Жұмыстың тақырыбы: «Plickers, Kahoot, Socrative онлайн сервистерінің көмегімен математикадан оқушылардың білімін бағалау тапсырмаларын жасау» атты топтық тапсырма Жұмыстың мақсаты: «Plickers, Kahoot, Socrative онлайн сервистерінің көмегімен математикадан оқушылардың білімін бағалау тапсырмаларын жасау» атты топтық тапсырманы орындау
Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Әр топшаның ішінен тағы да 3 топшаға бөліну керек
Әр топша таңдап алған онлайн сервистері бойынша өздеріне ат қояды
Өздерінің логотипі болады
Спикерін сайлап алады
Топтың ережесін бекітеді
Топ мүшелерінің жасайтын жұмыстарын бөліп алуы
Топшалардың алдына қойылатын проблема: Plickers, Kahoot, Socrative онлайн сервистерінің біреуінде оқушылардың білімін бағалау тапсырмаларын жасап, оны өткізу алгоритмін мәтіндік редакторда сипаттап жазу.
Жасалған алгоритмді топтың басқа топшасына сараптан өткізіп, нәтижесін беру.
Оқытушыға тапсырманың 7-бөлімінде жасалған (1,2 пункттер) жұмыстары бойынша есеп беру (презентация немесе мәтін түрінде)
Әр топ өздерін-өзі жасаған жұмысына қарай бағалап, бағасын спикер практикадан беретін оқытушыға жібереді.
Оқытушы жіберілген есептің толықтығына қарай бағалайды
Тапсырманың бағалануы:Әр бір студентке нұсқалар бойынша бір тапсырмадан беріледі. Өзіндік жұмысты толық және қатесіз орындағандар жалпы – 13 балмен бағаланады.
№6 СӨЖ
Жұмыстың тақырыбы: StoryJumper – онлайн оқулықтар жасау сервисінің көмегімен математикадан «ертегі кітапша»
Жұмыстың мақсаты: онлайн режимінде кітаптар жасау сервистерімен танысып, осы сервистің біреуінде математикадан оқушыларға арнап 4-5 беттен тұратын ертегі кітап жазу.