25
кезеңі, бұл кезде жасушалар бөлініп, созылып өсе бастайды.
Келесі
экспоненциалды даму кезеңі басталады, жасушалар
жылдам бөлінеді, жасушалар көбейеді, олардың биомассасының
жоғарылауы байқалады. Экспоненциалды немесе лог-фазада
өсу жылдамдығы өте қарқынды, уақыт өткен сайын екі еселеніп
өседі. Əрі қарай қоректік ортаның қоспа бөлшектері біртіндеп
төмендейді, жасуша метаболиттерінің құрамы артады, жасуша-
лар өсуі мен көбею қарқының төмендесуіне əкеліп соғады. Бұл
баяу өсу кезеңі (
өсудің бəсендеу фазасы).
Стационарлық кезең –
бұл жаңадан пайда болатын жəне жасаушалардың тең қатынасы
салдарынан қоректік ортада жасушалар санының бірталай
тұрақтылығымен сипатталады. Ақырында жасушалардың бір-
тіндеп жойылып құруы, өсу мен көбеюі жоғарыда көрсетілген
кезеңдердің жүру ұзақтығына, биопродуценттің физилогия
ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы,
Baccillus thuringiensis–
тің өсу циклі – 36 сағат,
Аspergillus awamori – 144 сағат.
Жасушалардың өсуі S-тəрізді қисық сызықпен бейнеленеді
(3-
сурет).
Достарыңызбен бөлісу: