109
сөйлемді нақты тиянақтайды: Соның екі
жағасы селдір біткен аласа тоғай.
Ақбоз аттың тоқым-көпшігі де
аппақ.
-есімдер, шылаулар, (демеуліктер) көмекші есім,
көмекші етістіктің
түйдектелуі арқылы жəне модаль сөздің қатысы арқылы тиянақтылық
нақтылана түседі: Шаң ғана емес, адырдың
құлай берісінен селдей қаптап,
жосытып келе жатқан қалың
қол екен. Бөжей өкпесінің басы
осы еді ғой.
Ұзынша
боп біткен, қоңырқай көздері
саналы сияқты. Күткені, тісін басқаны
біреу-ақ. Бірақ, атадан бала, баладан нəсіл сол көргеннен өнеге алары бар ма?
Абай мұның не қылғанын байқаған
жоқ еді.
-нікі, -дікі қосымшасы арқылы:
- Бұйрық ұлықтікі.
Құнанбай мен
Майбасардікі...
Сөйлемді тиянақтауда бұл топтар зат есімді, сын есімді,
сан есімді,
есімдікті, «бар», «жоқ» сөздері арқылы жасалған баяндауыштарда жəне құрама
баяндауыш түрінде əр түрлі деңгейде қолданылады.
-Роман-эпопеяда есімді жай сөйлем мен есімді құрмалас сөйлемдер тең
дəрежеде деп айтуға болады.