Microsoft Word Послед doc


 Есімді сөйлемдердің ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет20/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67
Байланысты:
treatise527

 
1.2 Есімді сөйлемдердің ерекшелігі 
Қазіргі кезде есімдердің баяндауыш құрамында сөйлемді тиянақтау 
дəрежесі жылдар өткен сайын үнемі өзгеру үстінде. Өйткені есімдердің 
баяндауыштық қызметі сол сөз таптарының əрқайсысының морфологиялық 
өзгерісіне байланысты үнемі өзгеріп отырады. Тек зат есімнің өзі тəуелдік 
жалғау, көптік жалғау, жіктік жалғау, септік жалғаулар, тіпті септік жалғаулы 
сөздерге түрлі көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы да сөйлемді тиянақтау 
қасиетін өз бойында сақтай алады. Бұған қарағанда, сөйлем тек етістікті ғана 
болу керек деген пікірге енді есімді сөйлемдер де сондай дəрежеде жұмсала 
алады деп білеміз. Есімді сөйлемдер де етістікті сөйлемдердей коммуникативті 


33
қызмет атқара алады. Осыдан барып есімді сөйлемнің бір-бірінен 
айырмашылығы туындайды [16, 47 б.]. 
Есімді сөйлем мен етістікті сөйлемнің негізгі айырмашылығы – қай түрінің 
алғаш пайда болуы туралы біз жұмысымыздың бас жағында сөз қозғадық. 
Əрине, тарихи жағынан келетін болсақ, бұл екі сөйлемнің түрі адамдардың 
қарым-қатынасында ерекше қызмет атқарды, атқарып келеді. Көптеген 
авторлар тарихи жағынан есімді сөйлемдер бұрын қалыптасып, етістікті 
сөйлемдерсіз пайда болған деген пікірді қолдайды. Осы тақырып негізінде 
біршама пікірталастар да болды.
Н.Л. Марр: “Звуковая речь начинается не только со звуков, но и не со слов, 
частей речи, а с предложения, resp мысли активно, затем пассивной, т.е. 
начинается с синтаксиса, строя из которого постепенно выделяются части 
предложения, определявшиеся по месту их нахождения в речи» - деп ең 
алдымен есімді сөйлемнің пайда болуын жəне оның тілде алатын орны туралы 
осылай қорытындылайды [42, 55 б.]. 
В.В. Виноградов: “Глагол – самая сложная и самая емкая грамматическая 
категория русского языка. Глагол наиболее конструктивен по сравнению со 
всеми другими категориями частей речи. Глагольные конструкции имеют 
решающее влияние на именные словосочетания и предложения” - деп [31, 
337 б.], орыс тілінде етістіктің ең күрделі жəне ең ауқымды сөз табы екендігін 
атап өтіп, басқа сөз таптарымен салыстырғанда ең конструктивті жəне негізінен 
оның есімді сөз тіркестері мен сөйлемдерге əсер ететіне тоқталып өтеді.
Қазақ тіл білімінде А. Ысқақов етістіктің ерекшелігі туралы былай дейді: 
«Етістік – тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделісі жəне қарымы ең кең 
грамматикалық категория. Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның аса 
өрісті 
лексика-семантикалық 
сипатымен, 
бай 
лексика-грамматикалық 
формаларымен, көсіліңкі синтаксистік қызметімен тығыз байланысты». Ары 
қарай автор етістіктің лексика-семантикалық формаларының мағынасы да, 
синтаксистік қызметтері де көбіне сөйлемде, белгілі сөз тіркесінің ауқымында 
анық ашылатынын сөз етеді [43, 223 б.].
Ғалым Т. Ермекова «Қазіргі қазақ тіліндегі есім баяндауыштар» еңбегінде 
есім баяндауышты сөйлемнің негізгі ерекшеліктерін төрт түрлі мағыналық 
қатынас арқылы құрылатынын көрсетеді: «Тіліміздегі баяндауыш мүшені есім, 
етістікті деп бөлу баяндауыш қызметіндегі сөздің семантика-грамматикалық 
ерекшелігіне байланысты туындағаны белгілі. Тіл фактілерінде есім сөздердің 
баяндауыш қызметінде үнемі жұмсалып, берік орнығуы оның өзіне тəн ерекше 
белгілерін қалыптастырды. Белгілі бір ортақ грамматикалық сипаттарына 
қарамастан, есім баяндауышты сөйлемдер өзіне тəн құрылымдық-семантикалық 
белгілеріне орай, етістікті баяндауышты сөйлемнен де, атаулы сөйлемнен де 
ерекшеленеді. Есім баяндауышты сөйлемді етістікті баяндауыштан ажырататын 
басты белгісі – баяндауыш қызметіндегі сөздің семантика-грамматикалық 
ерекшелігі. Осы тұрғыдан келгенде, логикалық-грамматикалық сипаты 
жағынан етістікті баяндауышты сөйлемдер заттың, қимыл иесінің қимылға, іс-
əрекетке қатынасын білдірсе, есім баяндауышты сөйлемдер төмендегідей 


34
мағыналық қатынасқа құрылады [44, 51-52 бб.]. - деп автор ол түрлерін 
мысалдармен дəлелдейді.
«1. Субъект зат пен оның заттық сапасының қатынасын білдіретін 
сөйлемдер: Абай- ақын. Мұрат – өз ортасында абыройлы азамат. 
2. Субъект зат пен оның сындық, сандық сапасының күйінің қатынасын 
білдіреді: Əсіресе, төбесі жабық, бүйірі ашық, лапас маңы күйедей қап-қара. 
(М.Əуезов) Кілемнің əрқайсысы мың сомнан (А.Еспанов).
3. Қимыл-іс пен логиканың субъект-заттық қатынасын білдіретін 
сөйлемдер: Жанын сату – қателік. Уəдеде тұрмау-жаман. 
4. Қимыл-іс пен логикалық субъект- заттың заттық, сындық сандық 
қасиетіне күмəндануды, болжауды білдіреді. Сөйлеген Сағира шығар. 
Көргеннің сөзі шын болар. Мұндайда сөйлем баяндауышы зат, сын, сан есімге 
модальдік мəндегі сөздің тіркесуі арқылы жасалады» [44, 52-53 бб.]. Автор осы 
еңбегінің «Есім баяндауышты сөйлемнің негізгі ерекшеліктері» деген бөлімінін 
қорытындылай келе, мынадай тұжырым жасайды: «Бұдан байқағанымыздай, 
есім сөздерден болған баяндауыштар субъектінің заттық, сындық, сандық т.б. 
сапасын білдіреді. Бұл - оны етістік баяндауыштан ажырататын басты 
семантикалық белгісі» [44, 52-53 бб.].
Есімді сөйлемдер мен етістікті сөйлемдердің мағыналық сипаты бірдей 
емес. Егер етістікті сөйлемнің баяндауышы сан алуан амал, əрекет, іс, қимыл, 
қозғалыс, жай, күй сияқты процестерге қатысты ұғымдарды қамтиды, ал есімді 
сөйлемдерде баяндауыш қай сөз табынан жасалып тұрғанын, сол сөз табының 
заттық, сындық, сандық, мекендік т.б. мағыналарын білдіреді. Сонымен бірге 
əр сөз табының негізгі қасиетін ғана атаумен шектелсе, ал олардың 
əқайсысының ішкі ерекшеліктеріне қарай жеке-жеке талданады. Зат есімнің əр 
түрлі жалғаулар, септік жалғаулы, септік жалғауларына көмекші сөздердің 
түйдектелуі, осындай өзгерістер зат есімді сөйлемнің мағыналық жағын жан-
жақты түрлендіре түссе, сын есімнің əрбір шырай түрі сапалық, қатыстық түрі, 
сондай-ақ сан есім мен есімдіктердің де əрбір түрінде де осындай мағыналық 
ерекшеліктері бар.
Есімді сөйлем мен етістікті сөйлемдер айтуда интонацияның қатысына 
қарай да ерекшеленеді. Есімді сөйлемдердің баяндауышын айтуда дауыс 
ырғағы басым болатыны мəлім. Есімді сөйлемдердің баяндауышына арнайы 
екпін түсіріле, сол есім баяндауышқа назар аударыла түседі. 
Сын есім, сан есім, есімдікті баяндауышты сөйлемдерде зат есімге 
қарағанда синтаксистік қасиеті шектеулі. Сын есім, сан есім, есімдік сөз 
табынан болған баяндауыштар сөйлемнің соңында сөйлемді тиянақтап 
тұрғанында оларға бағыныңқы сөздер аз. Сондықтан да зат есімді 
сөйлемдерден гөрі сын есім, сан есім, есімдік баяндауышты сөйлемдер шағын 
сөзді, ойды тура айтуға құрылған сөйлемдер түрінде келеді.
– Есімді сөйлемдердің етістікті сөйлемдерден тағы бір айырмашылығы, 
егер есімді сөйлемдер алғашқыда пайда болып, басым болса, бара-бара етістікті 
сөйлемдер кең өріс алды.


35
– Есімді сөйлемдердің баяндауыштары зат есімді сын есімді, сан есімді, 
есімдікті болуымен қатар, кейде құрама баяндауышты сөйлемдерді де жəне бар, 
жоқ сөзді баяндауыштарды да есімді сөйлемге қосу арқылы оның аясы да, 
мағыналық ерекшелігі де арта түсетіні белгілі.
Біз осы уақытқа дейін бастауышы есім, баяндауышы етістікті 
сөйлемдердің байланысуы туралы үйренгенбіз. Ол үшін зерттеу нысаны болып 
отырған М. Əуезовтің роман-эпопеясынан алынған мына сөйлемдерді талдап 
көрсек:
1. Ол жасында найзагер батыр болған. 
2. Ол жағын Ұлжан ұқты.  
3. Менің əлі сізбен біраз сөйлескім келеді
4. Ол шынын білгіңіз келсе айтайын
Осы сөйлемдерде:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет