84
Қарсылықты салалас:
Бірақ, үні
зор, лебі
екпінді,
батыл. Бұл сөйлемнің
екі сыңарының баяндауыштары да сын есімдер арқылы жасалған. Қатыстық
сын есімді қарсылықты салалас: -ті - жұрнағы арқылы жасалған баяндауыш.
Құнанбай кейінгі күндері ешкімнің көңілін абыржытқандай ештеңе айтқан
жоқ, сөйтсе де Зеренің күрсінуі
күшті. Қанша дегенмен қырдың қара заңынан,
мұсылманның қожа, молласының шариғатынан Россияның заңы адамға
мейрімдірек,
рахымдырақ қой. Бұл сөйлемнің екінші сыңарының баяндауышы
салыстырмалы шырай тұлғасында келген
мейрімдірек,
рахымдырақ қатыстық
сын есімдеріне
қой нақтылық шылауының тіркесуі
арқылы жасалған құрама
баяндауышты салалас.
Аласа, тықыр, бірақ тығыз бетегемен жайнаған. Бірінші
сөйлемнің сыңарының баяндауышы бірыңғай сапалық сын есімдер болып
келген.
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас: Шам өшсін -өшпесін, Абайдың көз
алдына қазіргі мезгіл, бұл сəт
самаладай жарық. Бұл сөйлемнің екінші
сыңарының баяндауышы күрделі сын есім арқылы жасалған.
Талғаулы салалас: Көпшілігі
қара қас, қара көз, қоңырқай қызғылт, немесе
ақшыл қызғылт жүзді. Бұл сөйлемнің екі сыңарының да баяндауыштары
күрделі сын есімдер арқылы жасалған. Көбінің жүзі
ақшыл, не
қызғылт
сарғыш. Бірінші сыңарының баяндауышы салыстырмалы шырай арқылы
жасалса, ал екінші сыңарының баяндауышы
салыстырмалы шырайда тұрған
күрделі сапалық сын есімдер.
Түсіндірмелі салалас: Осымен бар ынтымағын Құнанбайға бағындырған
жиырма ауыл: дəл бір
ұялас бөрідей. Анау көрініп тұрған төскейдің сай-саласы,
бие бауы, ауыл қонысы, қой өрісі – барлығы да
соншалық таныс,
жақын.
Күлкісінің үні соншалық сыңғыраған, сонша бір
мөлдір, нəзік еді.
Сабақтас құрмалас сөйлем
Сын есімді қарсылықты бағыныңқылы сабақтас: Сүйекті денесі əлі де
қапсағай,
зор болғанмен, бет ажымы
мол. Бұл сөйлемнің бағыныңқы
сыңарының баяндауышы сапалық
зор сын есімі мен –
ған тұлғалы
бол
етістігінен жасалса, басыңқы сыңарының баяндауышы сапалық
мол
сын есімі
арқылы жасалып тұр Орта жасты адам болса да, əлі біткен
кісідей. Басыңқы
сыңарының баяндауышы -
дей жұрнақты қатыстық сын есімнен жасалған.
Шыңғыстың қара желі өзге уақыттың бəрінде
жақсы болғанмен, дəл күздігүні
жайсыз-ақ. Бағыныңқы сыңары сын есім мен есімше тұлғалы көмекші етістікті
болып, басыңқы сыңары қатыстық
жайсыз сын есімі жəне -
ақ күшейткіш
шылауының түйдектелуі арқылы жасалған.
Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас: Қазірде Абай көңілі қандай
салқын болса, Ділдə да сондай
жалынсыз. Бағыныңқы сыңарының баяндауышы
салқын болса сапалық сын есім мен шартты райлы
бол көмекші етістігінің
тіркесуі арқылы жасалса, басыңқы сыңарының баяндауышы
жалынсыз
қатыстық сын есімді болып келуі арқылы жəне олардың алдында
қандай,
сондай сөздерінің келуі салыстырмалы мағынаны білдіріп тұр. Абай өзі қандай
шарасыз болса, олар да
сондай. Бұл сөйлемнің бағыныңқы жəне басыңқы
сыңарларының баяндауыштары есімді болып келген, бағыныңқы сыңарының
85
баяндауышы
-сыз жұрнақты қатыстық сын есім мен шартты райлы
бол көмекші
етістігінің тіркесуі арқылы жасалған.
Мезгілдес (ыңғайлас) бағыныңқылы сабақтас: Үлкен жазық маңдайы ақыл
бейнесін аңғартса, түксиген қабақ астындағы қисық,
қиғаш көздері ерекше
суық. Басыңқы сыңарының баяндауышы ерекше суық күрделі сын есімнің
түйдектелуі арқылы жасалған. Жас қыз кірген кезде, қатып қарап қалған
Абайдың реңі
тіпті жат еді. Басыңқы сыңарының баяндауышы асырмалы
шырай мен сапалық сын есімге
еді көмекші етістігінің түйдектелуі арқылы
жасалған.Тымағын алғанда, сұлу біткен кесек жүзі
салқын еді.
Себеп бағыныңқылы сабақтас:
Дəл кірер жері
тар болғандықтан, Көкбай
бастаған жігіттер бірінің артынан бірі тізілді. Бағыныңқы сыңарының
баяндауышы сапалық
тар сын есім мен есімше тұлғалы -дықтан қосымшалы
бол көмекші етістігінің тіркесуі арқылы себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем
құрып тұр.
Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас: Досыңа, қатын-балаңа
қатты боп,
қайда барасың өзің
? Бағыныңқы сыңарының баяндауышы сапалық
қатты сын
есімі мен көсемше тұлғалы
бол көмекші етістігінің түйдектелуі арқылы
жасалған. Жеңіл пешпет ішік киіп, білегін сыбаныңқырап алған Ызғұтты
аңшыдай шапшаң, ықшам. Басыңқы сыңарының баяндауышы
аңшыдай
шапшаң, ықшам бірыңғай сын есімдерінің түйдектелуі арқылы жасалған.
Шартты бағыныңқылы сабақтас: Ырғызбаймен салысса, Жігітекте де
қоныс
аз, өріс
тар. Басыңқы сыңарының баяндауышы
аз, тар бірыңғай
сапалық сын есімдері арқылы жасалған. Ірі қара дегенде сиыр болса, ол кесел
қойдан да
жаман екен. Басыңқы сыңарының баяндауышы
жаман сапалық сын
есімі мен көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалған. Жалғыздық пен осы
қаралылық иықтан баспаса, өмірдің мұны мойытар өзге күші
жоқтай. Басыңқы
сыңарының баяндауышы
жоқтай қатыстық сын есімі арқылы жасалып тұр.
Көп бағыныңқылы сабақтас: Ал, бүгінгідей қысылған шағында, мынандай
апат, ауыртпалық көрген шағында, қаншалық
əлсіз,
осал. Басыңқы сыңарының
баяндауышы бірыңғай сын есімдерінен жасалған. Бірақ, осы күндер бойында
Абай əн салып, қалжың айтып, келелі кеңес те сөйлеп жүргенмен,
өз ішінде
жабырқау. Басыңқы сыңарының баяндауышы
жабырқау сын есімінен
жасалған. Құлағында үлкен алтын сырғасы ырғалып келе жатқан Тоғжан,
мынау ат үстінде, мынадай топ қыздың тап ортасында, дəл көп жұлдыз
арасындағы
Шолпандай. Басыңқы сыңарының баяндауышы
-дай жұрнағы
арқылы жасалған
Шолпандай теңеулік мағынаны білдіретін қатыстық сын есімі
арқылы жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: