23
каллус жасушалары гормондарды қажет етпейді, олар гормон-
дарға прототрофты келеді, себебі өздерін-өздері қамтамасыз ете
алады.
Өндірісте иммобилденген жасушаларды жалпақ түбіне
негізделген биоректорларда немесе бағана (колонна) тəрізді
биореакторларда өсіреді. Өндірісте қолданылатын иммобил-
денген жасушаларды өсіру үшін биореактордың бағана тəріздесі
қолайлы, өйткені мұнда орын үнемделеді жəне жасушалар
арқылы ағып жатқан қоректік ортаны бақылау оңайланады.
Иммобилденген жасушалар түрлі заттардың биотрансформа-
циясына да қолданылуы мүмкін. Көптеген жануар жасушасын
антидене сияқты ақуыздарды бөліп шығарады. Бірақ бір жасу-
шаның бөліп шығаратын ақуызының шамасы өте аз болады,
қайткенде көп мөлшерде
ақуыз шығарып алуға болады, ол
үшін зор көлемде жануар жасушасын өсіруі керек.
Достарыңызбен бөлісу: