101
зерттеу үшін жəне ауыр элементтердің энергияны анықтау үшін
радиодатчиктарды орныластырды. Осы бағдарламаның мақсаты
– саңырауқұлактардың өнімділігіне жəне биохимиялық қасиет-
теріне күшті радиацияның əсерін зерттеу.
Ғарыштық биотехнология дамуының негізгі бағыттары:
1) ғарышта биологиялық құнды заттардың құрылысын анық-
тау үшін жəне оларды медицинада, фармакологияда, ветерина-
рияда қолдану үшін сапалық кристаллдарды алу;
2) ғарыштадағы микрогравитация жағдайында микроорга-
низмдердің рекомбинантық штамдарды, өсімдіктердің төзімді
жəне жақсартылған жасушаларды сұрыптап алу, оларды меди-
цинада, фармакалогияда, ауыл шаруашылығында, экологияда
қолдану;
3) биология жəне биотехнология салаларында фундамен-
талдік білімін кеңейту үшін бионысаналарға ғарыштық фактор-
лардың əсерін зерттеу.
Қазақстанда 1991 жылдан бастап «Мақсат» атты ғарыштық
бағдарлама бойынша əртүрлі жеті ғылыми-зерттеулер: 1) «Өсі-
рілген бидай жасушаларына ғарыштық факторлардың əсерін
зерттеу», 2) «Картоп селекциясында жаңа биотехнологияларды
қолдану», 3) «Ғарыштық факторлардың əсерімен байланысты
метаболизмнің ерекшілігін анықтау», 4) «Бидайдың селекцияда
патогенге төзімділігіне микрогравитацияның əсерін зерттеу»
жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: