Microsoft Word Послед doc


осы, сол : Айғайшаның көптегн  бері өзін-өзі анықтап көргені  осы еді



Pdf көрінісі
бет12/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67
Байланысты:
treatise527

осы, сол
: Айғайшаның көптегн 
бері өзін-өзі анықтап көргені 
осы еді 
(Ə. Нұрпейісов). Менің естіп 
отырғаным 
осы.
(Ғ. Мұстафин). Апамның ұзақ сөйлескенін көргенім
 сол 
(М. Əуезов). Автор 
осы берілген сөйлемдердің сілтеу есімдікті баяндауыштары болған істің уақытын 
білдіреді дейді. Сонымен бірге мынау, анау сілтеу есімдіктерінің баяндауыш 
қызметіндегі жұмсалуының ерекшелігін: «В предложениях, построенных по 
способу предикационного выноса, сказуемым с особым функциональным 
назначением выступают местоимения 
мынау, анау. 
Конструкции с этим 
составом служат для выражения эмоции, вызванной действием: Оңбаған, құдай 
жүзін көрмегір, сенің алдыңғы сұмдығың жетпеп пе еді! Қолың батып əкеңнің 
басын жарып отырғаның
анау
» (М. Əуезов). Біз үшін Қайшамен не деспеді. 
Енді мұның жайлауы жарасып, жері кеңіп отырғаны 
мынау
(М. Əуезов). 
Басқасын қайтейін, ең аяғы бір сүйектің басын тістескен Достың істеп 
отырғаны 
анау
 (Ə. Нұрпейісов). Профессор Р. Əмір жай сөйлемді осы, сол, анау, 
мынау сілтеу есімдіктері арқылы көрсеткен [14, 58 б.].
Профессор Р. Əмір «Жай сөйлем синтаксисі» деген еңбегінде 
«Субстантивтену жəне оның синтаксис құрылымындағы орны» деген 
тақырыпша беріп, онда қазақ тілінің грамматикалық құрылысында 
субстантивтіктің орны ерекше екенін атап өтеді. Автор: «Субстантивтіктің 
тіліміздің синтаксистік құрылысына, сөйлем құрау жүйесіне тигізетін септігі 
бірнешеу. Соның бірі – жай сөйлем құрылысының, функциялық шеңберінің 
кеңеюіне жол ашуы. Дүние жүзіндегі тілдердің көпшілігінде жай сөйлемдер 
құрылысы жағынан номинативті болып келеді. Сөйлем бастауышы есім, 
баяндауышы етістік, есім болып құралады: Бала өсті; Бала жас т.т. Қазақ 


18
тілінде жай сөйлем бастауышы етістік, баяндауышы есім, етістік болып та 
құрала береді: Келгені білінді, Келгені дұрыс т.б. Сөз жоқ, бастауыш мүше 
қызметінде жұмсалу үшін етістік сөздер субстантивтенуге тиіс. Сонымен, 
етістік субстантивтену арқылы бастауыш ретінде жұмсалатын болды, сол 
арқылы жай сөйлемнің мүмкіншілігі кеңейді, лексикалық базасы молайды. 
Екіншіден, номинативті сөйлемдер субъект зат пен оның қимыл, сынмен 
предикативтік қатынасқа түсуін білдіретін болса (ұста кірді, ұста жас т.т.), 
соңғы сөйлемдер субьект қимыл мен предикативтік қимылдың қатынасқа 
түсуін білдіретін болды. Оқығаны ұнады. Көп тілдер бұл пікірді тек құрмалас 
сөйлемдер арқылы ғана білдіре алады: понравился, как он читал», - деп, 
субстантивті сөз таптары арқылы жай сөйлемді нақты көрсетеді [15, 105-
110 бб.]. Автор осы еңбегінде есімді сөйлемдер тақырыбына қатысты 
«Сөйлемнің логикалық-грамматикалық типтері» тараушасында: Субьект зат 
пен оның заттық сапасының қатынасын білдіретін сөйлемдер: Оспан – 
бригадир. Бригадир – сол кісі. Жамал – шөп желке қыз. Бұл сөйлемдердің 
баяндауыштары зат есімнен жасалған. Кейде екі мүшесі де бір-ақ сөздің 
қайталауы болып келетіні бар: Сөзім – сөз. Аты- ат-ақ. Жұмысым – бұрынғы 
жұмыс [15, 55-56 бб.]. Автор «Номинативті жəне етістікті сөйлемдер» деген 
келесі тараушасында: «Актуализациялау қызметі сөзді баяндауыш позициясына 
шығару арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін бастапқы номинативті сөйлем 
аталғандай трансформацияға түседі.Бұрынғы баяндауыш қызметіндегі етістік 
есімшелік форма алып бастауыш болады да, актуализацияланатын сөз (объект, 
субъект) баяндауыш қызметіне ауысады. 
Мұны кешегі аңызақ жел кептірді. – Мұны кептірген – кешегі аңызақ жел. 
Аңызақ желдің мұны кептіргені кеше». Мұнда екінші сөйлемнің баяндауышы 
жел зат есімі болса, үшінші сөйлемнің баяндауышы кеше үстеу арқылы 
жасалып тұр [15, 57-58 бб.].
Профессор Р. Əмір «Особенности синтаксиса казахской разговорной речи» 
деген еңбегінің «Система сложных предложений в разговорной речи» 
тарауында да есімді құрмалас сөйлемдер туралы пікір қозғайды. Профессор 
Р. Əмір: «Особым структурно-семантическим типом представляются сложные 
предложения, включающие простые предложения с субъективно-глагольным 
построением, где сказуемыми выступают 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет