Microsoft Word Послед doc



Pdf көрінісі
бет45/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   67
Байланысты:
treatise527

Жай сөйлем түрлері 
Хабарлы сөйлемдер: Тəкежан Абайдан екі жас үлкен. Ол Құнанбайға 
өкпелі. Биылғы күз аса салқын. Қоңыр күздің бүгінгі күні желсіз. Құнанбай 
айналасы көбінше үнсіз
Сұраулы сөйлемдер: -Ту, сарамас. Мынау неткен көз жоқ бетбақ еді? Кім 
тентек, кім мақұл? ... –Шіркін, Ербол! Неткен жақсы едің?
Бұйрықты сөйлемдер: -Бəрекелді! Сүйіндік аға, оныңыз жақсы ақыл! -
Есіттім, Абай! Өлеңіңіз жақсы екен! Құнанбайдың жері кеңір!.. 
Лепті сөйлемдер: Өмір сондай абзал ғой! -Япыр-ай, қандай сұлу!
Жалаң сөйлемдер: Үй жылы. Абай жалғыз. Аспан да ашық.
Жайылма сөйлемдер: Биылғы күз аса салқын. Қарауыл суы тентек. Үнсіз 
уайымдаған ана қаралы
Жақты сөйлемдер: Ауыл-үй маңы тап-таза. Қарт соқыр екен. Айнала 
бұлыңғыр. 
Болымды сөйлемдер: 
Қарт соқыр екен. Күн болса суық.
Болымсыз сөйлемдерЖайсыз суық емес
Толымды сөйлемдер: Бұл жайдың бəрін танып сезген Бөжей Құнанбайға 
қатты ашулы еді. Ол үйдегі Абайдың апасы Мəкішпен ерекше тату еді. 
Майбасар бұйрығына қатты ашулы. Олар жаңағы интернаттың төрт баласынан 
сəл қалқыңқы.
Толымсыз сөйлемдер: Ғайып қараңғылық жұтқандай. Түсі ойлы кісідей 
салқын. Ақсұр жүзі жабыңқы. Даусы соншалық зілді. Сөзі сондай салмақты
Диалог жағдайында: -Япырай, қандай сұлу! -Айтқаным айтқан, жазықтысың 
арамсың ... –Көріп, біліп келдік. Кəмшат ауру. 
Құрмалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлем туралы ой қозғаған А. Байтұрсынұлы, 
Қ. Жұбанов, С.Аманжолов, Н. Сауранбаев,Т. Қордабаев, Р. Əмір, Қ. Есенов, 
Т. Сайрамбаев, Б. Сағындықұлы, С. Айтжанова жəне т.б. ғалымдардың 
еңбектерінде есімді сөйлемдер туралы сөз болмаған. Профессор Т. Қордабаев 
өзінің «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі» деген еңбегінде 
құрмаластың баяндауыштарына ерекше назар аударады.
Профессор Т. Қордабаев: «Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің тек өзіне ғана 
тəн меншікті баяндауыш формасы жоқ, қалыпты тиянақты жай сөйлемдерде 
баяндауыш қызметінде қолданылатын сөз таптарының, формалардың қай-
қайсылары болса да жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттерінің 
баяндауыштары бола алады. Мысалы: Өзінің барғаны дұрыс, істі қолма-қол 


83
бітіреді (Ғ. Сланов) [12, 46-47 бб.]. Біз бұл еңбектен тек сапалық сын есімі 
дұрыс арқылы жасалған мысалды беруді жөн көрдік. Қ. Есеновтің «Құрмалас 
сөйлем синтаксисі» атты еңбегінде баяндауышы сапалық сын есімнен жасалған 
сөйлем кездеседі. - Сиырымыздың, тұқымы да жақсы, бабы да келіскен екен 
(Ғ. Сланов). Бұл мезгілдес салалас құрмалас сөйлемнің бірінші сыңарының 
баяндауышы жақсы сапалық сын есімнен жасалған. Осы туралы автор: 
«Синтаксистік компоненттердің баяндауыштары осылайша есім сөздерімен 
берілгенде, бұларда мезгілдестік қатынастан гөрі санамалай айту мəні басым 
болады», - деп есімді құрмалас сөйлем туралы қысқаша ғана айтып кетеді, бірақ 
жеке тақырып ретінде қарастырмайды [12, 21 б.]. Салалас сөйлемдерді сын 
есімді баяндауыштарына қарай мынандай топтарға бөліп қарастыруға болады: 
- Бірінші сыңары сын есімді салалас; 
- Екінші сыңары сын есімді салалас; 
- Екі сыңары да сын есімді салалас. 
–Баяндауыштары сын есімді құрама баяндауыштар. Жалпы сын есімді 
салалас сөйлемдерді,сондай-ақ таза жəне құрама баяндауышты есімді салалас 
сөйлемдер деп бөлуге болады. 
Салалас құрмалас сөйлем түрлері: 
- мезгілдес (ыңғайлас) салалас; 
- себептес салалас; 
- қарсылықты салалас; 
- талғаулы салалас; 
- кезектес салалас; 
-түсіндірмелі салалас; 
- салыстырмалы салалас; 
-шартты салалас. 
Осы аталған салаластардың ішінде мезгілдес, себептес пен: қарсылықты 
түрлері əрі жалғаулықты, əрі жалғаулықсыз, ал талғаулы мен кезектес салалас 
сөйлемдер үнемі жалғаулықты болып келсе, түсіндірмелі, салыстырмалы
шартты түрлері жалғаулықсыз болып келеді [17].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет