Microsoft Word на 5 формат doc


Биотехнология жəне қоршаған орта Қазақстандағы эко-



Pdf көрінісі
бет72/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#23839
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   100
Биотехнология жəне қоршаған орта Қазақстандағы эко-
логия  мəселелерi:  Антропогендiк  жүктемелер  нəтижесiнде 
Қазақстанның  iс  жүзiнде  барлық  аумағында  табиғи  ортаның 
елдiң болашақ экономикалық жəне əлеуметтiк дамуын қамтама-
сыз ету қабiлеттiлiгi бұзылған. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң 
экстенсивтi дамуы жер азуы мен ландшафттың азаюы түрiнде iз 
қалдырған,  елдiң  аумағының 60% артығы  қатаң  шөлге  ұшыра-
ған,  бұл  топырақ  құнарлығының  төмендеуiне  жəне  мал  шаруа-
шылығы  мен  өсiмдiк  шаруашылығының  өнiмдiлiгiнiң  азаюына 
əкелiп соғады. Бiр ұрпақтық көз алдында Арал теңiзiнiң көлемi 
екi  есеге  жуық  азайған.  Балқаш  көлiн  де  ұқсас  тағдыр  күтедi. 
Республиканың  су  қажеттiлiгi  бiр  жылға 100 км
3
 кезiнде  iс 
жүзiндегi  қамтамасыз  ету 34,6 км

құрайды.  Жан  басына  шақ-
қанда сумен қамтамасыз ету бойынша Қазақстан ТМД елдерiнiң 
арасында  соңғы  орында.  Жыл  сайын  республиканың  су  қойма-
ларына 200 млн.  м
3
 артық  ластанған  сарқынды  сулар  төгiледi. 
Көлемдерi бiрнешеден жүздеген текше километрге дейiн ластан-
ған жер асты суларының 3 мыңнан артық көзi айқындалған.  
Өңдеу  жəне  энергетикалық  кешендердiң  көптеген  кəсiпорын-
дарында  жетiлмеген  технологияларының,  негiзгi  өндiрiстiк 
қорларының  табиғи  тозуы  бұл  зиянды  қалдықтардың  санының 
артуына  ықпал  етедi.  Ауаны,  суды  жəне  топырақты  қарқынды 
ластау, жануарлар мен өсiмдiктер əлемiнiң табиғи ресурстардың 
азаюы  экожүйелердiң  құлдырауына,  шөлге  жəне  биологиялық 
жəне  ландшафттық  түрлiгiнiң  жоғалуына,  халықтың  ауру  жəне 
өлiм-жiтiмiнiң  өсуiне  əкелiп  соқты.  Биотехнология  қоршаған 
ортаны - бактериядан  адамға қажет емес папоротниктен жоғары 
өсiмдiктерге  дейiн  (папоротниктiң  күмəндық  қосылыстарды 
жинау қабiлеттiлiгi) жəне барлығын қорғауды да адамға қызмет 
етуге мəжбүр етедi. Егер қоршаған ортаны қорғау үшiн əлемдiк 
технологиялар  нарығы қазiргi  уақытта 235 миллиард  долларға 
бағаланса,  кейбiр  бағалар  бойынша,  олардың 25-тен 40%-ға 
дейiн, биотехнологиялар үлесiне тиедi.  
Жиырмасыншы  ғасырдың  аяғында  əлемде  синтетикалық 
пластмассалардың өндiрiсi 30 млн.т/жылға жеттi. Пластмассаларды 
пайдаланудың  жылдам  дамитын  бағыттардың  бiрi  қаптау  болып 


 
104
табылады. 1975 жылы  полимерлер  қаптау  үшiн  қолданылуы 
бойынша  əйнек,  қағаз  жəне  картоннан  кейiн  үшiншi  орынға 
шыққан.  Барлық  шығарылатын  пластиктердiң 41% қаптауда 
пайдаланылады, осы санының 47% азық-түлiк өнiмдерiн қаптауға 
жұмсалады.  Егер  əйнек  ыдысы  тұтыну  циклінда  болса,  ал  қағаз 
табиғи жағдайларда ыдырауға жатады, тұрмыстық қоқымның 40% 
құрайтын  синтетикалық  полимерлерден  жасалған  қаптау  iс 
жүзiнде  "мəңгi" – ол  ыдырауға  жатпайды  жəне  пластмассалық 
қоқыммен  не  iстеу  жəне  қалай  болу  керек  мəселесi  ғалымдық 
экологиялық  мəселеге  айналып  отыр.  Пластмассалық  қалдықтар 
мəселесiн  шешуде  елеулi  дəрежеде  əлемдегi  экологиялық  жағдай 
жəне  жиырма  бiрiншi  ғасырдағы  синтетикалық  пластмассалар 
өндiрiсiнiң  дамуының  қарқыны  мен  бағыттары  тəуелдi  болады. 
Керiсiнше жағдайда, бiз өз-өзiмiздi пластмассалық қоқыммен көмiп 
тастаймыз.  Биотехнологияның  дамуымен  қатар  қаптау  материал-
дарын  алу  технологиялары  да  дамуда,  сонымен  бiрге  қаптаудың 
функциялары кеңеюде. Азық-түлiк пен қоршаған орта арасындағы 
инерттi,  индифференттiк  кедергiден  қаптау  қазiргi  уақытта 
өндiрiстiң факторына айналуда, өйткенi, оның көмегiмен:  
1)  өнiм  құрамын  өзгертуге  бағытталған  (бұл  жағдайда  қап-
тауды жасау үшiн иммобилденген ферменттер мен биологиялық 
белсендi материалдар қолданылады); 
2) азық-түлiк өнiмдерiн, олардың "өмiрiн"  ұзартып, микроб-
тық  бұзылудан  қорғайды.  Мысалға, "белсендi"  қабықшадағы 
шұжық өнiмiнiң сақталу мерзiмi 2-3 есе артады;  
3) қабықша iшiнде тиiмдi газдық ортаны жасайды, бұл азық-
түлiк  өнiмдерiн  модификацияланған  жəне  реттелетiн  ортада 
сақтау кезiнде кеңiнен пайдаланылады;  
4)  микротолқындық  жылыту  жағдайында  азық-түлiк  өнiм-
дерiн өңдеудiң температурасын реттейдi. Бұл бағыт сөзсiз қызы-
ғушылық туғызады, өйткенi, қоспаны тамаққа емес, полимерлiк 
қабықшаның  матрицасына  енгiзу  оны  азық-түлiк  өнiмiне  жап-
пай  көшiрудiң  жылдамдығын  реттеп,  қоспаның  қолданылуын 
ұзартуға мүмкiндiк бередi.  
Қазiр  əртүрлi  ксенобиотиктердiң  деструкция  реакцияларын 
жүзеге  асыратын  ферменттердiң  көптеген  түрi  бар  микроорга-
низмдердiң  əлеуетiн  барынша  пайдалану  мiндетi  тұр.  Бұл 
əлеуеттi  пайдалану  "биоремедиация"  болып  табылады.  Бүгін 


 
105
өнеркəсіптік өндірістің 30 жəне одан да көп пайызын тазартушы 
құрылыстар  салуға  арналған  шығыстар  құрайды.  Ағынды 
суларды  тазартудың  iс  жүзiндегi  əдiстерi  үнемi  жетiлдiрiлуде, 
бiрақ  олардың  тиiмдiлiгi  кейде  экологиялық  талаптарға  сай 
келмейдi.  Ондай  жағдайдан  шығу  жабық  сұйық  ағындарды 
пайдалану  циклiмен  қалдықсыз  өндiрiстердi  жасау  мақсатында 
дəстүрлi  өнеркəсiптiк  технологияларды  қайта  қарау  болып  табы-
лады.  Осы  мəселедегi  қажеттi  нормаларға  дейiн  тазартылған 
технологиялық циклiне қайтарумен немесе  ағынды  сулардан пай-
далы  биоөнiмдердi  алумен  жергiлiктi  биотазарту  технологиялары 
басты рөл атқарады.   
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет