22
Ұлпаны бөліп алуды жəне оны қоректік ортаға отырғызуды
ламинар боксінде өткізеді. Бұл бокстің ішіне фильтрден
өткізіліп, микроорганизмдерден тазартылған ауа беріліп тұрады.
Организмдің əрбір түрі, тіпті сол бір түрінің кез келген мүше-
лері мен ұлпалары жақсы өсу үшін белгілі қоректік ортаны
талап етеді. Қоректік ортаның құрамына минералды тұздар,
көмірсулар, витаминдер, фитогормондар, амин қышқылдары
кіреді
(1-қосымша). Жасушалар in
vitro жағдайында көмірсуте-
гіне мұқтаж, себебі олар гетеротрофты қоректенеді. Көмірсутегі
ретінде сахароза немесе глюкоза қосылады. Қоректік ортаны
таңдау организмнің түріне жəне тəжірибенің мақсатына байла-
нысты келеді.
In vitro жағдайында өсімдіктердің маманданған (дифферен-
цияланған) жасушалар, бөліну қабілеті тежелген жасушалар
қайтадан бөліне бастайды, яғни меристемалық күйіне оралады.
Толық белгіленген дифференцияланған жасушаларда проли-
ферация (яғни бөліну арқылы көбею) қабілетінің қайта пайда
болуы
дедифференциялану үдерісі деп аталады. Ал
диф-
Достарыңызбен бөлісу: