Microsoft Word на 5 формат doc



Pdf көрінісі
бет62/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#23839
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   100
антиденелерді    (МКА)  практикалық  медицинада  пайдаланады, 
əсіресе аурулардың диагностикасын жасауда (мысалы, жұқпалы 
ауруларды: «В»  гепатит,  бауырдың  қабынуы,  ұшық,  СПИД,  
хламидиоз, легионеллез ауруларды анықтауда). Сонымен қатар, 
МКА  жұқпалы  аурулармен  күресуде,  яғни  ауруларды  емдеу 
үшін,  патогенді  микроорганизмдерді  анықтауда  қолданылады. 
Қазіргі күнде моноклондық антиденелер
1) полипептидтік гормондарды, өсу гормондарды, пролактинді, 
тиреотропты гормонды, фолликуллостимулдау гормондарды;  
2) ісік жасушаларының маркерді β-интерлейкин; 
3) эпидермис өсу факторының рецепторын;  
4) қуық асты безінің ерекше антигенді; 
5)  цитокиндерді 1-8 интерлейкиндерді  колонияларды  сти-
мулдейтін факторды; 
6) дəрі-дəрмек препараттарды (теофиллин, гентамицин, цик-
лоспорин); 
7) əртүрлі заттарды (тироксинді, В
12 
витаминді, ферритинді,  
ферритин  ыдырағанда  түзілетін  өнімдерді)  анықтау  үшін  қол-
данылады. 
МКА  пайдалануы  иммуноферменттік  талдаудың  тиімділігін 
жоғарлайды. Моноклонды анти денелердің негізінде стандартты  
диагностикалық  реагенттер  жасалады.  Сонымен,  иммунодиаг-
ностикада, рак терапиясында жəне басқа да ауруларды емдеуде 
қолданыс тапқан моноклондық антиденелер (МКА) əзiрленiп жат-
қан биотехнологиялық өнiмдер арасында жетекшi орын алады. 
In vitro жағдайында өсірілген жасушалардан алынған дəрілік 
заттар, əдетте in vivo-да аз əсерлі болады.  Олардың мүшелерге 
немесе  жасушаларға  керекті  концентрацияда  жете  алмауынан 
белсенділігі  төмен  келеді.  Препарат  мөлшерін  көтеру  мəселені 
шешпейді,  өйткені  ол  кері  əсер  туғызуы  мүмкін.  Дəрілік  затты 
тікілей  мүшелерге  дейін  жеткізу  үшін,  оларға  əсер  ету  үшін 
бірнеше əдістер бар:  
•  Дəрінің маңызды бөліктерін липосома, липидті қабықшаға 
қосады; 
•  Дəрілік заттар молекулаларын моноклонды антиденелерге 
қосады; 


 
90
•  Белсенді  емес  формадағы  дəрілік  заттарды  қолданып, 
оларды  ферменттердің  арқасында  белсенді  күйге  жеткізеді.  Ол 
үшін  дəрілік  заттар  керекті  мөлшерде,  тазартылған  болуы  тиіс, 
жасуша  нысана  ақуызбен  байланысуы  қажет,  физиологиялық 
жағдайда тұрақты болу керек.  
Медицинада,  мал  шаруашылығында  жəне  құс  шаруашы-
лығында  бактериялар  мен  саңырауқұлақтардың  жасушалары-
лары  кокцидозға  қарсы  препараттарды  алу  үшін  пайдаланы-
лады.  Бұл  микробиологиялық  препараттар  гельминт  пен  буын 
аяқтылар себебінен пайда болған ауруларды емдеу үшін тиімді,  
сусамыр,  май  басу,  қанда  майдың  көбеюі,  қанда  холестериннің 
азаюы  ауруларын емдеу үшін қолданылады. Жасанды жағдайда 
өсіретің  пропиондық  бактериялар  (Propionibacterium sp.)  В
12 
цианкобаламинді    синтездейді,  оны  медицинада  қаны  аздық 
(анемия),  бауыр  циррозын  емдеуде  қолданылады,  өсу  себепкер 
шарттары  ретінде  пайдаланылады,  ол  қан  түзеу  қызметіне, 
ақуыз  алмасуға  жағымды  əсер  етеді,  жемдік  өндірісте  салмақ 
қосуды  арттыру  жəне  ауылшаруашылық  малдары  мен  құстар-
дың ішек инфекцияларының алдын алу үшін маңызды. Жұмыртқа 
сарысында  витамин  В
12 
мөлшері  төмендеуі  балапандардың 
шығуын күрт азайтады.  
In vitro жағдайында  жануар  жасушаларды  өсіру  барысында 
оларға кейін вирустарды егіп антиденелерді алады, вакциналар, 
жануар жасушалардан көптеген биологиялық белсенді заттарды 
(гормондарды, ферменттерді, витаминдерді, т.б.) алады.  
Қазақстанда ветеринария үшін ғылыми-зерттеу жұмыстары-
мен  айналысатын  жəне  биопрепараттарды  дайындайтын,  ірі 
мекемелердің  біріне  биоқауіпсіздік  мəселелерінің  ғылыми-
зерттеу  институты  бар.  ҚР  Білім  жəне  ғылым  министрлігінің 
ұлттық биотехнология орталығында вакциналар мен диагности-
кумдер дайындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет