Microsoft Word на 5 формат doc



Pdf көрінісі
бет11/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#23839
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   100
қайта  құрастыру  (реконструкциялау) – клетканың  құрамына 
кіретін  ядроны,  цитоплазманы,  митохондрияларды,  хлороплас-
тарды,  хромосомаларды  бір  клеткадан  басқа  клеткаға  көшіру 
негізінде мүлдем жаңа клетканы жасау. 


 
15
Ақуыздық  инженерия  жəне  инженерлік  энзимология 
əдістері.  Ақуыз  заттар  тіршіліктің  негізгі  көзі  деп  қаралатын-
дықтан,  организм  денесі  тұтас  ақуыз  заттардың  жиынтығы 
(протеом)  болып  есептелінеді.  Осы  заттар  қазіргі  қоғамдағы  ең 
көп  сұранысқа  ие  болған  биотехнологияның  ең  басты  зерттеу 
нысанысына  айналды.  Протеомика  ғылымының  мақсаты  –
организмнің  геномындағы  кодталған  барлық  ақуыздарды  жəне 
олардың  бір-бірімен  байланысын  анықтау.  Протеомиканың 
əдістемелік  базасы – тірі  жүйедегі  ақуыздардың  биохимиялық 
құрамы туралы ақпаратты алу.  
Организмде  тіршілік  процестерінің  бірқалыпты  жүруі  фер-
менттер əсеріне байланысты. Ферменттік реакцияларда тулатын 
жайсыз  өзгерістер  əртүрлі  паталогияға,  дертті  өзгерістерге 
əкеліп  соғады.  Ферменттердің  белсенділігін  анықтау  арқылы 
əртүрлі өзгерістерге тұжырым жасап, адамның, жануардың ауру 
жағдайын,  диагностикасын  бақылайды.  Емханаларда  кейбір 
ауруларды  емдеуде  пепсин,  трипсин,  химотрипсин  сияқты 
протеолиттік ферменттерді  пайдаланады. Бір қатар ферменттер 
тамақ  өнеркəсібінде,  жеңіл  өнеркəсібінде  қолданады.  Фермент-
терді  тоқыма,  фармацевтика,  былғары,  медицина,  ауыл  шаруа-
шылығы,  органикалық  жұқа  синтезде  жəне  т.б.  өндірістердің 
əртүрлі  салаларында  биологиялық  катализаторлар  ретінде 
пайдаланады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет