92
инфекцияға қарсы вакциналар, В гепатитке қарсы вакциналар,
т.б. вакциналар жатады.
Көптеген
балдырларда (төмен сатыдағы өсімдіктер биотех-
нологиясының нысаналары болып табылады) маңызды
иммуни-
тетті күшейтетін заттар синтезделеді. Бұл заттар медицинада
кең қолдануда. Мысалы, спирулинаның биомассасында адамға
қалыпты тіршілік етуі үшін қажет барлық заттар бар. Спирули-
наның жоғары сапалы тағам өнімі, биологиялық белсенді
заттардың көзі ретінде, сонымен бірге фармацевтикалық жəне
косметикалық мақсаттарға шикізат ретінде қолданудың көп
жылдық ғылыми жəне практикалық зерттеулеріне қызығушы-
лық белгілі.
Спирулина – жеңілсіңірілетін белоктардың (60-
70%), микроэлементтердің жəне дəрумендердің таңғажайып
көзі. Ерекше заттардың бірқатары - биопротектор, биокорректор
жəне биостимуляторлар – табиғи өнімнің басқа ешқайсысында
кездеспейді. Спирулина жиі ауыратын, əлсіз адамдарға өте
пайдалы. Ресей ғалымдарының тобы спирулина балдырынан
бөлініп алынған хлорофилдің биотехнологиялық жаңа өңдеуін
жасады. Хлорофилл экстрактісі белсенді оттек бөлу есебінен
иммунитетті белсендіріп, қайта қалпына келтіреді жəне
күшейтеді. Бұл заттың патенттік атауы – «Радахлорофилл – С».
Спирулинада 10-нан 20%-ға дейін қанттар бар. Олар инсулиннің
минималды мөлшерімен ғана сіңіріледі. Спирулина – В
каротиннің құрамы бойынша ең бай, ол сəбізге қарағанда он есе
көп. Спирулинада маңызды витаминдердің – А, В, В
2
, В
3
, В
5
, В
6
,
В
12
, РР, С, Е, биотин, фолий қышқылы, инозитол, пантотенат,–
жинақталуы да аса маңызды. Дəріханадағы поливитаминдер
секілді синтетикалық емес, керісінше, табиғи, тірі жасушадан
синтезделген витаминдер. Олардың қолданылуы əрине эффек-
тивті, тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: