Миға тұтқиылдап шабуыл жасау технологиясы


Перспективті жылдамдата оқыту технологиясы (Н.С.Лысенкова)



бет11/14
Дата01.12.2022
өлшемі9,35 Mb.
#54093
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Лекция тапсырма (2) (2)

Перспективті жылдамдата оқыту технологиясы (Н.С.Лысенкова)
Жылдамдата оқыту – бұл қарапайым кәдімгі тақырыптық бағдарлама тізбегіне көмекші құрал. Мұнда жаңа тақырып оқу бағдарламасында берілген уақытынан бұрын әр сабақта қысқаша түсіндіріліп отырады. Бұл толықтыру уақытты үнемдеу және оқушыларды үнемі жаттықтыру арқылы жаңа материалды тез игеруге жол ашады.
Түсіндіре басқару - әрбір оқушыны іске жұмылдыратын сабақтың қозғаушы күші. Мәселен, жақсы оқитын оқушы түсіндіріп тұрады, ал қалғандары өздерінің күш-жігерін жұмсап, оған ілесіп отыруға тырысады. Ал егер әлсіздеу оқушы түсіндірсе, ол да жауапкершілікті сезінеді, өйткені ол бүкіл сыныпты жетелеп жолдастарын соңынан ертіп отыруы керек.
Түсіндіре басқару үш түрлі әрекетті ойлаймын, айтамын, жазамын қатыстыра отырып, оқу еңбегін ойлы етуге мүмкіндік береді және сонымен бірге кері
байланысты қамтамасыз етеді.
Мұғалімнің оқушылардың білім дәрежесін қадағалап, артта қалушылықты дер кезінде байқауына, білім мен білікті меңгеруде ілгері болуын қамтамасыз етеді. Тірек үлгілері, немесе жай ғана сүйеніштер дегеніміз сабақты түсіндіру сәтінде оқушылардың көз алдында туындап, кестелер, карточкалар, әшекейлік полотно, сызбалар, сурет түрінде көрінетін тұжырымдар. Үлгілермен жұмыс істеудегі маңызды шарт – сабақта ілініп тұрмай, үнемі іс- әрекетке қосылуы тиіс. Сонда ғана олар мұғалімнің жақсы оқытуына, оқушылардың оңай оқуына көмектеседі.
С.Н.Лысенкованың технологиясы тірек сигналдарын пайдалана отырып, перспективалық-жеделдете оқытудың
Мақсаты:
Білім, білік, дағдыны меңгерту, қалыптастыру;
Мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру;
Оқушылардың барлығын табысты оқыту.
С.Н.Лысенкованыңоза оқыту технологиясы қиын материалды әр сабақта
үзік-үзік түрде беру арқылы меңгертуді мақсат етеді. Бір оқушы берілген
тапсырманы қалай орындайтынын дауыстап айтып отырып жасайды.
Қалғандары да осы тапсырманы тыңдап отырып, орындайды.Тапсырманы
бұлай орындату нашар оқитын оқушыға қиындық тудырмайды деп
есептеледі. Оқушылар арасында:
-педагогикалық ынтымақтастық;
-тұлғалық қарым-қатынас;
-оқу материалының мазмұнының жүйелілігі, бірізділігі;
-материалдардың сабақтастығы;
-саралау,әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы;
-білетін оқушы арқылы , білмейтін оқушыны оқыту;
-бірте-бірте толық дербестікке жету;
Ерекшелігі:
*Болашақ білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала енгізу;
*жаңа ұғым, түсінікті нақтылау, қолдану;
*оқу әрекеті мен ойлау қисынының жылдамдығын дамыту;
*үйге тапсырма жаңа материалдар бойынша тек әркімнің өзіндік *жұмыс орындау үшін, тиімділігіне қарай беріледі;
*ережелерді түсінбей жаттауға оқушыларды дағдыландырмау;
*ата-аналардың өзара әрекет жасауы;
*оқу жылдарының аралық байланысы;
*мұғалімге оқушыны үйретуге, ал оқушының үйренуіне мүмкіндік берілуі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет