96
Сондай-ақ, осындай ерекшеліктері мол, тілімізде төтенше қызмет
атқаратын бұл сияқты сөздерді біржола атаусыз қалдыруға, болмаса басқа сөз
таптарымен шатастыруға болмайтынын айта келіп, ғалым оны өз алдына жеке
сөз табы ретінде тану керектігін дəлелдейді.
«Наречие в
современном казахском языке» деген еңбегінде А. Ысқақов
көмекші есімдерге жеке тоқталып, қазақ тіл білімі үшін көмекші есімдердің əлі
шешімін таппаған мəселе екенін атап көрсетеді. Əлі де болса ғылыми
грамматикаларда бұл сөздердің үстеулер ретінде танылып жүргенін айта келіп,
ғалым көмекші есімдердің ерекшеліктерін, олардың қолданыстағы екі түрін
көрсетеді: тура түрде қолданылуы жəне тəуелдеулі түрде қолданылуы. Көмекші
есімдер тура түрінде өзінің лексикалық мағынасын жəне дербестігін сақтай
отырып, жатыс, барыс, шығыс септіктерінде қолданылатындығын, сөйтіп бұл
жағдайда олар үстеулер болып табылатындығын мысалдармен келтіреді.
«Шахтаның біреуі алда, біреуі кейін» (Шашубай) [63].
Тəуелдеулі түрдегі көмекші есімдер туралы ғалым былай деп жазады: «Те
же слова в притяжательной форме весьма часто употребляются в
сочетании с
предыдущим именем родительного падежа, однако, при этом они
функционируют служебно; в силу зависимости от предыдущего имени (слова)
семантически они обезличены, зависимы, неполновесны. В
этом сочетании
служебные имена как бы выступают в качестве части предыдущего слова, его
оформителя и уточнителя подобно вспомогательным глаголам в казахском
языке, но несколько в
ином плане (сравните, есіктің алды – перед домом).
Лексическая несамостоятельность подобных слов особенно ярко проявляется
там, что они синтаксически без предыдущего слова (в род. падеже) не могут
быть самостоятельным членом данного предложения, а выступают только в
сочетании с предыдущим словом как один сложный член (обстоятельство), так
как подобные служебные имена являются оформителями целого сочетания в
одном из локативных падежей. 1. Көрікті Отан алдында, ақын жырын үйеді
(Жамбыл). 2. Ұлы жиын алдында, сөз сарапқа салынар (Жамбыл).
В
этих примерах сочетания Отан алдында жиын алдында служит только
одним сложным членом предложения, слово алдында выступает служебно,
выполняя функцию русского предлога перед. Поэтому назвать их наречиями
нельзя, их можно считать служебными именами, находящимися между
самостоятельным обычным именем с
его полновесной лексической
семантикой» [63].
«Қазақ тіліндегі сөздерді таптастыру туралы» [64] деген мақаласында
А. Ысқақов сөздерді мағыналық, тұлғалық жəне функциялық ерекшеліктеріне
қарай белгілі топтарға бөліп саралап қарастырады. Бұл жерде көмекші есімдер
«көмекші сөздер» тобында қарастырылады. Көмекші сөздерді ғалым алдымен
мағыналық жəне тұлғалық ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөледі:
1) көмекші сөздер;
2) шылау сөздер.
А. Ысқақов осы еңбегінде көмекші сөздер туралы: «Көмекші сөздер,
тіліміздегі басқа категориялардың дамығаны сияқты, бастапқы кезде
97
материалдық дербес мағынасы бар сөздерден шыққан. Мысалы, Үй сыртында,
ішінде, келетін шығар, жығыла жаздады» дегендердегі «сыртында, ішінде деген
сөздер есімдерден шыққан да, «шығар, жаздады» деген сөздер етістіктен
шыққан. Бұл сияқты сөздердің көмекші сөздерге айналғандықтарын, олардың
өздеріне тəн сөздің екпіні жоқтығынан жəне соған сəйкес айтылуда өздерінен
бұрынғы негізгі сөзге қабысып жатқандықтарынан да көруге болады. Сөйтіп,
ғалым көмекші сөздерді шығу төркіндеріне, қызметтеріне жəне түрлену
ерекшеліктеріне қарай ішінара екі топқа бөледі:
а) көмекші есімдер
б) көмекші етістіктер
Көмекші есімдердің үнемі тəуелдеулі формада жұмсалатынын, сөйлем
талабына қарай белгілі бір септік жалғаулы формада келетінін, олардың мағына
жағынан жəне қызметі жағынан (тəуелдену, септелу, т.б.) есімдерге ұқсас
келетінін атап көрсетеді. Сондай-ақ ғалым тілдегі сөздерді осылай негізгі
семантикалық жəне грамматикалық топтарға бөлудің, сөз топтарының
таптастырылуы үшін жəне мектеп, ғылыми грамматикаларының жетік
меңгерілуі үшін маңызының зор екенін айтады. Жоғарыда аталған
мақалалардағы пікірлерін жинақтай келіп, А. Ысқақов 1952 жылдан бастап
«Қазіргі қазақ тілі» атты ғылыми грамматикада бұл сөздерді көмекші есімдер
деген атпен жеке тарау етіп бере бастады [65].
Ғалым Қ. Қадашева «Көмекші сөзді сөйлем мүшелері» деп аталатын
ғылыми еңбегінде қазіргі қазақ тілі грамматикаларында көмекші сөздерді
морфологиядан гөрі синтаксисте қарастыру керек деген пікір ұсынады [66].
Біз өз жұмысымызда «Абай жолы» роман-эпопеясында көмекші есімдердің
құрама баяндауышты есімді сөйлемдердің құрамына еніп көмекші
компоненттер есебінде жұмсалуы туралы айтпақпыз.
Көмекші есімдер үнемі тəуелдік жалғаулы түрде қолданылады да, оның
алдында толық мағыналы негізгі есім сөзі ілік септік жалғауының не ашық
түрінде, на жасырын түрінде қолданылады. Көмекші есімдер ілік жалғауының
жасырын түрімен тіркесе айтылғанда, өз алдына жеке сөйлем мүшесі болмай,
өзінің алдындағы қабыса байланысқан сөзбен бірігіп, күрделі мүше болып
келеді. Мысалы, Біз олармен
ат үсті амандастық. Осы сөйлемдегі
ат үсті
деген тіркес қалай амандастық? деген сұраққа жауап беріп, пысықтауыш болып
тұр.
Мектеп іші оқушылардың күшімен əшекейленді.
Мектеп іші деген тіркес
күрделі бастауыш болып тұр.
Құдық басында, кешкі
ауыл сыртында, от
Достарыңызбен бөлісу: