып
сорылады.
• Сору қызметі тағамның құрамындағы көптеген пайдалы өнімдері қан
мен лимфаға сорылып, сіңеді. Бұған өзіндік себептестігін тигізетін ішектің
кілегейлі қабығындағы эпителиидің жиектері (микробүрлері).
• Секреторлы қызметі шырышты, əрі ферментті (дипептидаза) ішек
сөлін бөледі.
• Эксекреторлы қызметі аш ішекте зат алмасудың соңғы өнімдері пайда
болады.
• Эндокринді қызметі жекеленіп орналасқан эндокриноциттері (ЖОЕ)
көптеген гормондар бөледі.
• Қорғаныс - барьерлік қызметі шырыш пен лимфоидты түйіндердің
көмегімен жүреді.
Аш ішектің құрылысында асқазан қабырғасындағы қабықтар мұнда да
болады: кілегейлі,кілегей асты, етті жəне серозды. Ішкі кілегейлі
қабығының рельефі тегіс емес, онда қатпарлары (циркулярлы), бүрлері,
крипталары (бездері) болады. Аталған құрылымдары ішек қызметтері үшін
|