22
тілдерінің есімді баяндауыштарының грамматикалық ерекшеліктерін атап
көрсетеді.
Көне түркі тіліндегі жай сөйлем синтаксисінің де өзіндік ерекшеліктері
мол екендігін ғалым О.С. Сапашев «Көне түркі тіліндегі сөйлем мүшелері»
атты еңбегінде дəлелдеп, сөйлемнің баяндалу мақсатына қарай хабарлы,
сұраулы жəне модальды (лепті) сөйлемдер деп қарастырады. Мысалы, хабарлы
сөйлемге:
«
Талуйқа кічіг тегмедім» (КТк., 3)
«Теңізге сəл жетпедім».
Сұраулы
сөйлемге:
Қағаны мы қысайын тідім (Тұн.,5)
«Қаған сайласам ше? – дедім».
Модальды сөйлемге:
Қарағұ едгүтү ұрғыл (Тұн., 34).
«Қарауылды жақсылап
ұста». Жай сөйлем қай тілде болмасын екі басты құрамның синтезінен –
бастауыш пен баяндауыштан немесе субъект пен предикаттан тұрады.
Ескерткіштер тілін қарастыру барысында көне түркі тілінде есім
баяндауыштардың орныға бастағаны байқалады, яғни көне тілдің өзінде
предикаты есімнен болып келген сөйлемдер ұшырасады. Көне жəне қазіргі
түркі тілдерінің көпшілігіне тəн ерекшеліктің бірі – есімнен болған
баяндауыштардың жақтық көрсеткішсіз келуі. Түркі тілдерінде есім
баяндауыштың жақтық көрсеткіші жіктеу есімдіктерінің негізінде көрінеді.
Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: