70
əлде ол микроспораларды өсірген кезде пайда болатын мута-
циялардың салдары шығар.
Тозаңдықтармен салыстырғанда
ұрықтанбаған түйіндерді
өсіру нəтижесінде жасыл өсімдіктердің түзілу жиілігі жоғары
келеді. Тозаң дəндері мен ұрықтанбаған түйіндерден алынған
өсімдіктерді салыстыру барысында гиногендік гаплоидтық жасыл
өсімдіктердің андрогенез жолымен салыстырғанда көбірек
түзілетіндігі байқалды.
Гиногенез – тұқым бүршігін (аналық
гаметофитті) in vitro жағдайында өсіріп гаплоидты өсімдіктерді
алу əдісі. Гиногенез апомиксистің бір түрі.
Апомиксис – орга-
низмнің жыныссыз жолмен көбеюі. Жалпы алғанда апомиксис
табиғи жағдайда кездесетің құбылыс, ал биотехнологиялық
əдістермен оның тиімділігін арттыруға болады. Аналық гамето-
фиттен гаплоидты каллус 1964 жылы жалаңаш тұқымдылардың
ежелгі өкілі Гинкго өсімдігінен алынған болатын. Тек осыдан
7 жыл өткеннен кейін ғана жабық тұқымды өсімдіктерде
(картоп, жүгері) гаплоидты каллусогенез индукциясын жасауға
мүмкіндік туды.
Достарыңызбен бөлісу: