Microsoft Word модуль Асқорыту жүйесі толық



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата19.12.2022
өлшемі3,28 Mb.
#58078
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ 
НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ 
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 
жасушалары дамиды. Ұрықтың екі - айында асқазан бездерінің эпителиі 
қалыптасады. 
Сыртқы 
мезотелиі 
спланхнотомның 
вицералді 
жапырақшасынан дамиды.
Құрылысы. Макроскопиялық зерттеулерде асқазанда: кардиалді, 
функционалді, денесі жəне пилорикалық бөліктерін: ал гистологиялық 
зерттеу барысында үш бөлігін: түбі, денесі жəне пилорикалық бөліктері 
анықталған. Асқазан қабырғасында қабықтары бар, қуысты мүше. 
Қабырғасында кілегейлі, кілегей асты негізі, етті жəне серозді қабықтары 
ажыратылады. 
Асқазанның 
əрбір 
бөлігіндегі 
кілегейлі 
қабығының 
гистологиялық құрылыс ерекшеліктері байқалады: кілегейлі қабықтың 
рельефі тегіс емес: шұңқырлары, аймақтары, қатпарлары анықталған.  
Асқазан 
шұңқырлары- 
кілегейлі 
қабық 
эпителиінің 
меншікті 
пластинкаға ойыс жасап енуі. Қатпарлары- асқазанның кілегейлі қабығы мен 
кілегей асты негізінің асқазан қуысына қарай көтеріліп шығуы. Аймақтары- 
бездердің топтасып орналасқан тұстары. Асқазанның қабырғасындағы 
шұңқырлары мен қатпарлары кілегейлі қабығындағы функционалді 
құрылымдары болып саналады. Кілегейлі қабық үш қабаттан тұрады: 
эпителий, эпителидің меншікті жəне ет пластинкаларыЭпителий қабаты- 
бір 
қабатты 
безді, 
призмалы 
пішінді 
эпителиоциттерден 
тұрады. 
Жасушалары-эпителиоциттер; олардың көбі мукоциттер. Мукоциттердің 
апикальді жəне базальді полюстері болады. Базальді бөлігінде ядросы
түйіршікті, түйіршіксіз ЭТ, ал апикаьлді бөлігінде көптеген шырышты 
көпіршіктері көрінеді. Шырыштың құрамында антидене LgА анықталған. 
Сонымен қатар, меншікті пластинкасындағы плазмоциттерден синтезделетін 
лизоцим мен антибактериоцидтік факторлар болады.
Асқазанның жабынды эпителиі секреторлы компонент бөліп, кілегейлі 
қабыққа əсер ететін зиянды заттарға төзімділік қасиет береді. Шырыш 0.5 
мкм қалыңдықтағы қабат түзіп, асқазанның кілегейлі қабығын жағымсыз 
агенттерден сақтайды. Осылардың нəтижесінен асқазанда шырышты-
бикарбонатты барьер түзіледі. Кілегейлі қабықтың эпителиоциттері көп 
мөлшерде простагландиндерді бөліп, шырыштың бөлінуін, кілегейлі 
қабықтағы қан тамырларының қызметін реттеп отырады.
Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы БТҚДТ- нен тұрады. Бұл 
пластинкада көптеген бездері болады. Асқазан бездері - қарапайым 
түтікшелі, тармақталмаған. Өзектері асқазан шұңқырында ашылады. 
Асқазан бездері үш бөліктен тұрады: түбі, денесі жəне мойны. Асқазан 
бөліктерінде орналасуына байланысты бұл бездер мына топтарға жіктеледі: 
кардиальді, фундальді жəне пилорикалық. Бұлардың құрылысы мен 
жасушалық құрамы əртүрлі.
Сан жағынан ең көбі фундальді бездері. Бұлардың секреторлы бөлігі 
нашар тармақталған. Құрамындағы жасушалары:
• Негізгі ; 
• Париетальді ; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет