Microsoft Word на 5 формат doc



Pdf көрінісі
бет27/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#23839
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   100
Байланысты:
клеткалық биотехнология негіздері

егу материалын алу үшін бірінші генерацияның вегетативтік егу 
материалын  қолданады.  Ол  төменгі  талаптарға  жауап  беруі 
керек: 
-  биомассаның  орташа  қоюлығы  сарғылттан  ашық-қызыл 
түсіндей  болады,  шайқаған  кезде  мицелий  флакон  қабырға-
ларын бүркемейді, түбіне шөкпейді жəне жойылмайды; 
-  болған  препаратты  микроскопия  əдісі  арқылы  қарағанда 
микроколониялар байқалады, гифтері ұзын немесе орташа ұзын-
дықта,  толқынды,  протоплазмасы  базофилды,  кейде  пунктир 
күйінде болады; 
-  басқа микрофлора болмайды. 
Екінші  генерацияның  вегетативтік  егу  материалдарын  өсіру 
терең  дақылдауға  арналған  егу  биореакторларда  жүзеге  асады. 
Ол  араластырғышпен,  ауа  бергіш  барбатермен,  қыздыру  жəне 
салқындату  ортасымен  жабдықталған  (5-сурет).  Егу  ортасын 
БИОР-0,1 биореакторында жүзеге асырады.  
Антибиотиктің  өндірісінің  келесі  кезеңі – гентамицин 
биосинтезі.  БИОР-0,25  қондырғыдағы  гентамицин  синтезі 
мерзімді  тереңінен  дақылдау  əдісімен  болады.  Егу  материалын 
жалпы  көлемінің 5-10% мөлшерін  құрайтын    ферментті  ортаға 
енгізеді.  Дақылдау 6-7 тəулікке  созылады.  БИОР-0,25  биореак-
тордағы  продуценттің  дақылдану  тəртібі  мицелий  даму  проце-
сінде  өзгереді.  Биоректордағы  аэрация  тəртібінің  өзгерісі  суль-
фиттік  мөлшер  бойынша  қондырғының  массалмасу  сипатта-


 
36
масының  есебінен  жүргізіледі.  Биосинтез  процесіндегі  қысым 
0,05-0,2  кгс/см

шегінде  болады.  Дақылдық  сұйықтықтың 
көбіктенуі кезінде зарарсыздануы  көбік өшіргішті қосады. 
 
 
5-сурет. Гентамицин сульфатының алыну жобасы 
 
Дақылдық  сұйықтықты  алдын  ала  өңдеу  жəне  ультрасүзу 
кезеңі. Биорекатордағы дақылдық сұйықтықты қабылдау құрыл-
ғысына  енгізеді,  араластыру  үшін  насосты  қосып  жəне  ақуыз-
дың    коагуляциясы    мен  поливалентті  металдарды  жою  үшін 
ізінше  реагенттерді  (қымыз  қышқылының  ерітіндісі,  бромидтің 
цетилперидині)  қоса  отырып,  алдын  ала  өңдеу  жұмысын 
жүргізеді. 
 
Егу материалының агарлы қоректік ортада дайындалуы 
↓ 
 
Вегетативтік егу материалын колбада өсіру 
↓ 
 
Биореакторларда мицелиялардың өсуі 
↓ 
 
Гентамициннің биосинтезі 
↓ 
Алдын ала өндеу жəне гентамициннің сұйық дақылының 
ультрасүзуі 
↓ 
КБ-2 катиониттегі гентамициннің аммоний формасындағы 
сорбциясы жəне десорбциясы 
 
 
Гентамицин концентратын алу 
↓ 
Гентамициннің түссіз концентратының алынуы жəне оның 
сульфатты формаға айналуы 
↓ 
 
Гентамициннің сулы ерітінділерінің ұнтақтап кептірілуі 
↓ 
 
Өлшеу, қаптау жəне белгілеу (маркировкалау) 
↓ 
 
Бақылау 


 
37
Ультра  сүзу  процесі  УСФ-1  типті  қондырғыда  жүргізіледі. 
Дақылдық  сұйықтықтың  ультрасүзу  кезінде  жоғары    молеку-
лалы  қосылысты  ерітінділердің  концентрация  процесі  жүреді. 
Сондай-ақ бір уақытта оларды мембрана арқылы өткізіп, төмен 
молекулалы қосылыстардан арылтуға болады.  
Гентамициннің  КБ-2  катионитіндегі  аммоний  формасын-
дағы  сорбциясы  жəне  десорбциясы  кезеңі.    КБ-2  катионитінде 
гентамицинді бөліп  алу жəне  химиялық  тазарту процесі төмен-
дегіше  жүзеге  асырылады:  нативті  ерітіндіден  гентамициннің 
сорбциясы,  минорлы  заттардың  жуылып  шайылуы,  гентами-
циннің  десорбциясы.  Гентамициннің  сорбциясы  кезінде  оның 
нативті  ерітіндісі  жинағыш  құрылғыдан  сорғыш  аспап  арқылы 
ион алмастырушы колоннаға төменнен жоғары қарай əкелінеді. 
Десорбция  колоннасында  химиялық  тазарту  (гентамицин  тə-
різді  жəне  бояғыш  қосылыстардың  жойылуы)  кезеңі  жəне 
гентамициннің  десорбциясы  жүзеге  асырылады.  Қосылыстар-
дың  минорлы  заттардың  жуылып  шайылуы 0,043 Н  аммиак 
ерітіндісімен  жүргізіледі.  Оны  катионит  қабатынан  ион  алмас-
тырушы колоннаға  жоғарыдан төмен қарай өткізеді. [R(COO)
5

гентамицин-минорлы  қосылыстармен  комплексі] + 5NH
4
OH→ 
[R(COO)
5
–гентамицин-минорлы қосылыстың комплексі] + [ген-
тамицин тəрізді минорлы қосылыстар]
+5
. Гентамициннің десорб-
циясы 5 %  аммиак ерітіндісімен жүреді, оны жоғарыдан төмен 
қарай  катиониті  бар  колоннада  өткізеді.  Гентамицин  концен-
тратының  алынуы  кезеңі.  Алынған  гентамициннің  элюатын 
температурасы 50-55
0
  С жəне қысымы 0,085 МПа болатын  ИР-
10М  роторлы  буландырғышта  аммиакты  жою  үшін  жəне 
гентамицинді 60000-70000 мкг/см

  дейін  құнарландыру  үшін 
булайды.  Гентамицин  концентратын  көмір  негізімен  түссіз-
дендіру  жəне  оны  сульфат  формаға  айналдыру  кезеңі.  Тазар-
тылған  жəне  құнарландырылған  гентамицин  негізін  колбаға 
орналастырады  жəне  рН 6-6,5 дейін 20 % күкірт  қышқылының 
ерітіндісімен  қышқылдандырады,  активтелген  көмір  салып 
(концентрат көлемінен 7 %) жəне 30 мин. Араластырып6 40-45
0
 
С дейін қыздырады, содан кейін көмірді сүзеді. Гентамициннің 
сульфатының сулы ерітіндісін ұнтақтап кептіру кезеңі. Гента-
мицин  сульфаттың  түссізденген  ерітіндісін  ұнтақтап  кептіру 
УРС-0,5 типті зертханалық кептіргіште жүргізіледі. Тазартылған 


 
38
ауа кептіргіш болып табылады. Жұмыс басталмас бұрын барлық  
детальдарды кептіргіш камерада жуады, спиртпен сүртеді, кейін 
жинап  жəне 108
0
  С  ыстық  ауамен  кептіреді.  Жылу  ұстағыш – 
ауа температурасын белгілейді: кептіргіш камераға кіру кезінде 
– 175-185
0
  С,  кептіргіш  камерадан  шығу  кезінде – 103-105
0
  С. 
Кептіргіш камераға берілетін антибиотик ерітіндісін қызған ауа 
тогында  майда  тамшыларға  дейін  ұнтақтайды.  Гентамицин 
сульфат  препаратын  өлшеу,  қаптау  жəне  белгілеу  кезеңі. 
Препаратты  кептіргіштен  жүктеп  жəне  оны  түсіру,  сондай-ақ 
оның өлшенуі  асептикалық  жағдайы бар ғимаратта жүргізіледі. 
Өлшеу  КОН-В  ламинар  боксте  жүзеге  асырылады.  Гентамицин 
сульфат ұнтағын бұрандалатын мойны жəне бұрандалы қақпағы 
бар,  қызыл-сары  əйнектен  жасалған  банкаларға  салады  да 
этикетка  жабыстырады.  Этикеткада  өндіруші  кəсіпорын,  оның 
тауар  белгісі,  препараттың  аты, 1 мл-ғы  белсенділігі,  ƏБ  мил-
лиардындағы  белсенді  заттардың  құрамы,  салмағы,  тіркелген 
нөмірі,  жарамдылық  мерзімі,  сақтау  жағдайы  (бөлме  темпера-
турасында, қаранғы, құрғақ жерде) белгіленеді. 
Антибиотиктер  микроорганизмдерге  олардың  көбеюін  (бак-
териостатикалық)  баса  немесе  олардың  жойылуын  (бактери-
цидтік) тудыра отырып əсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет