Microsoft Word на 5 формат doc



Pdf көрінісі
бет46/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#23839
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   100
Байланысты:
клеткалық биотехнология негіздері

8-суретЖасанды ортада каллустан пайда болған регенерант-өсімдік 
  
 Клеткалық селекцияның артықшылығы:  
•  ауа райына жəне климат факторларына тəуелсіздігі;  
•  жасуша  деңгейінде  жасушалық  популяцияны  зерттеп  тез 
арада селекцияны (сұрыптауды) өткізу; 
•  уақыт пен егіс көлемінің үнемделуі.  
In vitro өсетін  жасушалық  популяцияның  əрбір  жасушасын 
жеке организм деп теңесе, бір тəжірибенің өзінде-ақ миллионда-
ған  дарақпен  айналысуға  болады,  ал  дала  жағдайында  ең  көп 
дегенде ғалым мыңдаған ғана өсімдіктермен жұмыс істей алады. 
Молекулалық жəне хромосомалық деңгейлердегі өзгерістері мен 
организм деңгейінде белгілердің өзгергіштігі арасындағы байла-
ныстар туралы мағлұматтардың жеткіліксіздігі клеткалық селекция 
жөніндегі  зерттеулерге  үлкен  кедергі  келтіреді,  сондықтан  бұл 
жұмыстар көбінесе эмперикалық жолмен жүргізіледі. 


 
67
Селекцияны  (сұрыптауды)  қажетті  бір  бағытта  өткізу  үшін, 
яғни өсіп жатқан жасушалардың арасынан белгілі мутациялары 
бар  жеке  жасушаларды  сұрыптау  үшін  оларды  арнайы  селек-
тивтік  ортада  өсіреді.  Сондай  жағдайда  тек  мутант  жасушалар 
ғана өсе алады. Клеткалық селекцияны іске асыру үшін алдымен 
өсімдік  ұлпаларынан  протопластарды  бөліп  алады  немесе 
каллус  ұлпадан    жасушалық  суспензияны  алады,  содан  кейін 
стрестік  факторы  бар  сүйық  ортада  өсіреді  немесе  агарланған 
ортаға  егеді.  Стрестік  фактор  ретінде  антиметаболиттерді,  гер-
бицидтерді,  тұздың  гипертоникалық  еретендісін,  ауыр  метал-
дарды, рН-тың төмен көрсеткіштерін, осмостық заттарды, төтенше 
температураларды,  патотоксиндерді  қолданады.  Селективтік 
факторға  төзімді  клондарды  сұрыптау  (төзімді  клондарды 
сұрыптап  алады),  төзімді  каллус  ұлпаны  алады,  органогенезді 
индукциялау,  регенерант  өсімдікті  алады,  соңғы  кезең  төзім-
ділікті  тексеру  (төзімділікті  тексергенде)  іn vitro жағдайында 
ортадағы  стрестік  факторына  жəне  экологиялық  стрестік 
факторына  (яғни  тірі  патогендерге,  топырақтағы  ауыр  метал-
дарға, қышқыл топыраққа, температураға, ылғалдылыққа) төзім-
ділікті  тексеру  болады.  Сондай-ақ  гормондарға,  витаминдерге, 
амин  қышқылдарына  прототрофтық  немесе  ауксотрофтық 
жасушаларды  сұрыптайды,  яғни  сол  заттар  ортада  болмағанда 
немесе болғанда ғана өсе алатын жасушалар іріктеліп алынады. 
Клеткалық селекцияның екі:  тура селекция жəне кері немесе 
негативтік  селекция  сияқты  негізгі  əдістері  бар.  Тура  селекция 
барысында  өсімдік  жасушаларды  (немесе  протопластарды) 
стрестік  зат  қосылған  ортаға  егіп  өсіреді.  Біраз  мезгілден  соң 
жасушалардың  көбі  бөліне  алмай,  өсе  алмай  құриды,  тек 
мутация  немесе  эпигенетикалық  өзгерістер  арқасында  сол 
факторға  төзімділік  көрсеткен  жасушалар  ғана  тірі  қалады. 
Осындай  тəсілді  (тура  селекция  тəсілді)  кейбір  метаболиттерді 
(мысалы,  амин  қышқылын)  көп  мөлшерде  түзіп  өндіре  алатын 
жасушаларды  алу  үшін  қолданады.  Кері  немесе  негативтік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет