14
сомалық буданы жəне
жануарлар сомалық буданы деген екі
бағытта кең қолданылады. Сомалық буданның жыныстық
буданға қарағанда артықшылығы көп, əдетте жынысты
буданнан алынған ұрпақ ата–анасының бізге қажет емес
жарамсыз белгілерін ала жүру əбден мүмкін. Онда бізге қажет
бағалы бір ғана белгі болуы мүмкін емес. Осы себептен де
жынысты жолмен будан ұрпақ алу генетикада шектелген. Тіпті
біз көздеген қасиетімізбен қатарласып, зиянды белгінің де
жарыққа шығу мүмкіншілігінде жоққа шығаруға болмайды,
осындай белгілердің жарыққа шығуын жою үшін, қайта–қайта
будандастыру керек. Ал бұл уақытты зая кетіреді жəне қаражат
жағынан шығынды артады, жыныстық будан физиологиялық
жағынан ғана жақын түрлермен ғана шектеледі. Міне,
сондықтан жыныстық будан биотехнологияның даму қажетінің
талабынан шыға алмайды, сол себепті ғалымдар көп еңбек ету
арқылы сомалық буданды ойлап тапты. Сомалық будан нəти-
жесінде жыныстық процесс арқылы емес, басқа клеткалардың
қосылу нəтижесінде будан алынады. Бұл будандастыру
жыныстық будандастырудағы физиологиялық жақын түрлермен
шектелмей, түр аралық қана емес туыс аралық, тіпті, оданда
алшақ түрлерді будандастырады.
Жануарлар биотехнологиясында клеткалық инженерияны
моноклонды антиденелерді алу үшін пайдаланады.
Моноклонды
антиденелер В-лимфоцитер мен ісік клеткаларды будандастыру-
дың нəтижесінде пайда болған өнім. Емханаларда зиянды, уытты
заттарды табу үшін, қазіргі кезде əртүрлі патогенді микроорга-
низмдерді анықтау үшін моноклонды антиденелерді қолданады.
Сомалық клеткаларды химиялық, яғни арнайы химиялық
заттармен, əсіресе, фюзогендермен (мысалы, полиэтиленгли-
кольмен) өндеп, жəне физикалық (мысалы, электро өрісімен
өндеп) тəсілдер арқылы будандастырады. Клеткалық инженерия
əдістеріне протопластарды, сомалық клеткаларды қосып будан-
дастырудан басқа, клеткалардың жеке бөліктерінен оларды
қайта құрастыру (реконструкциялау) да жатады. Клетканы
Достарыңызбен бөлісу: