Жауабы: Меңзер, құжат, нышан, жиектеме, үтір, байрақ, файл, перне, принтер, пернетақта, көшіру, тізім, тасымалдау, жол, мәтін, сақтау, үзінді.
4-мысал. Информатика пәні бойынша оқушылардың білімін бақылау үшін ақпараттық диктант жазғызуға болады. Ол үшін компьютердің құрылғыларының аттары қағазға жазылып қара жәшікке салынып қойылады. Оқушылар диктант жазып болғаннан кейін қара жәшікті ашып, бірін-бірі тексеріп, бақылау парағына сәйкесінше бағаларын қояды.
Ақпараттық диктанттың нұсқасы: 1-нұсқа:
Графикалық және мәтіндік ақпаратты бейелеуге арналған компьютердің құрылғысы (монитор).
Ақпаратты енгізуге арналған оптиакалық құрылғы (сканер).
Цифрлық форматта бейнесуреттерді алуға мүмкіндік беретін ақпаратты енгізу құрылғысы (цифрлық камера).
Ойын манипуляторы (джойстик)
Ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғы (принтер).
2-нұсқа.
Сандық және мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған құрылғы (пернетақта).
Дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы (микрофон).
Күрделі графикалық объектілерді шығаруға арналған құрылғы (плоттер).
Телефон желісі арқылы компьютерді басқа компьютерлермен байланыстыру үшін қолданылатын құрылғы (модем).
Ақпаратты магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы (стример).
5-мысал. «Ең көп кім?» ойыны. Белгілі бір уақыт аралығында оқушыларға өтілген тақырыптың терминдері бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар оған тез арада жауап беріп үлгерулері керек. Бұл ойында тек қана өтілген тақырып бойынша ғана емес, сонымен қатар алдыңғы өтілген сабақтағы терминдерді де қайталатып шығуға болады.