зиясы(лат. suspension – асып қою) – жеке жасушаларды немесе
кішігірім жасушалар топтарын аппаратура арқылы ауамен
қамтамасыз етіп жəне араластыра отырып сұйық қоректік ортада
өсіру. Жасушаларды өсіргенде қоректік ортаның осмос қысы-
мын да ескеру керек. Жоғары осмос қысымы қоректік заттарды
жасушалардың сіңіруін қиындатады. Экспланттан пайда болған
каллус ұлпаларды əрбір 3-4 апта сайын жаңа қоректік ортаға
көшіріліп отырса, олар шексіз ұзақ өсе береді. Осындай морфо-
генді каллусты жарықта, 27
0
С температурада өсіргенде
регенерант-өсімдік дами бастайды .
Жасушаларды жасанды жағдайында өсіргенде олардың бір
өсу кезеңнен екіншісіне өтуін ішкі жəне сыртқы факторлар бақылайды. Ішкі факторларға пролиферативтік қор, созылып
өсу ұзақтығы жəне жасушаның күйі жатады. Сыртқы фактор- лар: қоректік ортаның құрамы, рН, оттегінің мөлшері, тем-
пература, жасушалар тығыздығы. Жасушалар өскен сайын
оларды жаңа ортаға көшіру керек, яғни пассаждау (фр. passage -
егу) – жасушаларды жаңадан дайындаған қоректік ортасы бар
шыны ыдысқа ауыстырып отырғызу. Трансплантты немесе сұйық
қоректік ортада өскен жасушалардың бөлігін (инокулюмды)
жаңа қоректік ортаға отырғызғаннан бастап келесі жаңа
қоректік ортаға ауыстырғанға дейінгі өсу кезеңін - өсіру циклі (гр. kyklos- дөңгелек, шеңбер) деп атайды.