Microsoft Word на 5 формат doc



Pdf көрінісі
бет22/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#23839
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   100
Бақылау сұрақтары: 
1. Биотехнологияда пайдаланатын нысаналары қандай? 
2. Жасанды  ортада  өсірілетін  жасушалар  неліктен  биотехнологияның  
нысаналары бола алады? 
3. Ферментациялық  жабдықтарға не жатады? 
4. Ферментативтік үдерістің химиялық синтезден қандай айырмашылығы 
бар? 
5. Жасушаларды өсіру тəсілдері мен əдістеріне сипаттама берініз. 
6. In vitro жағдайында жасушалардың өсуіне қандай факторлар əсер етеді?  
7. Жасушалардың өсуі кезеңі қандай?  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
29
ҮШІНШІ ТАРАУ 
 
 
 
КЛЕТКАЛЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯНЫҢ  
НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫ 
 
 
 
 
3.1. Микроорганизмдер биотехнологиясы 
 
3.1.1. Биосинтездік өнеркəсібі 
Қазiргi уақытқа осы заманғы адамның тамақтану құрылымы 
бойынша жиналған деректер тағамның ауыстырылмас құрылым-
дық  бөлiктерiн  жеткiлiксiз  тұтыну  алатындығы  кең  тарағанын 
көрсеттi. Ұсынылатын тұтыну мөлшерін ескере отырып, қазiргi 
адамның  рационын  оңтайландыру  денсаулыққа  зиян  келтiрмес-
тен  табиғи  азық-түлiк  өнiмдерiн  тұтынуды  қарапайым  жолмен 
ұлғайтуға  қол  жеткiзу  мүмкiн  емес,  бұл  жаңа  тəсiлдер  мен 
шешiмдердi қажет етедi. Мұндай тəсiлдердiң бiрi тағамға поли-
витамин, витаминдiк-минералдық қоспалар жəне өсiмдiк кешендер 
түрiнде  табиғи  биологиялық  белсендi  заттардың  биологиялық 
белсендi  қоспалары  болып  табылады.  Биологиялық  белсенді 
заттарды, яғни биоөнiмдi əртүрлi жiктейдi, мысалы, парафарма-
цевтика – дəрi-дəрмекке  жақын  заттар;  нутрицевтика – сауық-
тыру  қоспалары  қосылған  азық-түлiк  өнiмдерi;  витаминдi-
минералдық кешендер. Өсiмдiк жəне жануар шикiзатынан барлық 
биологиялық  белсенді  қосылыс  (ББҚ)  топтарын  химиялық 
экстракциямен  де,  биотехнологиялар  көмегiмен  де  алады.  ББҚ 
нарыкқа шығару дəрi-дəрмек жəне диагностикалық препараттар 
шығару  сияқты  рұқсат  беру  рəсiмдерiн  талап  етпейдi,  бұл 
өндiрiстiң  тартымдылығын  жəне  iс  жүзiнде  барлық  ең  iрi 
фармацевтикалық  жəне  биологиялық  фирмалардың  қатысуын 
шарттайды.  Азық-түлiк  өнiмдерi  өндiрiсiнiң  көлемiн  ұлғайтудан 
гөрi  организмдi  тапшы  заттармен  қосымша  қамтудың  тез  жəне 
қол  жетерлiк  қажеттiлiгi  туралы  шешiм  сұранып  тұрғандай. 


 
30
Осындай  рөлдi  бүкiл  дүниежүзiне  тараған  əртүрлi  фармацевти-
калық  түрдегi (тұнбалар,  экстракттар,  бальзамдар,  шырындар, 
концентраттар,  изоляттар,  ұнтақтар,  дəрiлер,  капсулалар  жəне 
т.б.) не биологиялық белсендi заттар қосылған азық-түлiк өнiмдер 
түрiндегi  тамақ  iшу  кезде  тағамға  салынатын  биологиялық 
белсендi қоспалар (ББҚ) орындауы тиiс. Халықтың тамақтануы 
мен  денсаулығын  жақсартудың  осы  жолы  биоорганикалық 
химия  мен  биотехнологияның  (толық  жəне  сапалы  заттарды 
бөлу),  нутрициология  мен  фармакологияның  (организмде  био-
логиялық белсендi заттардың iс-əрекетi мен айналдыру тетiгiнiң 
мағынасын ашу) тиiмдiлiгiне негiзделген. 
Кез  келген  тірі  организмде  зат  алмасу  үдірісіне  қатысатың 
əртүрлі  қосымша  заттар  синтезделеді.  Жасушалар  in vitro  жағ-
дайында организмнің əр түріне тəн қосымша заттарды синтездеу 
қабілетін сақтап қалады. Көптеген микроорганизмдер биология-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет