Microsoft Word на 5 формат doc


 Экологиялық биотехнология



Pdf көрінісі
бет71/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#23839
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   100
Байланысты:
клеткалық биотехнология негіздері

3.5.3. Экологиялық биотехнология 
Жалпы биотехнологияның экологиялық биотехнология саласы 
көптеген экологиялық жағдайларға қатысты мəселелермен айна-
лысады.  Экологиялық  биотехнология  өнеркəсіптік  əртүрлі 
қалдықтарды  қайта  өңдеу,  қоршаған  орта  нысаналарын  əртүрлі 
ластағыштардан,  тазарту  сияқты  қоршаған  орта  мəселелерін 
шешуде биотехнологиялық əдістермен биологиялық емес техно-
логияны  біріктіре  отырып,  биотехнологияны  қолдану  болып 
табылады.  Экологиялық  биотехнология  тұрғысынан  алып  қара-
ғанда  ағын  суларды  тазарту  жəне  тұрақтандырудың  аэробты 
процестерін  пайдаланудың  маңызы  зор.  Бұл  мақсатта  əртүрлі 
конструкциялы реакторлар қолданады. 
Бүгінде  біздерге  мəлім  болғандай  экологиялық  биотехноло-


 
102
гияның  бірнеше  бағыттары  бар  жəне  олар  алуан  түрлі,  бұл 
дегеніміз – биодеградация,  яғни  бұл  тіршіліктегі  зиянды  зат-
тарды  жою  болып  табылады.  Бұның  бірден  бір  жолы  биокон-
версия  –  керегі  жоқ  зиянды  заттардың  қалдықтарын  төгіп 
тастамай, оларды барынша қажетті пайдалы заттарға айналдыру 
ретінде жүргізіледі. Əсіресе бұл бағыттар ауыл шаруашылығына 
үлкен септігін тигізеді əрі пайдалы, яғни бұл – биогаз алу үшін 
жəне  тағы  да  басқа  түрлі  жолдарды  қарастырады.  Мысалы, 
айтатын  болсақ,  биоремедиация  деген  бағыт – адамдардың 
қатысуынсыз  қамтамасыз  етілетін  экожүйеде  табиғатты  өз 
бетінше тазартушы. Жоғарыда атап өткендей, экологиялық био-
технология  қоршаған  ортаны  табиғи  жағынан  толық  сипат-
тайды.  Мұнда  топырақ,  су,  мұнай  тағыда  көптеген  мəселелер 
талқыланып отырады.  
Бүгінгі  таңда  шешілмей  жатқан  экологиялық  мəселелер  өте 
көп. Биотехнологиялық процестердің ерекшелігі – олар суды, ал 
аэробты  жағдайда  ауаны  көп  көлемде  тұтынады  да,  алынатын 
қатты қалдықтар мөлшері тым жарамсыз болады. Микробиоло-
гиялық  өнеркəсіптердің  мекемелерінде  екі  мəселе  шешіледі:  
1.  Өнеркəсіптік  асептика,  яғни  биореактор  ішіне  бөгде  микро-
организмдердің  ену  мүмкіндігін  жою. 2. Қоршаған  ортаны 
қорғау,  яғни  ауа  жəне  су  қалдықтарына  түзгіш  жасушалардың 
еніп кетуін болдырмау. Бұл құбылыс қауіпті, өйткені адам үшін 
микроб  белогы  бөлек  нəрсе,  сондықтан  ол  халық  арасында 
аллергиялық  реакциялар  қоздыруы  мүмкін.  Биотехнологиялық 
өнекəсіпте қоректік заттарды даярлау, жуу, бөліп алу үшін жəне 
сонымен  бірге  биореакторлардың  режимдерін  бір  қалыпты 
дəрежеде ұстап тұру үшін көп мөлшерде су қажет. Айналадағы 
судың ағыны тұйық болса да, бұны тазалау жұмысы қарастыры-
лып  тұрылуы  тиіс.  Өйткені  хладоагентке  биореакторлардың 
конструкциялық  ақауынан  дақылдық  жасушалары  аз  ғана 
мөлшерде  болса  да  кез  келген  уақытта  еніп  кетуі  ықтимал. 
Реакторлардан  технологиялық  суларды  шығарып  тазалауда 
көптеген  қиындықтар  кездеседі.  Көбінесе,  мұндай  активті    лай 
(тұнба) қолданады. Бірақ болашақта су тазалайтын мембрандық 
технологияны ендіру жəне бір реактордан шығарып микроорга-
низмдерден тазартылған технологиялық суларды басқа реактор-
лардағы  жасушаларға  қоректік  зат  ретінде  пайдалану  сияқты 


 
103
метаболизмдерді айналымда болатын жабық өндірістерде жасау 
жұмыстары жүргізілуі тиіс.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет