Microsoft Word Oқу сауаттылығы 100-нұсқа


–Режиссер ретінде өзіңізді қалай бағалайсыз? Сіздің бойыңызда



Pdf көрінісі
бет24/485
Дата03.02.2023
өлшемі4,44 Mb.
#65016
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   485
Режиссер ретінде өзіңізді қалай бағалайсыз? Сіздің бойыңызда 
режиссерлік қасиет басым ба, əәлде кинодраматург ретінде мықтысыз ба? 


ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
29
2. –Драматург бола жүріп, көптеген сценарий жаздым. Режиссерге бересің. 
Кейін кино шыққанда қарасаң, көңілің толмайды. «ƏӘттеген-ай!» дейтін тұстары 
көп болады. Сценарийді жазғанда бір киноны көз алдыңа елестетіп отырасың. 
Кино шыққанда қарасаң, сенің алдындағы суретіңмен сабақтаспайды, мүлдем 
басқа жаққа кетіп қалады. Ештеңе айта алмайсың. Өйткені, режиссердің көзқарасы 
басқа. Бірнеше рет сценарийлерім ойлағанымдай емес, мүлдем басқа кино болып 
шыққанда ішімнен өкініп жүрдім. Жалпы, режиссер ретінде біреудің жазған 
сценарийін түсіре алмаймын. Тек қана өзімдікін түсіремін. Егер бір жерден қате 
кетсе, тек өзіңнен көресің. Ең бастысы – жауапкершілік. Өзіңе, өз ісіңе деген 
жауапкершілік. Ешқандай тапсырыспен жұмыс істемеу керек. Жұмысты қолға 
алдың ба, оны жоғары кəәсіби дəәрежеде істеу керек. Өз шығармашылығыма баға 
бере алмаймын. Бірақ, кəәсіби дайындықпен келгенім анық. 
3. Жауапкершілік дегеннен туады, бір киноға шамамен екі жылдай уақыт 
кетеді. Бұл аз уақыт емес. Ал менің досым Тимур Бекмамбетов жылына төрт кино 
түсіреді. Тимурды жақсы көремін. Мəәскеуде жүргенде жақын араласатынбыз. Өте 
дарынды, мықты жігіт. Бірақ, оның кинолары жеңілтек. Көбінесе компьютерге 
сүйене отырып жасалады. Бұл адамның интеллектісіне байланысты нəәрсе емес. 
Мұнда техникалық, технологиялық интеллект басымдыққа ие болып тұр. 
4. Қазір кино түсіру еріккеннің ермегіне айналып кетті. Жақсы кино көргенде 
адам қуануы керек. Ал қазіргі біздің киноларды көргенде қуана алмайсың. Өйткені, 
деңгей түсіп кетті. Еліктеу көп. Өз ойымыз жоқ. Жұртты күлдіргіміз келеді. 
Күлкінің өзі де түкке тұрмайтын болып шығады. Ойсыз. Күлкінің өзінің ар 
жағында ой болуы керек. Ал қазіргі кинолардағы күлкі – «аха-ха, иха-ха». Бұл 
дүниелер, яғни соңғы жылдары кино деп түсіріліп, кино ретінде көрсетіліп жүрген 
дүниелер – кино емес. Баян Есентаева, Нұртас Адамбайлардың түсіріп жүргендері 
кино деуге келмейді. Мейлі ғой, түсіре берсін. Бірақ, басын ашып алу керек, 
олардікі ешқандай да кино емес. Басқа нəәрсе. Жанрын өзгерту керек шығар, 
бəәлкім. Бұлардың ең басты ойы – ақша жинау. Ал нағыз өнер адамы ақша үшін 
жазбайды. Мұхтар ƏӘуезов Абайды ақша үшін жазған жоқ. Шəәкен Айманов, Сұлтан 
Қожықовтар ақшаның құнын білетін, бірақ ақша үшін жазбайтын. Ал қазіргілер о 
бастан-ақ ақшаны бірінші орынға қояды. Қазіргі кинолардың кино дегеннен гөрі 
бизнес жобаға келетіні сондықтан болса керек. Киноның аты да өзгерді қазір. Кино 
түсіруге бел будың ба, бүкіл жан-дүниеңмен соған берілесің, үлкен дайындықпен 
кірісесің. Басында қорқасың. Ылғи сол. Ал кино біткеннен кейін ауырасың. Өзім əәр 
кинодан кейін 3-4 айдай ауырамын. (500 сөз) 
13. Қай жауап 1-бөліміннің мазмұнына сəәйкес келіп тұр. 
1. Ермектің режиссер болуына сценарийді өзі жазуы септік болды. 
2. Ермектің режиссер болуына кездейсоқ жағдай себепкер болды. 
3. Ермек Тұрсынов еркінен тыс режиссер атанды. 
A)Екіншісі 
B)Үшеуі де дұрыс 
C)Біріншісі 
D)Үшіншісі 
E)Үшеуі де бұрыс 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   485




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет