Microsoft Word Послед doc


Реттік сан есім мен нумеративті сөздер



Pdf көрінісі
бет48/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   67
Байланысты:
treatise527

Реттік сан есім мен нумеративті сөздер
: Мұнда келгелі биыл бесінші 
жыл. 
Тəуелдік жалғаулы есептік сан есім мен көмекші етістік: Байтастың мінгені 
Құнанбайдың қара жал бурыл аты, дəмелі бəйге аттың бірі еді. Кешелер ол да 
Құнанбаймен араз кісінің бірі еді. 
Болжалдық сан есімдер: 
Барлық жиын – елу қаралы еркек, отыз-қырықтай қатын. Есептік сан 
есім сөздері қосарланып, -тай қосымшасы жалғануы арқылы болжалдық сан 
есімі туып тұр. 


87
- Құрама баяндауыштағы көмекші етістіктер: Есім баяндауыштарға да 
өткен шақтық мəн беріп, олардың баяндауыштық қызметін айқындай түсетін 
көмекші етістіктің бірі - еді. 
– Болжалдық сан есім мен көмекші етістік: Иіс жинап топтаған қой саны 
елудей еді. 
Сан есім мен көмекші етістік. Көмекші етістіктер сан есімдермен тіркесіп 
құрама баяндауыш жасайды. Осылай көмекші етістіктер сан есімдерге түрлі 
шақтық мағына берумен бірге сан есімдердің сөйлемді тиянақтау қасиетін 
барынша нақтылай түседі. 
Көптік жалғаулы болжалдық сан есім мен көмекші етістік: Сөйтіп, 
кеңес аяғында підиясының өзі талай тоғыз болып саналды. Бас тоғызы түйе, 
екінші тоғызы жылқы, аяғы қой, ешкі тоғыздары жəне ішек-кілем сияқты 
тоғыздар еді.
-Күрделі болжалдық сан есім мен көмекші етістік: Бұлар беттеген қалың 
топ үлкен үйлер он шақты еді. 
- Жинақтық сан есім мен көмекші етістік: Төрдегі бөлмелер екеу еді.
- Жинақтық сан есім мен -ақ демеулігі арқылы: Күткені, тісін басқаны 
біреу-ақ. 
– Сан есімдер құрама баяндауыштың негізгі сыңарында тəуелденіп келген: 
Мен осыны тосқан əкенің, ағаның бірі едім!.. – деп, Абай бұл əңгімеге 
қанағаттана алмай, үндемей қалды. 
Баяндауышы кейбір сан есімді тіркестерімен айтылады: 
Шығынды өз қолдарымен үлестіріп отырған топтардың қайсысын көрсең 
де, əдет-мінездері бір-ақ түрлі
Ұлы ана, қарт əжеден айрылғандық, оның орнының қаңырап қалғандығы 
бір дерт
Келсе, Балағаздың көзі ұйқыда жатыр екен. Бар жігіт тегіс бейқам. Жиыны 
он адам
Орталық тұста Кəрім дейтін момындау саудагер бар еді. Балалары жоқ, 
ерлі-қатынды екі бас.
Өзінің де ең жақсы көретін туысқаны Абай еді. Екеуінің арасы – 5-6 жас.
Жыл сайын, ай сайын, кейде, тіпті күн сайын көргеніміз бір тепкі
Жоғарыда айтылған сөйлемдердің баяндауыштары – баяндауыш 
қызметіндегі тіркестің алдыңғы компоненті – есептік сандардан, соңғы 
компоненті дерт, адам, бас, жас, тепкі зат есімдерінен жəне түрлі сын есімінен 
тіркесіп жасалған. 
– Есептік сан есімдер нөлдік тұлғада жұмсалумен бірге септік жалғауда 
тұрып та сөйлемді тиянақтай алады. Септік жалғаулы сан есімдер негізінде 
сөйлемнің ішінде (ілік септіктен басқасы) заттанып барып толықтауыштық 
қатынаста немесе мезгілді т.б. білдіру арқылы пысықтауыштық қатынаста 
жұмсалумен бірге сөйлемнің соңында тұрып, баяндауыш қызметінде сөйлемді 
тиянақтай алады. Сан есімдер барыс, жатыс, шығыс, септіктерінде сөйлемді 
тиянақтап есімді сөйлемдер жасай алады.


88


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет